О схем зонирования и поправочных коэффициентах к базовой ставке земельного налога для целей налогообложения сельского округа Кызылтобе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О схем зонирования и поправочных коэффициентах к базовой ставке земельного налога для целей налогообложения сельского округа Кызылтобе
- Атауы (қаз.)
- Қызылтөбе ауылдық округін салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 30/310
- Қабылданған күні
- 20.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.04.2018 89471_324734.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15MG002704
- ЭКБ идентификаторы
- 89471
- Редакция идентификаторы
- 89471_324734
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:56
0 Қызылтөбе ауылдық округін салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қызылтөбе ауылдық округін салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы мен жер аймақтарының сипаттамасы және салық салу мақсатындағы жер салығының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2
2. «Қызылтөбе селолық округін салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы» 2009 жылғы 08 мамырдағы №15/166 Мұнайлы аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-50 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 маусымда №24 (80) «Мұнайлы» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Себепбаева).
5 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
М. Таңатар
20 наурыз 2015 жыл.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық жер
қатынастары бөлімі» мемлекеттік
мекемесі басшысының м.а.
Ә. Өтегенов
20 наурыз 2015 жыл.
6 Қызылтөбе ауылдық округін салық салу мақсатында аймақтарға бөлу СХЕМАСЫ
Мұнайлы аудандық мәслихатының
20 наурыз 2015 жылғы
№ 30/310 шешіміне
1-қосымша
7 Аймақтардың сипаты
Мұнайлы аудандық мәслихатының
2015 жылғы 20 наурыздағы
№30/310 шешіміне
2-қосымша
Қызылтөбе ауылдық округі жерлері аймақтарының сипаттамасы және салық салу мақсатындағы жер салығының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері
Аймақтар №
Аймаққа енетін аумақтар
Салық салу коэффициенттері
1
Селитебтік аймақ
1,4
2
Өндірістік аймақ
1,5
3
Ауыл шаруашылығы және өзге режимде пайдалану аймағы
1,0
Аймақтардың сипаты
1-ші аймақ - Селитебтік, жеке тұрғын үй құрылысы, негізгі әкімшілік ғимараттар, жалпы білім беру мектептері, балабақшалар, спорт мектептері, мәдениет үйі, кітапхана, емхана, мешіт, ұсақ жеке дүкендер желісі, кафе, мейрамханалар;
2-ші аймақ - Өндірістік аймақ;
3-ші аймақ - Ауыл шаруашылығы және өзге режимде пайдалану аймағы.