Об утверждении Инструкции по согласованию производства всех видов ремонтных, строительных, монтажных и иных работ на специальных трассах и прилегающих к ним территориях и акваториях при проведении охранных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Инструкции по согласованию производства всех видов ремонтных, строительных, монтажных и иных работ на специальных трассах и прилегающих к ним территориях и акваториях при проведении охранных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Күзет іс-шараларын өткізу кезінде арнаулы трассаларда және оларға іргелес аумақтарда, және су айдындарында жөндеу, монтаж және басқа да жұмыстардың барлық түрлерінің өндірісін келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 47
- Қабылданған күні
- 25.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 30.07.2019 89294_417834.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010913
- ЭКБ идентификаторы
- 89294
- Редакция идентификаторы
- 89294_417834
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:55
0 Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде арнайы трассалардағы және оларға іргелес жатқан аумақтар мен акваториялардағы жөндеу, құрылыс, монтаж және өзге де жұмыстардың барлық түрлерінің жүргізілуін келісу бойынша нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы №814 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ереженің 19-тармағының 20) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде арнайы трассалардағы және оларға іргелес жатқан аумақтар мен акваториялардағы жөндеу, құрылыс, монтаж және өзге де жұмыстардың барлық түрлерінің жүргізілуін келісу бойынша нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары бөлімшелердің жеке құрамының Нұсқаулықты оқып-үйренуін ұйымдастырсын.
3 3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы таныстырылсын.
4 4. Бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық Осы бұйрықҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
6 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
күзет қызметі Бастығының
2015 жылғы 25 наурыздағы
№ 47 бұйрығымен
бекітілген
Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде арнайы трассалардағы және оларға іргелес жатқан аумақтар мен акваториялардағы жөндеу, құрылыс, монтаж және өзге де жұмыстардың барлық түрлерінің жүргізілуін келісу бойынша нұсқаулық
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде арнайы трассалардағы және оларға іргелес жатқан аумақтар мен акваториялардағы жөндеу, құрылыс, монтаж және өзге де жұмыстардың барлық түрлерінің жүргізілуін келісу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңы (бұдан әрі - Заң), «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығына сәйкес әзірленген және Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі - ҚР МКҚ) Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде арнайы трассалардағы және оларға іргелес жатқан аумақтар мен акваториялардағы жөндеу, құрылыс, монтаж және өзге де жұмыстардың барлық түрлерін келісуді жүргізудің тәртібін нақтылайды.
2 2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
авариялық қалпына келтіру жұмыстары – жұмысты өндірушінің инженерлік коммуникацияларда, өзге де объектілерде олар бұзылған жағдайда, объектінің жұмысқа қабілеттігін және оны пайдаланудың сипаттамаларын қалпына келтіру бойынша күттірмейтін жұмыс өндірісін талап ететін іс-әрекеті;
жұмыс өндірісі – жеке және заңды тұлғалардың арнайы трассаларда және оларға іргелес аумақтарда, су айдындарында абаттандырылуды уақытша бұзумен, жол жүрісін шектеу немесе уақытша тоқтатумен байланысты, сондай-ақ жобалау-іздестіру, жерге орналастыру және дайындық жұмыстары (құрылыс материалдарын және конструкцияларды қоймаға қою, машиналарды және механизмдерді орналастыру, уақытша ғимараттар мен құрылыстарды салу) жалғаспалы жөндеу, құрылыс, монтаж және басқа да жұмыстардың барлық түрлерін жүргізу бойынша іс-әрекеті;
келісу – жұмыс жүргізушінің жұмыс істеуді келісу туралы ресми өтінішіне жазбаша жауапты дайындауды қамтитын ҚР МКҚ басқарушылық шешімін әзірлеу және қабылдау тәртібі;
келісу бастамашысы – өз құзіретінің шегінде арнайы трассаларда және оларға іргелес аумақтарда және су айдындарында жұмыс жүргізуді жоспарлайтын жеке және заңды тұлғалар.
2 2. Келісу тәртібі
3 3. Келісу келісу бастамашысының ҚР МКҚ-ға немесе ҚР МКҚ-ның Алматы қаласындағы департаментіне хаты негізінде жүзеге асырылады.
