Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил эксплуатации внутренних водных путей

Бұйрық · № 161 · қабылданған 24.02.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89430/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил эксплуатации внутренних водных путей Қолданыста Бұйрық ·№ 161 ·24.02.2015
24.02.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил эксплуатации внутренних водных путей

Қолданыста Бұйрық ·№ 161 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил эксплуатации внутренних водных путей
Атауы (қаз.)
Ішкі су жолдарын пайдалану қағидаларын текіру туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
161
Қабылданған күні
24.02.2015
Көрсетілген редакция
24.02.2015 89430_56772.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010870
ЭКБ идентификаторы
89430
Редакция идентификаторы
89430_56772
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:29

0 Ішкі су жолдарын

пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiліп отырған Ішкі су жолдарын пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
__________ Матмытбеков А.С.
2015 жылғы 30 наурыз

0 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 161 бұйрығымен
бекiтiлген
Ішкі су жолдарын пайдалану қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ішкі су жолдарын пайдалану қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрi – Заң) 9-бабы 1-тармағының 26-6) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарын пайдалану тәртiбiн айқындайды.

2

2. Ішкі су жолдары жолаушыларды, багажды, жүктердi және почта жөнелтiнiмдерiн тасымалдауға, кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн тiркеп сүйреуге, пайдалы қазбаларды iздеу, барлау және өндiру, балық аулау және өзге де кәсiпшілiк, құрылыс, жол, гидротехникалық, су асты-техникалық және басқа осы сияқты жұмыстарды жүргiзуге, кемелердi лоцмандық алып өтуге, құтқару операцияларына, су объектілерiн қорғауға, оларды ластану мен қоқыстанудан сақтау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға, суға батқан мүлiктi көтеруге, санитарлық және басқа да бақылауға, ғылыми зерттеулер жүргiзуге, оқу, спорттық, мәдени және өзге де мақсаттарға арналған.

3 3. Осы Қағидаларда Заңда көзделген ұғымдар және мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жер снаряды - кемелердiң және өзге де жүзу объектiлерiнiң қауiпсiз жүзуiн қамтамасыз ету мақсатында түбiн тереңдету жұмыстарын жүргiзуге арналған кеме;

2 2) навигациялық қоршау - ішкі су жолдарында олардың күрделілігін, кеме қатынасының көлемдерiн, су астындағы кедергiлердiң бар болуын көрсету үшiн қойылатын және кеме қатынасының қауiпсiздігін қамтамасыз ететiн навигациялық жабдық құралдары;

3 3) өлшеу жұмыстары - кеме жолының тереңдiгін өлшеу;

4 4) сағалық партияның жоспары - уәкiлеттi органның кәсiпорындары (бұдан әрi - кәсiпорындар) бекiтетiн белгiлi бiр кезеңге арналып өзіне гидрографиялық, геодезиялық, геологиялық, түбiн тереңдету, ғылыми-iздестiру және басқа да жұмыстарды қамтитын iздестiру жұмыстарының жоспары;

5 5) тральдау жұмыстары - тральдiң көмегімен ішкі су жолдарын тазалау немесе белгiленген көлемдердi тексеру бойынша жұмыстар;

6 6) шектеулi қазу - жол жұмыстарын жүргiзудi қажет ететiн, кемелер мен құрамдар үшiн көлемдерi мен шөгуi бойынша белгiлi бiр шектеулерi бар кеме қатынасының учаскесi.

2 2. Ішкі су жолдарын қолдану тәртібі

1 Параграф 1. Ішкі су жолдарын ұстау

4 4. Ішкі су жолдарын күтiп ұстау кемелер мен құрамдардың қауiпсiз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

5 5. Ішкі су жолдарын күтiп ұстау мынадай жағдайлар кезiнде талап етiлмейдi:

1 1) егер ішкі су жолының екi жағалауы да кеме жүзетiн болып табылса және кемелердiң қозғалысы сағаның бүкiл енi бойына мүмкiн болса (мұндай жағдайда навигациялық белгiлер орнатылмауы мүмкiн);

2 2) егер ішкі су жолының бүкiл ұзына бойында шектеулi қазулар болмаса және кемелер мен құрамдар үшiн қәлемi мен шөгуi бойынша шектеулер болмаса.

6 6. Жол жұмыстарын, оның iшiнде мемлекеттiк меншiктегі порттардағы рейдтердi және осы порттардың айлақтарына кiреберiстердi жайластыру мен күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзудi, сондай-ақ кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды күтiп ұстауды кәсiпорындар жүзеге асырады.

7 7. Порттарға кiреберiстерде (осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетiлмеген), сондай-ақ тұру пункттерiнде жол жұмыстарын жүргiзудi олардың иелерi уәкілеттi органмен келiсiм бойынша жүзеге асырады.

8 8. Iшкi су жолдарын және олардағы кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды күтiп ұстау бойынша жұмыстар жол жұмыстарын жүргiзуге арналған арнайы рұқсаттарсыз жүзеге асырылады.

9 9. Жер снарядтарымен шектеулi қазуларды игеру өзен арнасының қайырылуын болдырмай, тек сағалық партиялардың жоспарлары бойынша ғана жүргiзiледi.

10 10. Iшкi су жолдарының жай-күйін қадағалауды кеме қатынасы су жолдарына навигацияда екi реттен кем емес тұрақты тексерулер жүргізу арқылы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелер) жүзеге асырады.

2 Параграф 2. Ішкі су жолдарының көлемдерi

11 11. Ішкі су жолдарында кәсiпорындар кеме жолының кепілді көлемдерiн (тереңдiгi, енi, оның осiнiң айналу радиусы) қамтамасыз етедi.

