Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Варваровка Узункольского района Костанайской области

Ереже · № 276 · қабылданған 20.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89331/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Варваровка Узункольского района Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 276 ·20.03.2015
03.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Варваровка Узункольского района Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 276 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Варваровка Узункольского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Варваровка ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
276
Қабылданған күні
20.03.2015
Көрсетілген редакция
03.03.2020 89331_448087.kaz
Соңғы өзгеріс
03.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15NS005569
ЭКБ идентификаторы
89331
Редакция идентификаторы
89331_448087
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:00

0 Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы

Варваровка ауылының бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізудің қағидаларын және жергілікті
қоғамдастық жиынына қатысу үшін
ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық
құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 – бабының 6 - тармағына және 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Варваровка ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Варваровка ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Варваровка ауылының әкімі
________________ А.Абиджанов
2015 жылғы 20 наурыз

4 Мәслихаттың

2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 276 шешіміне қосымша
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Варваровка
ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу
үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Варваровка ауылының тұрғындары өкілдерінің саны
(адам)
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Варваровка ауылының тұрғындарына
39

5 Мәслихаттың

2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 276 шешімімен бекітілген
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Варваровка
ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізудің қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Варваровка ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 - тармағына, 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Варваровка ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Варваровка ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Варваровка ауылының әкімі шақырады.

Ұзынкөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Варваровка ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Варваровка ауылының әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Варваровка ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Варваровка ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Варваровка ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Варваровка ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ұзынкөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Варваровка ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Варваровка ауылы әкімінің аппаратына береді.

Қолданыстағы