Апаттық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындаған жағдайда, келісу бастамашысы шұғыл жұмыстарды жүргізеді, бірақ мұндай жағдай туындаған кезден бастап 12 сағат ішінде ҚР МКҚ-ны жазбаша хабардар етеді.
Хабарламаға осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.
3 3. Қазақстан Республикасының басқа әкімшілік-аумақтық бірліктерінде келісу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Режимді аумақтардың аймақтарын пайдалану қағидаларымен белгіленген тәртіпте арнаулы трассалар актіленген кейін жузеге асырлады.
5 5. Келісу бастамашысының хатын қарау басқа субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алуды немесе жұмыс орнына барып тексеруді қажет етпесе, ол келіп түскен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарастырылады.
Келісу бастамашысының хатын қарау басқа субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алуды немесе жұмыс орнына барып тексеруді қажет етсе, ол келіп түскен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарастырылады және ол бойынша шешім қабылданады.
Қосымша зерделеу және тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарастыру мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады және қарастыру мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде келісу бастамашысы хабардар етіледі.
Қарастыру мерзімін субъект басшысы немесе оның орынбасары ұзартады.
6 6. Келісу бастамашысы хатының мәтінінде болжалды жұмыстың қысқаша сипаттамасы, оларды орындаған кездегі жоспарланған нәтижелері, өндіріс әдісі, жүргізу орны мен мерзімдері көрсетіледі. Келісу бастамашысының хатына мынадай құжаттар қоса беріледі:
1 1) жұмысқа тартылған жұмысшылардың тізімі және олардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
2 2) пайдаланылатын техникалық құралдардың тізімі және олардың мемлекеттік тіркеу куәліктерінің көшірмелері;
3 3) жоспарланған жұмыс объектілерінің ахуалдық схемалары, соның ішінде егер жұмыс өндірісі қолданыстағы жол маршруттарын немесе басқа да коммуникацияларды өзгертуді талап етсе, жол жүрісінің уақытша маршруттары;
4 4) жұмыстардың уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілген растайтын құжат ;
5 5) жеке тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтама немесе кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы кәулік;
6 6) сұрау салынған жұмыс түрлерін өндіруге лицензиялардың қосымшаларымен бірге көшірмелері;
7 7) жұмысты өндірк кестесі.
Тартылған жұмыскерлер мен арнаулы техникалар тізімі өзгерген жағдайда, келісіу бастамашылары оларды міндетті түрде ҚР МКҚ-мен келіседі. Тартылған жұмыскерлер мен арнаулы техникаларды ауыстыруі ҚР МКҚ-ның келісімімен жүзеге асырылады.
3 3. Келісуді зерделеу және тексеру тәртібі, қорытындыны дайындау
7 7. Құжатты орындауға алған ҚР МКҚ қызметкері (бұдан әрі – қызметкер) оны зерделейді, аталған ұйымның жұмыскерлеріне қатысты тексеру іс-шараларын жүзеге асырады және қажет болған жағдайда, ықтимал жұмыс орнына барып, жауапты жұмыскерлермен жұмыс кездесуін өткізеді.
8
8. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама түрінде ресімделеді және онда қызметкер өтініш білдірілген жұмыстарды жүргізу мүмкіндігі және олардың күзет іс-шараларының қауіпсіздігіне әсер ету деңгейі туралы тұжырым жасайды. Бұл ретте, келісуді қарау нәтижесі бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
1 1) келісу бастамашысының хатын толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
2 2) өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы, мұндай шешімнің қабылдануын дәлелдеп немесе дәлелдеместен;
3 3) жұмысты жүргізудің мерзімін уақытша ауыстыру бойынша ұсыныстар енгізу туралы.
9
9. Осы Нұсқаулықтын 8-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген шешімде Заңының 25-бабының 6-тармағында сәйкес, сондай-ақ келісу бастамашысы жоспарланған жұмыстардың түрі және мерзімдері, тартылған жұмысшылар, техника және басқа да мәліметтер туралы көрінеу емес мәліметтер берген, сондай-ақ егер өтініш білдірілген жұмыстар және (немесе) олардың салдарлары мен нәтижелері күзетілетін адамдардың қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндірсе немесе күзетілетін адамдарың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындауға кедергі келтіретін шарттардың, фактілердің және жағдайлардың туындауына әкеп соқтыратын жағдайда қабылданады.
