Об утверждении правил поступления и использования безнадзорных животных поступивших в коммунальную собственность
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении правил поступления и использования безнадзорных животных поступивших в коммунальную собственность
- Атауы (қаз.)
- Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 171
- Қабылданған күні
- 09.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2015 89436_60377.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15TB003198
- ЭКБ идентификаторы
- 89436
- Редакция идентификаторы
- 89436_60377
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:32
0 Коммуналдық меншікке келіп
түскен қараусыз қалған жануарларды
келіп түсу және пайдалану қағидасын
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабының 22) тармақшасына және 31 бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі өкіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасы бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ахметовке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Жылыой ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «09» сәуірдегі
№ 171 қаулысымен бекітілген
Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасы
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес жасақталды және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібінайқындайды.
2
2. Егер жұмыс малы мен iрi қараны ұстап алғаны туралы мәлiмделген кезден бастап алты ай iшiнде және басқа үй жануарлары жөнiнде-екi ай iшiнде олардың меншiк иесi табылмаса және оларға өзiнiң құқығы туралы мәлiмдемесе, бұл жануарларға меншiк құқығы жануарларды баққан және пайдаланған адамғакөшедi.
3 3. Бұл адам бағуында болған жануарларды меншiгiне алудан бас тартқан жағдайда олар коммуналдық меншiккетүседi.
2 2. Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды есепке алу, бағалау, сақтау және пайдалану
4
4. Аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану үшін оларды аудандық коммуналдық мүліктер тізбесіне енгізіп және бағалау жүргізіледі. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін жануарлар аудандық әкімдіктің қаулысы негізінде тиісті әкім аппаратының теңгеріміне бекітіледі. Тізбеге енгізу және бағалау, сонымен қатар теңгерімге алу жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіппен Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісі (бұдан әрі - Тізімдеу актісі) негізінде жүргізіледі.
5 5. Жануарларды есепке алу, бағалау, сақтау және пайдалану шығындары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
6 6. Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен жануарлар олардың уақытша күтімге алу үшін жергілікті атқарушы орган анықтаған жеке немесе заңды тұлғаларға «Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жасалған келісім-шарт негізіндебекітіледі.
7 7. Жануарларды уақытша күтімге алатын тұлғаларды анықтау кезінде жануарларды күтімге алуүшін қажетті жағдайыболуы ескеріледі.
8 8. Жануарларды бағу мен пайдалануға берілген тұлғалар, жануарлардың
өлім-жітімі мен іске жарамай қалғаны үшін бұған кінәсі болған кезде ғана және сол жануарлардың шекті құны мөлшерінде жауапты болады.
9 9. Аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарлар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларғасәйкес пайдаланылады.
10 10. Аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану тәсілін әрбір нақты жағдайда аудан әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі - комиссия) уақытша күтімдегі мерзім ішінде шешеді. Комиссияшешімі хаттамамен рәсімделеді.
3 3. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару тәртібі
11
11. Жануарлар мемлекет меншігіне өткеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал не өзгедей мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін мән-жайлар болған кезде–ол ауданның тиісті жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша айқындалатын шарттармен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде сот тәртібімен оларды өзіне қайтарып беруді талапетуге құқылы.