Құжат мәтініне өту

О предоставлении гражданам Мангистауской области бесплатного проезда за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств

Өзге акт · № 23/376 · қабылданған 17.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89228/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О предоставлении гражданам Мангистауской области бесплатного проезда за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств Күшін жойған Өзге акт ·№ 23/376 ·17.03.2015
10.12.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении гражданам Мангистауской области бесплатного проезда за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств

Күшін жойған Өзге акт ·№ 23/376 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении гражданам Мангистауской области бесплатного проезда за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств
Атауы (қаз.)
Бюджеттік қаражат есебінен елді мекен шегінен тысқары жерлерде емделу үшін Маңғыстау облысы азаматтарына тегін жол жүруді ұсыну туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
23/376
Қабылданған күні
17.03.2015
Көрсетілген редакция
10.12.2019 89228_431990.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15M0002694
ЭКБ идентификаторы
89228
Редакция идентификаторы
89228_431990
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:05

0 Бюджеттік қаражат есебінен елді мекен

шегінен тысқары жерлерде емделу
үшін Маңғыстау облысы азаматтарына
тегін жол жүруді ұсыну туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Уәкілетті органның медициналық көрсеткіштері бойынша дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының анықтамасы болған жағдайда, елді мекен шегінен тысқары жерлерге емделуге жіберілген Маңғыстау облысының азаматтарына және оның аумағында тұратын оралмандарға, сондай-ақ науқасты алып жүруші тұлғаға (бір адамнан аспау керек) тегін жол жүру құқығы берілсін.

2

2. Республикалық медициналық мекемелерде жоғары мамандандырылған медициналық көмек алған жағдайда, науқастың және оны алып жүруші тұлғаның барып-қайту жол жүру құнын төлеу жүргізілсін. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша комиссиясының шешімімен мамандандырылған медициналық көмек алуға жіберілген науқастың теміржол көлігімен жүрген шығыны өтелсін.

2.1 2.1. Уәкілетті органмен жіберілген науқасты ауруханаға жатқызудан бас тартылған жағдайда, жол жүру шығыны республикалық медициналық ұйымының шығару үзіндісіз өтелсін.

3

3. Медициналық көрсеткіштер бойынша елді мекен шегінен тысқары жерлерге жіберілген науқастар және оны алып жүруші тұлғалар (бір адамнан аспау керек) темір жол көлігімен жол жүрген жағдайда, плацкарттық (купелік) вагондардың тарифі бойынша көрсетілген темір жол билеттеріне сәйкес барып-қайту жол шығындарын төлеу жүзеге асырылады.

4

4. Медициналық көрсеткіштер бойынша елді мекен шегінен тысқары жерлерге жіберілген науқастар және оны алып жүруші тұлғалар (бір адамнан аспау керек) дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының қорытындысыз әуе көлігі арқылы ұшатын жағдайда, жол шығындарын төлеу темір жол көлігінің плацкарттық вагоны билеттері құнынан аспайтын мөлшерде жүргізіледі.

5 5. Дәлелдейтін жол құжаттары болмаған (жоғалту, ұрлату) жағдайда, барып-қайту төлемі билет сатып алынған темір жол (әуе) кассасы берген анықтамасы бойынша, уәкілетті орган басшысының шешіміне сәйкес жүргізіледі.

6 6. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек алуға жіберілген науқас қайтыс болған жағдайда, алып жүруші тұлғаға табытты мәйітімен бірге тасымалданғаны үшін көлік шығыны – 20 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде жол шығыны өтелсін.

7 7. Облыстық клиникаға қаралуға және кеңес алуға жолданған облыстың жүкті әйелдеріне және ерекше жағдайда алып жүруші тұлғаға (бір адамнан аспайтын) темір жол көлігімен жол жүруге шығындары өтелсін.

7-1

7-1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, оларға теңестірілген тұлғаларға: басым түрде интернационалист жауынгерлерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияны жоюшыларға Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің «Қазақстан» санаториясы» акционерлік қоғамында, Алматы қаласының республикалық клиникалық госпиталінде және Астана қаласының Орталық клиникалық госпиталінде медициналық оңалтуды көрсету үшін мамандандырылған медициналық көмек түрінде екі жаққа плацкарттық немесе купелік вагондарына сәйкес ұсынылған темір жол билеттерінің тарифы бойынша темір жол көлігімен көлік шығындарын өтеу жүзеге асырылсын. Әуе көлігімен ұшқан жағдайда төлем темір жол көлігінің плацкарттық вагоны билеттерінің құнынан аспайтын мөлшерде жүргізіледі.

8 8. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

9 9. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының денсаулық
сақтау басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Р.Ф. Бектубаев
17 наурыз 2015 жыл

Қолданыстағы