Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил формирования и функционирования информационной системы учета нефти

Бұйрық · № 211 · қабылданған 18.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89426/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении Правил формирования и функционирования информационной системы учета нефти Күшін жойған Бұйрық ·№ 211 ·18.03.2015
29.06.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил формирования и функционирования информационной системы учета нефти

Күшін жойған Бұйрық ·№ 211 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил формирования и функционирования информационной системы учета нефти
Атауы (қаз.)
Мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің қалыптасуы және жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
211
Қабылданған күні
18.03.2015
Көрсетілген редакция
29.06.2018 89426_333286.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010828
ЭКБ идентификаторы
89426
Редакция идентификаторы
89426_333286
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:03

0 Мұнайды есепке алу ақпараттық

жүйесінің қалыптасуы және жұмыс
істеу қағидасын бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 18-бабының 23-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің қалыптасуы және жұмыс істеу қағидасы бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ақпараттық технологиялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзiмдi баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің м.а.
_________________ М. Құсайынов
2015 жылғы 27 наурыз

0 Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 211 бұйрығымен  бекітілген
Мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің
қалыптасуы және жұмыс істеу қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің қалыптасуы және жұмыс істеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және жұмыс істеу (бұдан әрі – Жүйе) тәртібін айқындайды.

2 2. Жүйе мұнайды өндіру, шығару, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеп-жөнелту, оның шығыны, оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету көлемдері туралы ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және қолдануды автоматтандыруға арналған.

3 3. Осы Қағидада қолданылатын ұғымдар Заң анықтамасынан алынған.

2 2. Жүйенің қалыптасу тәртібі

4

4. Мұнайды өндіру және оның айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер (бұдан әрі – Субьектілер) мұнайды, оның ішінде газ конденсатын, шикі және тауар газын өндіру, шығару, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеп-жөнелту, оның шығыны, оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету туралы ақпаратты есепке алу жүйесінде бар көлемдерге аудит өткізіп және ықпалдасу мүмкіндіктеріне баға беру үшін Жүйе операторына береді (бұдан әрі – Субъектілердің ішкі жүйесі).

5

5. Жүйені енгізу және қалыптастыру іс-шараларын өткізу үшін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі уәкілетті орган) құрамына уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы "Ақпараттандыру туралы" Заңының 6 бабы, 22 тармағына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның, Жүйе операторының және өзге мүдделі тұлғалар кіретін жұмыс тобын құрады.

6 6. Жұмыс тобы өз бетімен немесе өзге ұйымдардан кеңесшілер және (немесе) сарапшылар тарту арқылы:

1 1) ішкі жүйесі бар субъектілердің талдауын жасау графигін әзірлейді;

2 2) ішкі жүйесі бар субъектілердің талдауын жасайды;

3 3) ішкі жүйесі бар субъектілерді ықпалдастыру және Жүйені қалыптастыру алгоритмін жасайды;

4 4) Жүйеге ықпалдастыру мақсатында әр Субъектіге ішкі жүйені жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды;

5 5) ішкі жүйесі бар Субъектіні Жүйеге ықпалдастыру графигін жасайды;

6 6) ішкі жүйелері сынақтық қолдану кезеңінде ықпалдастырылатын Субъектілер тізімін айқындайды.

7 7. Жүйені өнеркәсіптік пайдалануға енгізуден бұрын жұмыс тобы келесі іс-шараларды өткізеді:

1 1) Жүйенің және субъектілердің ықпардастырылған ішкі жүйелерінің өзара ақпараттық іс-қимылын байқаудан өткізу;

2 2) сынақтық пайдалану нәтижесіне талдау жасап, қажеттілік болса – өзара ақпараттық іс-қимыл шеңберінде әзірленген сервистерді пысықтау;

3 3) қосылатын сервистегі ақпараттық сұраныстың қарқынына баға беру, жүктемелік тестілеу;

4 4) Жүйені алдын ала сынақтан өткізу.

8 8. Жүйені өнеркәсіптік қолданысқа енгізуді жұмыс тобы өткізілген 7-тармақта аталған іс-шаралардың оң нәтижесі негізінде жүзеге асырады.