10 10. Қабылданған шешім туралы келісу бастамашысы жазбаша хабардар етіледі.
11
11. Жұмысты орындау барысында күзетілетін адамдарға қауіп-қатер төндіруі мүмкін бұзушылықтар, оларды орындау мерзімінің іс жүзінде өзгеруі, сондай-ақ ҚР МКҚ санкцияламаған жұмыстарды жүргізу анықталған жағдайда, ҚР МКҚ жұмысты өндірушіге айқындалған бұзушылықтырды жою қажеттігі туралы нұсқама жолдауға құқылы.
12 12. Жұмыс өндірісінің мерзімі ұзартылған жағдайда, келісу бастамашысы ҚР МКҚ-ға немесе ҚР МКҚ-ның Алматы қаласындағы департаментіне қайтадан хат жолдайды.
4 4. Қорытынды ережелер
14 14. Күзет іс-шараларын өткізу кезеңінде арнаулы трассалардағы жөндеу, құрылыс, монтаж және өзге де жұмыстардың барлық түрлері қажет болса уақытша тоқтатылады.
15 15. ҚР МКҚ-ға жолданатын құжаттардың растығы, толықтығы және дұрыстығы, өтініш білдірген жұмыстарды тиісінше орындалмауы үшін келісудің бастамашысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.
35 «Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде
арнайы трассалардағы және оларға
іргелес жатқан аумақтар мен
акваториялардағы жөндеу, құрылыс,
монтаж және өзге де жұмыстардың
барлық түрлерінің жүргізілуін
келісу жөніндегі нұсқаулыққа
қосымша
Нысан
АНЫҚТАМА
_______________________________________
(жұмыстың және ұйымның жалпы атауы)
1. Түскен күні/құжаттың кіріс №:_____________________________________
(құжаттың кіріс нөмірі)
2. Сұрау салу бастамашысы:___________________________________________
(жұмыс жүргізуді жоспарлаған компания,
жауапты адамның Т.А.Ә. (ол болған
жағдайда), байл.тел.)
3. Басшылықтың резолюциясы___________________________________________
(ҚР МКҚ басшылығының бұрыштамасы)
4. Қосымша:__________________________________________________________
(негізгі хатқа қоса берілген құжаттар, схемалар,
жұмыскерлер мен техниканың тізімі, басқа органдармен
келісу және т.б.)
5. Орындау мерзімі:__________________________________________________
(бақылау карточкасындағы орындау мерзімі)
6. Қысқаша мазмұны:__________________________________________________
(жоспарланған жұмыстардың сипаты мен сипаттамасы,
ұйымның өтінімі бойынша орындау мерзімі, өткізу
орны, сондай-ақ күзетілетін адамның қауіпсіздік
режиміне ықтимал жағымсыз салдарлар)
7. Тексеру нәтижелері (есептер бойынша персоналды тексеру,
реквизиттердің сәйкестігін, өзге де құжаттарды тексеру):_____________
_____________________________________________________________________
(тексеру қандай базалар арқылы жүзеге асырылды және ұйым
_____________________________________________________________________
қызметкерінің беделіне нұқсан келтіретін материалдың бар-жоғы)
8. Ерекше белгілер:__________________________________________________
(құжатты орындау жеделдігі, жұмысты орындау
мерзімдерін ұзарту және т.б.)
9. ҚР МКҚ мүдделі бөлімшелерімен келісу:_____________________________
10. Орындаушының тұжырымы:___________________________________________
(орындаушының жұмыстардың осы түрлеріне
рұқсат беру немесе бас тарту бойынша негіздемесі)
11. Іс-шаралар:______________________________________________________
(жұмыстардың аталған түрлеріне бақылау бойынша
шаралар кешені)
12. Орындаушының қолы:_______________________________________________
(орындаушының лауазымы, атағы және тегі)
13. Бөлімше бастығының қолы:_________________________________________
14. ҚР МКҚ Үшінші департамент немесе ҚР МКҚ-ның Алматы қаласындағы
басшысының қолы:____________________________________________________»