Об утверждении Правил деятельности психологической службы в организациях среднего образования Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил деятельности психологической службы в организациях среднего образования Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 81
- Қабылданған күні
- 01.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 26.01.2023 89435_619356.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15V0003924
- ЭКБ идентификаторы
- 89435
- Редакция идентификаторы
- 89435_619356
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:39
0 Шығыс Қазақстан облысының
орта білім беру ұйымдарындағы
психологиялық қызметтің жұмыс істеу
қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 2-тармағының
24-6) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Шығыс Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі
№ 81 қаулысымен бекітілген
Шығыс Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шығыс Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Шығыс Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті (бұдан әрі – Психологиялық қызмет) ұйымдастыру және жұмыс істеуін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Психологиялық қызмет жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы, сондай-ақ осы Қағидалар шеңберінде жүзеге асырылады.
3. Психологиялық қызметтің құрылымы білім беру ұйымдарының тұрпатына, түріне және қажеттілігіне қарай айқындалады.
2. Психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері
4. Психологиялық қызметтің мақсаты – білім алушылардың психикалық және психологиялық денсаулығын сақтауға ықпал ету, білім беру ұйымында жағымды әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және оқу-тәрбие беру үрдісіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
5. Психологиялық қызметтің міндеттері:
1) білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына жәрдемдесу, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
2) білім алушыларға жылдам дамып келе жатқан ақпараттық қоғам жағдайында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық көмек көрсету;
3) әрбір білім алушымен оның тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде жеке тіл табысуды қамтуға жәрдемдеу;
4) білім алушылардың психологиялық диагностикасын жүргізу және шығармашылық әлеуетін дамыту;
5) білім алушылардың психологиялық қиыншылықтары мен проблемаларын шешу жөнінде психикалық түзеу жұмысын жүзеге асыру;
6) білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтауда жәрдемдесу;
7) психологиялық-педагогикалық проблемаларды шешуде және
оқу-тәрбие жұмысының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға) мен педагогтарға консультативтік көмек көрсету;
8) өзіне-өзі қол жұмсау және оған әрекет етудің алдын алу мақсатында өзіне-өзі қол жұмсауға бейім кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ олардың
ата-аналарына (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға) психологиялық көмек көрсету.
3. Психологиялық қызмет жұмысының негізгі бағыттары мен мазмұны
6. Психологиялық қызмет өз жұмысын келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады: психикалық-диагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзеу-дамыту.
7. Психикалық-диагностикалық бағыт:
1) психикалық дамуын анықтау мақсатында білім алушылардың психологиялық диагностикасын;
2) оларды бейімдеу, дамыту және әлеуметтендіру мақсатында білім алушыларды кешенді психологиялық тексеруді;
3) білім алушылардың қабілеттері, қызығушылықтары және бейімділіктерінің психологиялық диагностикасын;
4) психологиялық диагностика қорытындысы бойынша қорытындылар мен ұсынымдарды дайындауды қамтиды.
8. Консультативтік бағыт:
1) білім алушыларға, ата-аналар (немесе оларды ауыстыратын тұлғалар) мен педагогтарға олардың сұраныстары бойынша консультация жүргізуді;
2) білім алушыларға, ата-аналар (немесе оларды ауыстыратын тұлғалар) мен педагогтарға жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау және айналасындағылармен өзара қарым-қатынастағы проблемалар бойынша жеке консультация жүргізуді;
3) түңілу, жанжал, қатты эмоционалдық күйзеліс жағдайында жүрген білім алушыларға психологиялық көмек көрсетуді;
4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде татуластырушы жұмысын ұйымдастыруды қамтиды.
9. Ағартушылық-профилактикалық бағыт:
1) білім алушылардың және педагогтардың кәсіптік өсуіне, өзін-өзі айқындауына жәрдемдесуді;
2) білім алушылардың мінезінің бейімсіздігінің алдын алуды;
3) әдістемелік бірлестіктер, педагогикалық кеңес және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумдар жұмысына жәрдемдесуді;
4) педагог-психологтың функционалдық міндеттерінің, кәсіптік құзыреттілігінің шеңберінен шығатын және бір топ мамандардың қатысуын талап ететін проблемаларды шешу жөнінде сабақтас-кәсіби мамандармен (дәрігерлермен, дефектологтармен, логопедтермен, тифлопедагогтармен және басқалармен) өзара іс-қимылды жүзеге асыруды.
10. Түзету-дамытушылық бағыт:
1) психологиялық-педагогикалық тренингтерді өткізуді;
2) білім алушылардың, педагогтардың тұлғалық, зияткерлік, эмоционалдық-жігерлік, шығармашылық дамуын үйлестіру жөнінде психикалық түзеу және дамыту сабақтарын ұйымдастыруды;
3) тұлғааралық қарым-қатынастарды, мінез-құлықтық ауытқушылықтарды түзеуді қамтиды.
11. Психологиялық қызметтің жұмысын білім беру саласындағы уәкілетті орган үйлестіреді.
12. Психологиялық қызметтің жұмысы педагог және медицина, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерімен, қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен, ата-аналар қауымымен өзара әрекеттестікте жүзеге асырылады.
13. Психологиялық қызмет педагог-психологтардың әдістемелік бірлестігімен, психологиялық орталықтармен, кафедралармен және практикалық психологтар қауымдастықтарымен және білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерімен өзара іс-қимыл жасайды.
14. Психологиялық қызметтің педагог-психологы өз қызметінде:
1) осы Қағидаларды басшылыққа алады;
2) өзінің кәсіптік құзыреттілігі және біліктілік талаптары шеңберінде шешім қабылдайды;
3) жалпы психология, педагогикалық психология мен жалпы педагогика, жеке тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас ерекшелік психологиясы, әлеуметтік психология, медициналық психология, психикалық диагностика, психологиялық консультация беру және әлеуметтік, практикалық және жас ерекшелік психологиясы саласындағы психологиялық ғылымның жаңа жетістіктерінен білімі болады;