Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые постановления Пленума Верховного Суда Республики Казахстан по вопросам применения гражданского и гражданского процессуального законодательства

Қаулы · № 5 · қабылданған 14.05.1998
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-8927/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые постановления Пленума Верховного Суда Республики Казахстан по вопросам применения гражданского и гражданского процессуального законодательства Қолданыста Қаулы ·№ 5 ·14.05.1998
25.11.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые постановления Пленума Верховного Суда Республики Казахстан по вопросам применения гражданского и гражданского процессуального законодательства

Қолданыста Қаулы ·№ 5 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые постановления Пленума Верховного Суда Республики Казахстан по вопросам применения гражданского и гражданского процессуального законодательства
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының кейбір азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңдарды қолдану мәселелері бойынша қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5
Қабылданған күні
14.05.1998
Көрсетілген редакция
25.11.2016 8927_294578.kaz
Соңғы өзгеріс
25.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P98000005S_
ЭКБ идентификаторы
8927
Редакция идентификаторы
8927_294578
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:42

0 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының кейбір азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңдарды қолдану мәселелері бойынша қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы, заңдарға өзгерiстер енгiзiлуiне байланысты қаулы етеді:

1 1. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

2 2. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 13.12.2001 N 21 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

3 3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының азаматтардың және ұйымдардың ар-намысын және абыройын қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану жөнiндегi сот тәжiрибесi туралы 1992 жылғы 18 желтоқсандағы N 6 қаулысына келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:

а а) Қаулының аты жаңа редакцияда жазылсын:

"Сот тәжiрибесiнде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен
абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану туралы"; ә) 7-тармақтың 1-бөлiгiндегi 7-бабына деген сiлтеме ҚР АК 9, 143-баптарына деген сiлтемеге ауыстырылсын; б) 7-тармақтағы АК 7-бабы 2-бөлiмiне деген сiлтеме ҚР АК 143-бабына деген сiлтемеге ауыстырылсын; в) 8-тармақтағы АК 7-бабына деген сiлтеме ҚР АК 143-бабына деген сiлтемеге ауыстырылсын; г) 9-тармақтың 2-бөлiгiндегi АК 7-бабына деген сiлтеме АК 143-бабына деген сiлтемеге ауыстырылсын; д) 10-тармағындағы АК 84-бабына деген сiлтеме ҚР АК 187-бабына деген сiлтемеге ауыстырылсын; е) 12-тармақ келесi редакцияда жазылсын:
"12. Талаптарды қанағаттандыруда сот шешiмнiң қорытынды бөлiмiнде нақты қандай кiр келтiретiн мәлiметтер шындыққа сәйкес келмейтiнiн және қандай тәсiлмен олар терiске шығарылуына жататыны мiндеттi түрде көрсетiлуi керек.
Терiске шығару азаматтардың ар-намысы абыройына және iскерлiк беделдiлiгiне немесе заңды тұлғаға таратылған мәлiметтердiң шындыққа жатпайтындығын көпшiлiкке хабарлау деп түсiндiрiледi.
Бұқаралық ақпарат құралдарында және ұйымдар құжаттарынан шыққан, кiр келтiретiн мәлiметтердi терiске шығару тәртiбi ҚР АК 143-баптың 2-тармағының 1-2-тармақшаларында анықталған.
Басқа жағдайларда терiске шығару жолын сот белгiлейдi.
Терiске шығару тәртiбiн анықтай отырып, сот барлық жағдайларда кiр келтiру мәлiметтерiнiң шындыққа жатпайтынын жариялы түрде хабарлауды қамтамасыз етуге мiндеттi (шешiмдi еңбек ұжымы жиналысында хабарлау, шешiм шығару туралы ақпарат құралдары, радио, теледидардан т.с.с. хабарлау)";
ж) 13-тармақтың 3 бөлiгiндегi АК-тiң 84-бабына деген сілтеме ҚР АК 187-бабына деген сiлтемеге ауыстырылсын.

4

4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Азаматтардың құқығын шектейтiн немесе оған нұқсан келтiретiн мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, лауазым иелерi және басқа да адамдардың шешiмдерi мен әрекеттерiне келтiрген шағымдарды соттардың қарауы туралы" 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 8 қаулысына келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:

а а) 1-тармақтың бiрiншi абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

"1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13, 76-баптарына сәйкес, әрбiр азамат өз құқығы мен бостандығын қажеттi қорғаныс пен сот қорғауын қоса, барлық заңға қайшы келмейтiн тәсiлмен қорғауға құқықты. Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы Соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Жарлығының 5-бабы 1-тармағына сәйкес, әрбiр азамат мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және басқа тұлғалардың, олардың құқықтарына нұқсан келтiретiн немесе заңды мүддесi мен бостандығын шектейтiн шешiм әрекеттерден. Республика Конституциясы және заңдары қарастырғандай кез-келген заңсыз әрекеттерден сот қорғау кепiлдемесi берiлетiндiгiне соттардың назары аударылсын";

ә ә) 2-тармақ келесi редакцияда жазылсын:

"2. Сот қорғауына Конституцияда, заңдарда, басқа нормативтiк актiлерде және халықаралық келiсiмдерде қарастырылған барлық құқықтар мен бостандықтар жатады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына сәйкес, қолдануға жататын заң немесе басқа нормативтiк актiнiң Конституцияда бекiтiлген азаматтың және адамның құқығы мен бостандығына нұқсан келтiретiнiн көрсе, сот ол iс бойынша өндiрiстi тоқтатып, Конституциялық Кеңеске осы актiнiң Конституцияға сай еместiгiн тану туралы ұсыныс жасайды.
Мәслихат және әкiмдердiң өкiмдерi мен шешімдерiнiң заңдылығы туралы
мәселелердi соттардың өздерiнiң шешуiне жатады (Конституцияның 88-бабы). АIЖК-нiң екiншi бөлiмiнiң екiншi тарауында қарастырылғандай, соттың, судьяның, прокурордың, тергеушiнiң, сот орындаушысының шешiмi мен iс-әрекеттеріне шағымдануға болмайды. Олар туралы азаматтық iс жүргiзу, қылмыстық іс жүргiзу, әкiмшiлiк iс жүргiзу заңдарымен шағымдану тәртiбi басқаша белгiленген". Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Пленум хатшысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы.

Қолданыстағы