Об утверждении порядка и условий эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов общего пользования областного и районного значения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении порядка и условий эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов общего пользования областного и районного значения
- Атауы (қаз.)
- Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн пайдалану тәртібі мен шарттарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 897
- Қабылданған күні
- 31.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 09.12.2015 89384_65383.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15L0004975
- ЭКБ идентификаторы
- 89384
- Редакция идентификаторы
- 89384_65383
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:44
0 Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн пайдалану тәртібі мен шарттарын бекіту туралы
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн пайдалану тәртібі мен шарттары бекітілсін.
2 2. «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Әлібаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы «31» наурыздағы
№897 қаулысымен бекітілген
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн пайдалану тәртібі мен шарттары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн пайдалану тәртібі мен шарттары «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және концессионерге берілген ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2 2. Осы ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) автомобиль жолдарын пайдаланушылар – жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлінген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегінде өзге де қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
2
2) ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін пайдалану – ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) және көпір өткелдері бойынша автокөлік құралдарының белгіленген жүктемелерімен, габариттерімен үздіксіз, қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру және пайдалану кезеңінде олардың көліктік-пайдалану жай-күйін ұстау;
3 3) ақылы жүруді ұйымдастырушы – Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе концессионер;
4
4) концессионер – концессия шартын жасасқан, оның ішінде өз қызметін бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарт негізінде жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе), мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда (концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымдардан басқа), заңды тұлға;
5 5) көпір өткелі – көпірді, көпірге кіреберісті, реттеу және қорғау құрылыстарын қамтитын, су кедергілерін еңсеруге арналған инженерлік құрылыстар кешені.
2 2. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттары
3 3. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды жөндеу мен күтіп ұстау жөніндегі іс-шараларды ақылы жүруді ұйымдастырушының уақтылы қамтамасыз етуін көздейді.
4 4. Ақылы жүруді ұйымдастырушы ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) мен көпір өткелдерін тиісті пайдалану мақсатында:
1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автомобиль жолдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
2 2) қысқы кезеңде ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін қардан тазартуды қамтамасыз етеді және жамылғының тайғақтығына қарсы шаралар қабылдайды;
3 3) көлік құралдарының үздіксіз және қауіпсіз жүріп өтуін және табиғатты қорғау заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
4 4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес автомобиль жолдарын пайдаланушыларға жол жағдайларының себептері бойынша туындаған жол-көлік оқиғалары келтірген зиянды өтеу жөніндегі шараларды қабылдайды;
5 5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің фитосанитариялық жай-күйін қамтамасыз етеді;
6 6) автомобиль жолдарының бойында қорғаныш екпелерін күтіп-ұстайды;
7
7) жол органдарымен келісім бойынша, жол полициясы бөлімшелерімен және төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, шұғыл жағдайларда (қолайсыз ауа-райы климаттық жағдайлар, дүлей апаттар, өрт, автомобиль жолдарының көтеру қабілетінің жойылуы), сондай-ақ, жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде бұл жөнінде жергілікті атқарушы органдарды және автомобиль жолдарын пайдаланушыларды тиісті жол белгілерін қойып және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ете отырып, көлік құралдары қозғалысын шектейді немесе тоқтатады;