9 9. Жүйені өнеркәсіптік пайдалануға енгізгеннен кейін Жүйе операторы сынақтық пайдалану кезеңінде ықпалдастырылмаған Субъектілердің ішкі жүйелерін ықпалдастыруды жүзеге асырады.

10 10. Жүйені өнеркәсіптік пайдалануға енгізгеннен кейін Субъектілер ішкі жүйелермен Жүйенің өзара ақпараттық іс-қимылының жұмыс істеу тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

3 3. Жүйенің жұмыс істеу тәртібі

11 11. Жүйеге жаңа ақпаратты қосу және (немесе) Жүйедегі ақпаратқа өзгеріс енгізу Жүйенің дерекқорына жаңа ақпараттық жазбалар жасау жолымен жүзеге асырылады.

12 12. Өзара ақпараттық іс-қимыл процесінде мұнайды шығару, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеп-жөнелту, оның шығыны, оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету туралы ақпараттар Жүйеге берілуге жатады.

13 13. Мемлекеттік құпия, комерциялық құпия немесе өзге де Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын құпия ақпараттардан өзге Жүйедегі ақпараттар жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады (бұдан әрі - жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат).

14 14. Жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты қалыптастыру және тарату мақсатында Жүйе операторы Жүйедегі ақпаратты өңдеуді және талдау жасауды, сонымен қатар уәкілетті органға таратылуы шектелген ақпараттар бойынша статистикалық және аналитикалық баяндама дайындауды жүзеге асырады.

15

15. Жүйенің бағдарламалық-техникалық құралдарын қолданусыз жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратқа қол жеткізу Жүйе операторымен аталған ақпаратты ресми интернет-қорларында орналастыру, статистикалық жинақтарды, талдау материалдарын дайындау мен іске асыру және Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілген өзге де әдістер арқылы жүзеге асырылады.

16 16. Субъектілерге Жүйенің бағдарламалық-техникалық құралдарын қолдану арқылы Жүйедегі жалпыға бірдей қолжетімді ақпараттар мен өздері берген ақпаратқа қол жеткізуді Жүйе операторы қамтамасыз етеді.

17 17. Мемлекеттік құпия, комерциялық құпия немесе өзге де Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын құпия ақпараттарға қол жетімділік Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте уәкілетті тұлғаның жазба өтініші бойынша жүзеге асырылады.

18 18. Жүйеде қамтылған ақпаратты қорғау Жүйе операторымен қорғаудың ұйымдық және техникалық шараларын қолдану, сонымен Қазақстан Республикасы ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес Жүйені пайдалануды бақылау арқылы қамтамасыз етіледі.

19 19. Жүйені құру, пайдалану және жетілдіру барысында ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету үшін:

1 1) Жүйеде қамтылған ақпаратты қорғау талаптарын қалыптастыру;

2 2) Жүйенің қорғау жүйесін (ішкі жүйе) әзірлеу және енгізу;

3 3) ақпараттық қауіпсіздік талаптары бойынша сертификатталған ақпаратты қорғау құралдарын қолдану, сонымен қатар Жүйені ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттау;

4 4) ақпараттық-телекоммуникациялық желілер арқылы берілетін ақпаратты қорғау;

5 5) Жүйені пайдалану барысында ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету.

20 20. Жүйе операторы ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету мақсатында:

1 1) жүйедегі ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуге және (немесе) ақпарат қолжетімділік құқығы жоқ тұлғаларға беруге жол бермеуді;

2 2) жүйедегі ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу дәйектерін уақытылы анықтауды;

3 3) ақпарат өңдеу техникалық құралдарының жұмыс істеуінің бұзылуына әсер ететін жағдайларды болдырмауды;

4 4) жүйедегі ақпаратқа рұқсатсыз қолжетімділік салдарынан жойылған немесе өзгертілген ақпаратты жедел түрде қалпына келтіру мүмкіндігін;

5 5) ақпараттың қорғалу деңгейін қамтамасыз етуді тұрақты түрде бақылауды қамтамасыз етеді.

Қолданыстағы