Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи свидетельства о минимальном составе экипажа судна

Бұйрық · № 145 · қабылданған 23.02.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89256/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи свидетельства о минимальном составе экипажа судна Қолданыста Бұйрық ·№ 145 ·23.02.2015
23.02.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи свидетельства о минимальном составе экипажа судна

Қолданыста Бұйрық ·№ 145 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи свидетельства о минимальном составе экипажа судна
Атауы (қаз.)
Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
145
Қабылданған күні
23.02.2015
Көрсетілген редакция
23.02.2015 89256_40000.kaz
Соңғы өзгеріс
23.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010790
ЭКБ идентификаторы
89256
Редакция идентификаторы
89256_40000
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:32

0 Кеме экипажының ең аз құрамы туралы

куәлікті беру қағидаларын бекіту туралы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 54-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың

2-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ» :
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 19 наурыз

0 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 145 бұйрығымен
бекітілген
Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының

54-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1 1) кеме – сауда мақсатында теңiзде жүзуге пайдаланылатын, су ығыстырмайтын кеме мен гидроұшақты қоса алғанда, өздiгiнен жүретiн немесе өздiгiнен жүрмейтiн жүзбелi құрылыс;

2 2) кеме иесі – кеменiң меншiк иесі болып табылатынына немесе оны өзге де заңды негiзде пайдалануына қарамастан өз атынан кемені пайдаланатын тұлға;

3 3) кеменiң меншiк иесi – «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»

2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы
3-тармағының 55-2) тармақшасына сәйкес бекітілген Кемелер мен оларға құқықты мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес кеменiң меншiк иесi ретiнде тiркелген тұлға.

2 2. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру тәртібі

3 3. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті алу үшін кеменің меншік иесі және (немесе) кеме иесі порттың теңіз әкімшілігіне еркін нысандағы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) береді.

Өтініш теңіз порты капитанының атына:

1 1) кеменің атауын, шақыру дабылын, жалпы сыйымдылығын, Халықаралық Теңіз Ұйымының (IMO) нөмірін;

2 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмi, бербоут-чартер тiзiлiмi немесе халықаралық кеме тізілімі бойынша кеменiң тiркеу нөмiрiн;

3 3) жүзу ауданын (дарын);

4 4) кеме меншік иесінің атауы мен мекенжайын;

5 5) кеме иесi (кеме жалдаушы) мен оның мекенжайын көрсете отырып беріледі.

4 4. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:

1 1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін теңіз кемесінің жүзу құқығы туралы куәлік;

2 2) кемеге меншік құқығы туралы куәлік;

3 3) кеме экипажының штат кестесі.

5 5. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беруді кеме иесінің және (немесе) кеменің меншік иесінің өтініштері және осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген құжаттар алынған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде теңіз портының капитаны жүзеге асырады.

6 6. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 27 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9883 тіркелген) бекітілген нысан бойынша беріледі.

7

7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде және Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген кемелерге кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік үш жыл мерзімге беріледі. Бербоут-чартер тізілімінде тіркелген кемелерге кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығының қолданылу мерзіміне беріледі.

8

8. Қазақстан Республикасында тіркелген кемелерге кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беруден, ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарындағы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, бас тартылады. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беруден дәлелді бас тарту өтініш берушіге өтініш алынған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде беріледі.

9

9. Кеме иесі және (немесе) кеменің меншік иесі кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда, порттың теңіз әкімшілігі кеме иесінің және (немесе) кеменің меншік иесінің еркін нысанда жасалған кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәліктің телнұсқасын беру туралы өтініші бойынша көрсетілген куәліктің телнұсқасын оған өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде береді.

Қолданыстағы