Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения квалификационного экзамена лиц, претендующих на право занятия оценочной деятельностью

Бұйрық · № 382 · қабылданған 26.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89246/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения квалификационного экзамена лиц, претендующих на право занятия оценочной деятельностью Күшін жойған Бұйрық ·№ 382 ·26.12.2014
13.07.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения квалификационного экзамена лиц, претендующих на право занятия оценочной деятельностью

Күшін жойған Бұйрық ·№ 382 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения квалификационного экзамена лиц, претендующих на право занятия оценочной деятельностью
Атауы (қаз.)
Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
382
Қабылданған күні
26.12.2014
Көрсетілген редакция
13.07.2018 89246_335764.kaz
Соңғы өзгеріс
13.07.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400010145
ЭКБ идентификаторы
89246
Редакция идентификаторы
89246_335764
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:16

0 Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға біліктілік емтиханын өткізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті (Б.Ш. Әбішев):

1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту ережесі

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 382 бұйрығымен
бекітілген
Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленген және бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту тәртібі мен шарттарын белгілейді.

2 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) бағалау қызметі бойынша біліктілік комиссиясы - біліктілік емтиханын қабылдау үшін құрылатын комиссия;

2 2) біліктілік емтиханы - бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік деңгейін анықтау рәсімі.

3 3. Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдар құрамындағы мүшелерінің саны тақ болатын, кемінде бес мүшесі болатын Бағалау қызметі жөніндегі біліктілік комиссиясында (бұдан әрі - Комиссия) біліктілік емтиханынан өтеді.

Комиссия Қазақстан Республикасы әділет органдарының, бағалау палаталарының өкілдерінен қалыптастырылады.
Бағалаушылар палатасы өкілдерінің саны комиссия құрамының жалпы санының екіден бір бөлігінен кем болмауы тиіс.

4 4. Біліктілік емтиханы тест нысанында жүргізіледі.

2 2. Біліктілік емтиханынан өту үшін құжаттар қабылдау

5

5. Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына үміткер адам (бұдан әрі - Үміткер) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мынадай мәліметтер көрсетілген сұрау салу жібереді:
диплом туралы мәлімет:
жоғары оқу орнының атауы;
мамандықтың шифрі;
дипломның нөмірі;
дипломның берілген күні немесе «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау және тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат туралы:
сериясы және нөмірі;
негіздеме: күні және нөмірі;
тіркеу нөмірі және күні.

6 6. Түскен материалдар олар келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.

Үміткердің құжаттары қойылған талаптарға сәйкес келсе, ол біліктілік емтиханынан өтуге жіберілді және оған осы Қағиданың 9-тармағына сәйкес бұл туралы хабарланады.
Осы Ереженің 5-тармағында көзделген құжаттар берілмеген не тиісінше ресімделмеген жағдайда, өтініш келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде үміткерге біліктілік емтиханына жіберуден бас тарту туралы дәлелді хат жіберіледі.

3 3. Біліктілік емтиханын өткізудің тәртібі мен шарттары

7 7. Біліктілік емтиханына «бағалау» мамандығы бойынша жоғарғы білімі және (немесе) жоғарғы техникалық немесе экономикалық білімі бар жеке тұлғалар жіберіледі.

8 8. Біліктілік емтиханына келген кезде үміткер жеке басын куәландыратын құжаты ұсынады.

9 9. Біліктілік емтиханына жіберілген үміткер біліктілік емтиханы өтетін жері, күні және уақыты туралы оны өткізгенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей, аумақтық әділет органдары арқылы хабардар етіледі.

10 10. Комиссия емтиханды бір тоқсанда кемінде бір рет өткізеді.

11 11. Комиссия тестілеуді өткізудің объективтілігін, оның шарттарының, уақытының, қорытындыларын есептеудің және мазмұнының стандарттылығын қамтамасыз етеді.

12 12. Комиссияның отырысында міндетті түрде хаттама жүргізіледі, онда отырыстың өткен күні, уақыты және орны, комиссияның құрамы, үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тестілеудің қорытындысы көрсетіледі.

