Құжат мәтініне өту

О границах ценового зонирования и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки по сельскому округу Кызылтобе

Өзге акт · № 30/309 · қабылданған 20.03.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89461/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О границах ценового зонирования и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки по сельскому округу Кызылтобе Қолданыста Өзге акт ·№ 30/309 ·20.03.2015
20.04.2016 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О границах ценового зонирования и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки по сельскому округу Кызылтобе

Қолданыста Өзге акт ·№ 30/309 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О границах ценового зонирования и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки по сельскому округу Кызылтобе
Атауы (қаз.)
Қызылтөбе ауылдық округі бойынша бағалық аймақтарға бөлу шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
30/309
Қабылданған күні
20.03.2015
Көрсетілген редакция
20.04.2016 89461_110393.kaz
Соңғы өзгеріс
20.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15MG002706
ЭКБ идентификаторы
89461
Редакция идентификаторы
89461_110393
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:56

0 Қызылтөбе ауылдық округі бойынша бағалық аймақтарға бөлу шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Жер Кодексінің 8,11 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының №148 Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қызылтөбе ауылдық округі бойынша бағалық аймақтарға бөлу схемасы мен жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері және жер аймақтарының сипаттамасы осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

2

2. «Қызылтөбе селолық округі бойынша бағалық аймақтарға бөлу шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері туралы» 2009 жылғы 8 мамырдағы №15/165 Мұнайлы аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-49 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 маусымда №24 (80) «Мұнайлы» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3

3. Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Себепбаева).

5 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық жер
қатынастары бөлімі» мемлекеттік
мекемесі басшысының м.а.
Ә. Өтегенов
20 наурыз 2015 жыл.

6 Қызылтөбе ауылдық округі бойынша бағалық аймақтарға бөлу СХЕМАСЫ

Мұнайлы ауылдық мәслихатының
20 наурыз 2015 жылғы
30/309 шешіміне
1-қосымша

7 Аймақтардың сипаты

Мұнайлы аудандық мәслихатының
2015 жылғы 20 наурыздағы
№30/309 шешіміне
2-қосымша
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері және Қызылтөбе ауылдық округі жер аймақтарының сипаттамасы
Аймақтар №
Аймаққа енетін аумақтар
Бағалық аймақ бойынша коэффициенттер
1
Селитебтік аймақ
2,0
2
Өндірістік аймақ
1,8
3
Ауыл шаруашылығы және өзге режимде пайдалану аймағы
1,6
Аймақтардың сипаты
1-ші аймақ – Селитебтік, жеке тұрғын үй құрылысы, негізгі әкімшілік ғимараттар, жалпы білім беру мектептері, балабақшалар, спорт мектептері, мәдениет үйі, кітапхана, емхана, мешіт, ұсақ жеке дүкендер желісі, кафе, мейрамханалар;
2-ші аймақ - Өндірістік аймақ;
3-ші аймақ - Ауыл шаруашылығы және өзге режимде пайдалану аймағы.

Қолданыстағы