Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 346 · қабылданған 27.04.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89414/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 346 ·27.04.2015
02.06.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 346 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
346
Қабылданған күні
27.04.2015
Көрсетілген редакция
02.06.2022 89414_579724.kaz
Соңғы өзгеріс
02.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000346
ЭКБ идентификаторы
89414
Редакция идентификаторы
89414_579724
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:18

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 346 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1

2 2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 72-1) тармақшамен толықтырылсын:
«72-1) тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру тәртібін айқындау;».

3 3. «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 454-құжат):

3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ережеде:
7-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«заң қызметтерi қызметкерлерiнiң кәсiптiк деңгейiн арттыру, оның iшiнде әдiлет органдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында заң қызметтерi қызметкерлерiн жүйелi түрде тағылымдамадан өткiзу үшiн тұрақты негізде іс-шаралар ұйымдастыру.»;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«заң қызметтері қызметкерлерінің санын мемлекеттік орган қызметкерлерінің жалпы штат санының кемінде 5%-ы болатындай қамтамасыз ету. Орталық аппаратының штат саны 500 және одан көп бірлікті құрайтын мемлекеттік органдарға қатысты 5 %-ды есептеу 500-ден жүргізіледі;»;
8-тармақта:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларының өтуі кезінде, сондай-ақ Премьер-Министр Кеңсесінде Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына немесе Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларына енгізілген депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындыларының жобаларын, Премьер-Министр Кеңсесінде және Әділет министрлігінде мемлекеттік орган әзірлеушісі болып табылатын Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Үкіметі қаулыларының және Премьер-Министрі өкімінің жобаларын жұмыс тәртібінде пысықтау кезінде міндетті түрде қатысады;»;
он бірінші және он екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметін, нормативтік құқықтық актілер жобаларының, сондай-ақ «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 4) тармақшасында көзделген, әділет органдарында тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілердің заң сараптамасының нәтижелері бойынша Әділет министрлігінің ескертулерін талдайды және талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органның бірінші басшысына, сондай-ақ орталық атқарушы органың жауапты хатшысына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаға) оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді және жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-күніне дейін жылына екі рет Әділет министрлігіне жүргізілген талдау және қабылданған шаралар туралы ақпарат жібереді;
шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-тармақтармен толықтырылсын:
«8-1. Осы Үлгі ереженің 8-тармағының он бірінші абзацына сәйкес ұсынылатын мемлекеттік органның ақпараты:
1) келісілуге жіберілген Заңдар, Президент жарлықтары, Үкімет қаулылары, Премьер-Министрдің өкімдері жобаларының (бұдан әрі – жобалар) және мемлекеттік тіркеуге жататын қабылданған нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі – НҚА) санын;
2) келісілген жобалардың, тіркелген НҚА санын;
3) мынадай ескертулердің сипаты бойынша бөлінген:
Конституцияға қайшы келетін;
жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін;
бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін;
редакциялық ескертулер;
заң техникасы бойынша ескертулер бойынша пысықтауға қайтарылған жобалар және мемлекеттік тіркеуден бас тартылған НҚА санын;
4) норма шығармашылық қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды және анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ақпаратты қамтуға тиіс.
8-2. Әділет министрлігі жартыжылдық қорытындысы бойынша берілген ақпаратты талдайды және жартыжылдықтан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей мемлекеттік органдарға қорытылған ақпаратты жібереді.
Қорытуда осы Үлгі ереженің 8-1-тармағында көзделген мәселелер бойынша тиісті ұсынымдары бар қорытындыны талдау қамтылуға тиіс.».

4

5

Қолданыстағы