Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил и условий классификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения Западно-Казахстанской области

Қаулы · № 87 · қабылданған 07.04.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89409/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил и условий классификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения Западно-Казахстанской области Күшін жойған Қаулы ·№ 87 ·07.04.2015
08.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил и условий классификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения Западно-Казахстанской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 87 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил и условий классификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения Западно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
87
Қабылданған күні
07.04.2015
Көрсетілген редакция
08.12.2015 89409_271252.kaz
Соңғы өзгеріс
08.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15Z0003908
ЭКБ идентификаторы
89409
Редакция идентификаторы
89409_271252
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:35

0 Батыс Қазақстан облысының

облыстық және аудандық маңызы
бар жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарын сыныптау
қағидалары мен шарттарын
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттары бекітілсін.

2 2. «Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М.Ғ.Қуаншалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Ш.Кәрімовке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 2015 жылғы «7» сәуірдегі №87

Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар
жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын
сыныптау қағидалары мен шарттары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы №1809 «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жіктеу ережесі мен шарттарын
және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына (бұдан әрі - Үкіметтің қаулысы) сәйкес әзірленді және Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын белгілейді.

2 2. Сыныптау тәртібі және шарттары

2 2. Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау жол қозғалысының геометриялық параметрлері мен есептік қарқындылығына байланысты ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

3 3. Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын заңнамаларда

белгіленген тәртіппен пайдалануға қабылдаған күннен бастап жиырма күннің ішінде жергілікті атқарушы орган автомобиль жолдары жөніндегі
мемлекеттік уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) автомобиль
жолын облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесіне енгізу туралы материалдарды келісуге жібереді.
Жіберілетін материалдар автомобиль жолы Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға қабылданғанын растайтын құжаттарды, автомобиль жолының атауы мен индексі туралы мәліметтерді, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының
облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тиісті тізбесін қамтуы тиіс.
Автомобиль жолын Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесіне енгізу үшін жергілікті атқарушы органдарға келісуге материалдар толық мәліметтерсіз және (немесе) осы тармақта көзделген құжаттарсыз ұсынылған жағдайда мемлекеттік уәкілетті орган өтінішті
барлық кемшіліктерді жою үшін қайтарады.

4 4. Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары және индекстері болады.

Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының атауына елді мекендердің бастапқы және соңғы, қажет болғанда аралық мекендердің атаулары кіреді. Автомобиль жолының индексі латын әліпби әріптерінен
және сандар топтарынан тұрады. Автомобиль жолдарының индексіндегі сандар индекс әріптерінен кейін дефис арқылы беріледі.

5 5. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ

пайдаланылатын автомобиль жолының индексі латын әліпби әріптерінен
және сандар топтарынан тұрады. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы индексінің бірінші әрпі
«К» -мен белгіленеді. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының индексіндегі келесі әріптер жолдың әкімшілік-аумақтық бірліктеріне тиесілігі бойынша, Үкіметтің қаулысына сәйкес белгіленеді.
Бұл ретте Батыс Қазақстан облысы «L» әрпімен белгіленеді.
Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының индексінің «КL» әріптерінен кейін келесідей әріптер меншіктеледі:

Батыс Қазақстан облысы
аудандарының атаулары
Индекстегі
әріптің атауы
1
Ақжайық ауданы
AK
2
Бөкей ордасы ауданы
BK
3
Бөрлі ауданы
BR
4
Жаңақала ауданы
ZN
5
Жәнібек ауданы
ZB
6
Зеленов ауданы
ZL
7
Казталов ауданы
KT
8
Қаратөбе ауданы
KR
9
Сырым ауданы
SR
10
Тасқала ауданы
TS
11
Теректі ауданы
TR
12
Шыңғырлау ауданы
CH

Қолданыстағы