Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Узункольского сельского округа Узункольского района Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Узункольского сельского округа Узункольского района Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 288
- Қабылданған күні
- 20.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 03.03.2020 89207_448085.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NS005572
- ЭКБ идентификаторы
- 89207
- Редакция идентификаторы
- 89207_448085
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:59
0 Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы
Ұзынкөл ауылдық округінің
бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізудің қағидаларын
және жергілікті қоғамдастық
жиынына қатысу үшін ауыл
тұрғындары өкілдерінің сандық
құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 - бабының 6-тармағына және 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі
__________________ К. Кусаинов
2015 жылғы 20 наурыз
4 Мәслихаттың
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 288 шешімімен бекітілген
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл
ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізудің қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 – бабының 6-тармағына, 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Ұзынкөл ауылдық округі ауылдары тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2 2. Ұзынкөл ауылдық округінің аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3 3. Бөлек жиынды Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі шақырады.
Ұзынкөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5 5. Ұзынкөл ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Ұзынкөл ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7 7. Бөлек жиынды Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ұзынкөл ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ұзынкөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ұзынкөл ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.
17 Мәслихаттың
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 288 шешіміне қосымша
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл
ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу
үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны
(адам)
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл ауылдық округі Ұзынкөл ауылының тұрғындарына
418
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл ауылдық округі Вершковое ауылының тұрғындарына
7
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл ауылдық округі Есмырза ауылының тұрғындарына
13
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл ауылдық округі Павловка ауылының тұрғындарына
19