Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества села Родина города Аркалыка Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества села Родина города Аркалыка Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы Арқалық қаласының Родина ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 234
- Қабылданған күні
- 20.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2020 89338_447768.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NC005566
- ЭКБ идентификаторы
- 89338
- Редакция идентификаторы
- 89338_447768
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:58
0 Қостанай облысы Арқалық қаласының
Родина ауылында бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізудің
қағидаларын және жергілікті
қоғамдастық жиындарына қатысу үшін
ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық
құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Арқалық қаласының Родина ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2 2. Қостанай облысы Арқалық қаласы Родина ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы Арқалық қаласы
Родина ауылының әкімі
_______________ Б. Адильбекова
«20» _03_2015 жыл
4 Мәслихаттың
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 234 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Арқалық қаласы Родина ауылының
жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары
өкілдерінің сандық құрамы
№
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Арқалық қаласы Родина ауылының тұрғындары өкілдерінің саны
1
Қостанай облысы
Арқалық қаласы Родина ауылы
300
5 Мәслихаттың
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 234 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Арқалық қаласының Родина ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Қостанай облысы Арқалық қаласы Родина ауылы (бұдан әрі – Родина ауылы) тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2 2. Родина ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3 3. Бөлек жиынды Родина ауылының әкімі (бұдан әрі – ауыл әкімі) шақырады.
Арқалық қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5 5. Родина ауылы шегінде бөлек жиынды өткізуді ауыл әкімі ұйымдастырады.
6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Родина ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7 7. Бөлек жиынды ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Родина ауылы тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Арқалық қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Родина ауылы тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.