Об утверждении Типовых правил внутреннего распорядка организации образования Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Типовых правил внутреннего распорядка организации образования Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы білім беру ұйымы ішкі тәртібінің үлгі қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 80
- Қабылданған күні
- 01.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 03.06.2024 89437_715307.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15V0003925
- ЭКБ идентификаторы
- 89437
- Редакция идентификаторы
- 89437_715307
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:39
0 Шығыс Қазақстан облысы
білім беру ұйымы
ішкі тәртібінің үлгі қағидаларын
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 2-тармағы 24-7) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысы білім беру ұйымы ішкі тәртібінің үлгі қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы «1» сәуірдегі
№ 80 қаулысымен бекітілді
Шығыс Қазақстан облысы білім беру ұйымы
ішкі тәртібінің үлгі қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Шығыс Қазақстан облысы білім беру ұйымы ішкі тәртібінің үлгі қағидалары (бұдан әрі – Үлгі қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 2-тармағы 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымының ішкі тәртібін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2 2. Үлгі қағидалар білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту кезінде бірыңғай тұрғыда қарауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
3
3. Ішкі тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлердің, сондай-ақ білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, ата-аналардың және білім беру ұйымының өзге де заңды өкілдерінің оларға Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасымен және Білім беру ұйымы ішкі тәртіп қағидаларымен жүктелген міндеттерді сақтауын қамтамасыз етеді.
2 2. Білім беру ұйымының ішкі тәртібі
4 4. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидалары:
білім беру ұйымының әкімшілігі мен педагогтарының білім алушылармен, тәрбиеленушілермен, ата-аналармен және өзге заңды өкілдермен өзара іс-әрекет етуін;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің білім алуы және олардың өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайдың жасалуын;
ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды;
білім беру ұйымы жұмысының басталу мен аяқталу уақытын, олардың арасындағы үзілістерді;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтығын; оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібін көздейді.