Об определении видов общественных работ для отбывания наказания в виде привлечения к общественным работам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении видов общественных работ для отбывания наказания в виде привлечения к общественным работам
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 370
- Қабылданған күні
- 02.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 10.11.2020 89264_491047.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15MA002695
- ЭКБ идентификаторы
- 89264
- Редакция идентификаторы
- 89264_491047
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:38
0 Қоғамдық жұмыстарға тарту
түріндегі жазаны өтеу үшін
қоғамдық жұмыстардың түрлерін
белгілеу туралы
2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 43 бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегiн қоғамдық пайдалы жұмыс түрлері ретінде сотталған тұлғаның тұрғылықты мекен-жайы бойынша қала аумағындағы қоғамдық орындарда жүзеге асырылатын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы көшелер мен шағын аудандарды абаттандыру және санитарлық тазалау, жол шаруашылығы саласындағы жергілікті жолдарды санитарлық тазалау және көгалдандыру саласындағы жасыл көшеттерді отырғызу және күту, көп жылдық екпелерді күту бойынша жұмыстар белгіленсін.
2 2. «Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы», «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің басшыларына және Өмірзақ ауылының әкіміне:
қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны сотталушының тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй-коммуналдық, көгалдандыру, жол шаруашылықтары нысандарында атқаруды ұйымдастырсын.
3 3. «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Б. Ізғалиев):
осы қаулының Маңғыстау облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруын және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.