Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня должностей специалистов агропромышленного комплекса, привлекаемых в сельские населенные пункты

Бұйрық · № 8-2/230 · қабылданған 17.03.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89329/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении перечня должностей специалистов агропромышленного комплекса, привлекаемых в сельские населенные пункты Қолданыста Бұйрық ·№ 8-2/230 ·17.03.2015
24.05.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня должностей специалистов агропромышленного комплекса, привлекаемых в сельские населенные пункты

Қолданыста Бұйрық ·№ 8-2/230 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня должностей специалистов агропромышленного комплекса, привлекаемых в сельские населенные пункты
Атауы (қаз.)
Ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8-2/230
Қабылданған күні
17.03.2015
Көрсетілген редакция
24.05.2023 89329_634059.kaz
Соңғы өзгеріс
24.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010841
ЭКБ идентификаторы
89329
Редакция идентификаторы
89329_634059
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:04

0 Ауылдық елді мекендерге

тартылатын агроөнеркәсіптік
кешен мамандары
лауазымдарының тізбесін
бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік

он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_____________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 30 наурыз
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 19 наурыз
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Е. Досаев
2015 жылғы 3 сәуір

8 Ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 17 наурыздағы
№ 8-2/230 бұйрығымен
бекітілген
Ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесі

1 1. Aгроном

2 2. Агрохимик

3 3. Ауыл шаруашылығы кәсіпорнын жылыту жөніндегі инженер

4 4. Ветеринариялық техник

5 5. Асылдандыру ісі жөніндегі техник

6 6. Бактериолог

7 7. Ветеринар дәрігер

8 8. Ветеринариялық фельдшер

9 9. Вирусолог

10 10. Герболог

11 11. Гельминтолог

12 12. Еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыру жөніндегі инженер

13 13. Жанар-жағар май материалдары жөніндегі инженер

14 14. Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник

15 15. Зертхананың ветеринар дәрігері

16 16. Зоотехник

17 17. Машина-трактор парккін пайдалану жөніндегі инженер

18 18. Топырақтанушы

19 19. Фитопатолог

20 20. Химик

21 21. Энтомолог

22 22. Инженер-гидротехник (гидротехник)

23 23. Су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман

24 24. Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман

Қолданыстағы