12 12. Кемелердiң көлемдерi (ұзындығы, ені, су үстiндегі көлемi, шөгуi) және олардың жылдамдығы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес су жолы мен кеме қатынайтын шлюздердiң техникалық деректерiне сәйкес болуы тиiс.

3 Параграф 3. Ішкі су жолдарын навигациялық қоршау

13 13. Ішкі су жолдарын навигациялық қоршау iшкi су жолдарында кемелердiң жүзуiне қауiпсiз жағдайлар жасауға және жасанды құрылыстардың сақталуын қамтамасыз етуге арналған.

14 14. Ішкі су жолдарының навигациялық қоршауын күтiп ұстауды кәсiпорындар орындайды және ол навигациялық жабдық құралдарын орнату мен оларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргiзуден тұрады. Кәсiпорындар кеме жүргiзушілерге жол жағдайларының жай-күйі мен олардың өзгеруi туралы хабарлайды.

15

15. Темiр жол, автожол, коммуналдық және қалқымалы көпiрлерде, су астындағы және әуедегi өту жолдарында, су жинағыштар мен су жiбергiштерде, оларды сақтауға және кемелердiң жүзуiне қауiпсiз жағдай жасауға арналған кеме қатынасы дабылының белгілерi (тұрақты мен жүзбелi) мен шырақтарын орнату және күтiп ұстауды осы құрылыстардың иелерi жүргізедi.

16

16. Су кiре берiстерiндегi және порттар, айлақтар, бөгеттер, рейдтер және оқшауландырылған пайдаланымдағы су жолдарының басқа да учаскелерi акваториясындағы навигациялық қоршауды орнату мен күтiп ұстауды осы акваториялар мен су жолдарының учаскелерi пайдаланымында орналасқан жасанды құрылыстардың иелерi және ұйымдар уәкілеттi органмен келiсiм бойынша жүргiзедi.

17 17. Жағалық және қалқыма белгiлердегi навигациялық шырақтар азаматтық ымырттың ортасына сәйкес келетiн (күннің көкжиектен 3 градус төмен болған кезiнде) кемiнде 40 - 100 люкс құрайтын көлденеңiнен жарық түсiрген кезде жұмыс iстеуге тиiс.

Құрылыстардағы навигациялық шырақтар шектеулі көру кезеңiнде жұмыс iстеуге тиiс.

18 18. Су жолының дабыл белгілерiн кемелердi немесе жүзу құралдарын арқандап байлау немесе шығару үшiн пайдалануға, сондай-ақ осы белгiлердi зақымдауға жол берiлмейдi.

19 19. Әрбiр кеме жүргiзушi тиiсті кәсiпорынды жолдың дабыл белгiлерiнде байқалған жұмыс iстеу ақаулығының барлық жағдайлары (сөнген шырақ, бакеннің, қалқыманың орнынан қозғалуы, белгiнiң зақымдануы) туралы хабардар етедi.

20 20. Кәсiпорындар iшкi су жолдарының қоршаулары зақымдануының, құрамдар көлемдерi мен жолдың жарияланған көлемдерiнің сәйкес болмауы салдарынан қазулар зақымдануының барлық жағдайларына актілер жасайды және оларды жою жөнiнде қажеттi шаралар қабылдайтын аумақтық бөлiмшелерге жiбередi.

1 Ішкі су жолдарын

пайдалану қағидаларына
қосымша
Кемелер мен су жолдары көлемдерiнiң ара қатынасы
Ішкі су жолдарындағы түп астындағы ең аз су қорлары (сантиметрмен)
Су жолының
тереңдігі
Барлық кемелер үшiн
Құмды және жұмыртасты жерде
Тасты жерде
150-ден кем
10
15
150-300
15
20
300-ден артық
20
25
Ескертпе:

1 1. Қорлардың мәнi шектеулi қазуда жарияланған тереңдiк пен тұрған кеменiң ең үлкен шөгуi арасындағы айырмашылықты көрсетедi.

2 Кеме қатынайтын шлюздердегi түп астындағы су қорлары (сантиметрмен)

2. Тереңдiгi бойынша шектеулі қазудан өткен кезде кеме жүргiзушiлерi қайырлау құбылысын ескередi және кеме жылдамдығын төмендету немесе көмекшi сүйретiп жүзуші кеменi тарту жолымен, мұндай шаралар жеткiлiксiз болған кезде - шөгудi (тиеудi) тиiстi азайту жолымен оны төмендету үшiн шаралар қабылдайды.
Кеме қатынайтын шлюздердегi түп астындағы су қорлары (сантиметрмен)
Табалдырық
салу тереңдігі
Тасты немесе бетонды кеме қатынайтын шлюз табалдырығындағы су қоры
100-гe дейiн
-
100-ден артық
-
250-ге дейiн
25
250-ден артық
40
Кеме қатынайтын шлюздiң енi мен ұзындығы бойынша қорлар
Енi 10 метрге дейiн кеме қатынайтын шлюздегi кеме борты (ең үлкен енi бойынша) мен кеме қатынайтын шлюздiң қабырғасы арасындағы қор енi 18 метрге дейiн кеме қатынайтын шлюзде тиiсiнше - 0,4 метр, 18 метрден артық - 0,5 метр, әрбiр борт жағынан 0,2 метр болуы тиiс.
Кеме қатынайтын шлюзден өткен кезде жалғыз кеменiң (кеме құрамының) ұзындығы оның камерасының пайдалы ұзындығынан кем болуы тиiс: ұзындығы 50 метрге дейiн кеме қатынайтын шлюзде - 1 метрге, ұзындығы 51 метрден 100 метрге дейiн - 2 метрге, 101 метрден 150 метрге дейiн - 4 метрге, 151 метрден 210 метрге дейiн - 6 метрге және ұзындығы 210 метрден артық кеме қатынайтын шлюзде - 10 метрге.

Қолданыстағы