Құжат мәтініне өту

О схем зонирования и поправочных коэффициентах к базовой ставке земельного налога для целей налогообложения села Баянды

Өзге акт · № 30/316 · қабылданған 20.03.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89442/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О схем зонирования и поправочных коэффициентах к базовой ставке земельного налога для целей налогообложения села Баянды Қолданыста Өзге акт ·№ 30/316 ·20.03.2015
27.04.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О схем зонирования и поправочных коэффициентах к базовой ставке земельного налога для целей налогообложения села Баянды

Қолданыста Өзге акт ·№ 30/316 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О схем зонирования и поправочных коэффициентах к базовой ставке земельного налога для целей налогообложения села Баянды
Атауы (қаз.)
Баянды ауылын салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
30/316
Қабылданған күні
20.03.2015
Көрсетілген редакция
27.04.2018 89442_324740.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15MG002702
ЭКБ идентификаторы
89442
Редакция идентификаторы
89442_324740
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:56

0 Баянды ауылын салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Баянды ауылын салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы мен жер аймақтарының сипаттамасы және салық салу мақсатындағы жер салығының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

2 2. Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Себепбаева).

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
М. Таңатар
20 наурыз 2015 жыл.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық жер
қатынастары бөлімі» мемлекеттік
мекемесі басшысының м.а.
Ә. Өтегенов
20 наурыз 2015 жыл.

5 Баянды ауылын салық салу мақсатында аймақтарға бөлу СХЕМАСЫ

Мұнайлы аудандық мәслихатының
20 наурыз 2015 жылғы
№ 30/316 шешіміне
1-қосымша

6 Аймақтардың сипаты

Мұнайлы аудандық мәслихатының
2015 жылғы 20 наурыздағы
№30/316 шешіміне
2-қосымша
Баянды ауылы жерлері аймақтарының сипаттамасы және салық салу мақсатындағы жер салығының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері
Аймақтар №
Аймаққа енетін аумақтар
Салық салу коэффициенттері
1
Селитебтік аймақ
1,4
2
Өндірістік аймақ
1,5
3
Ауыл шаруашылығы және өзге режимде пайдалану аймағы
1,0
Аймақтардың сипаты
1-ші аймақ - Селитебтік аймақ – тұрғын үй және қоғамдық-іскерлік құрылыстар, көлік, байланыс, инженерлік коммуникациялар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, ортақ пайдалану;
2-ші аймақ - Өндірістік аймақ;
3-ші аймақ - Ауыл шаруашылығы және өзге режимде пайдалану аймағы.

Қолданыстағы