О поправочных коэффициентах к ставкам земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О поправочных коэффициентах к ставкам земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 37/3-V
- Қабылданған күні
- 06.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.11.2018 89387_377219.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VA003920
- ЭКБ идентификаторы
- 89387
- Редакция идентификаторы
- 89387_377219
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:37
0 Жер салығының мөлшерлемелеріне
түзету коэффициенттері туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Өскемен қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2008 жылғы 12 маусымдағы № 7/2 шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері:
1 1) Өскемен қаласының әкімшілік бағынысындағы шекараларда елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп жерлерiне:
1 аймақ бойынша – 1,3; 2 аймақ бойынша – 1,1;
3 аймақ бойынша – 0,9; 4 аймақ бойынша – 0,7;
2 2) Өскемен қаласының әкімшілік бағынысындағы шекараларда жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жердi қоса алғанда, өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшiн берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге:
1 аймақ бойынша – 1,3; 2 аймақ бойынша – 1,2;
4 аймақ бойынша – 0,8; 5 аймақ бойынша – 0,7;
3 3) бекітілген аймақтарға бөлу схемалары бойынша елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Бекітілген аймақтарға бөлу схемалары бойынша елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері
Өскемен қалалық
мәслихатының 2015 жылғы
6 сәуірдегі № 37/3-V шешіміне
қосымша
Бекітілген аймақтарға бөлу схемалары бойынша елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын
жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері
Аймақ №
Түзету коэффициенті
1
1,31
2
1,33
3
1,35
4
1,38
5
1,41
6
1,44
7
1,46
8
1,5