Хаттамаға Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

13 13. Тестілеу:

Мүлікті бағалау теориясына (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) - 50 сұрақ, зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалауға - 60 сұрақ;
азаматтық, жер, әкімшілік, салық кодекстері, бағалау қызметі, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, авторлық құқық және аралас құқықтар саласындағы заңнаманы, сондай-ақ бағалау стандарттары - бағалау қызметінің әрбір түрі бойынша 20 сұрақтан;
мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) - 30 сұрақ, зияткерлік меншік, материалдық емес активтердің құнын бағалау бойынша - 20 сұрақтары бойынша модульдық есептерді білуіне сұрақтарды пайдалана отырып, жүзеге асырылады.
Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына үміткерлер үшін тестілерді Әділет министрлігі Республикалық бағалаушылар палатасының ұсынымдарын ескере отырып, қызметтің әрбір түріне жеке әзірлейді.
Тестілер біреуі дұрыс кемінде үш нұсқадағы жауаптан тұруы тиіс.
Тестілер құпия ақпарат болып табылады және еркін таратуға жатпайды.

14 14. Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыру құқығына үміткерлерді тестілеу бөлек жүргізіледі.

15 15. Үміткер өз қалауы бойынша тестілеуден мемлекеттік немесе орыс тілдерінде өтуге құқылы.

16 16. Тестілеу компьютер техникасын пайдалана отырып өткізіледі.

17 17. Біліктілік емтиханы басталар алдында үміткер тестілеуден өту жөнінде егжей-тегжейлі нұсқау алады.

Тестілеуден өту кезінде үміткердің басқа адамдармен сөйлесуіне, материалдармен алмасуына, қағаз және электрондық тасығыштарда ақпаратты пайдалануына жол берілмейді.
Үміткер көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда, Комиссия оны біліктілік емитханынан өтуден шеттетеді, ол туралы хаттамаға тиісті жазба енгізіледі.

18 18. Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу пайдаланылатын компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі. Тестілеу нәтижелері екі данада басылады және ол біте салысымен үміткерге жеке қол қойғызу жолымен танысу үшін ұсынылады.

Тестілеу нәтижелері бар парақтың бір данасы үміткерге тапсырылады, екіншісі Комиссияға беріледі.

19 19. Тестілеу кезіндегі ұсынылған сұрақтардың жалпы саны - жүз. Біліктілік емтиханын өтуге әрбір үміткерге берілген уақыт тоқсан минутты құрайды.

20 20. Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының жетпіс бес және одан жоғары пайызын құраса, үміткер тестілеуден өтті деп саналады.

21

21. Хаттаманың негізінде осы Қағидаға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша емтихан өткізілген күнінен кейінгі екі жұмыс күні ішінде мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өткен/өтпегені туралы шешім шығарылады.

22 22. Емтиханнан өткен адамдар оны тапсырған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның біліктілік емтиханынан өткені туралы шешімін алады.

23 23. Емтиханнан өтпеген адамдар емтихан өткеннен кейінгі күні Комиссия хаттамасынан үзіндінің көшірмесін алады.

11 Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту ережесіне

1-қосымша
Нысан
___________қаласы                         20_____жылғы «___»________
_________________________________мүлікті бағалау (зияткерлік меншік    (Т.А.Ә.)(болған жағдайда)объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өтті/өтпеді деп танылсын.
Комиссияның Төрағасы
Комиссияның хатшысы

12 Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту ережесіне

2-қосымша
Нысан
_________қаласы                            20___жылғы «___»__________
_____________________________зияткерлік меншікті, материалдық емес    (Т.А.Ә.) (болған жағдайда)активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өтті/өтпеді деп танылсын.
Комиссияның Төрағасы
Комиссияның хатшысы

3 Бағалау қызметімен айналысу құқығына біліктілік емтиханынан өткені туралы шешім

Бағалау қызметімен айналысу
құқығына үміткер адамдардың
біліктілік емтиханынан
өту ережесіне 3-қосымша
Нысан
Бағалау қызметімен айналысу құқығына біліктілік емтиханынан өткені туралы шешім
___________қаласы                         20_____жылғы «___»________
_________________________________мүлікті бағалау (зияткерлік меншік
(Т.А.Ә.)(болған кезде)
объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өтті деп танылсын.
Комиссияның Төрағасы
Комиссияның хатшысы
М.О.

4 Бағалау қызметімен айналысу құқығына біліктілік емтиханынан өткені туралы шешім

Бағалау қызметімен айналысу
құқығына үміткер адамдардың
біліктілік емтиханынан
өту ережесіне 4-қосымша
Нысан
Бағалау қызметімен айналысу құқығына біліктілік емтиханынан өткені туралы шешім
_________қаласы                            20___жылғы «___»__________
_____________________________зияткерлік меншікті, материалдық емес
(Т.А.Ә.) (болған кезде)
активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өтті деп танылсын.
Комиссияның Төрағасы
Комиссияның хатшысы
М.О

Қолданыстағы