Об утверждении Правил выплаты надбавок за классность спасателям аварийно-спасательных служб и формирований
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил выплаты надбавок за классность спасателям аварийно-спасательных служб и формирований
- Атауы (қаз.)
- Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидаларын бекiту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 226
- Қабылданған күні
- 16.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 14.08.2025 89485_772723.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010797
- ЭКБ идентификаторы
- 89485
- Редакция идентификаторы
- 89485_772723
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:06
0 Авариялық-құтқару қызметтерi мен
құралымдары құтқарушыларының
сыныптылығына үстемеақылар төлеу
қағидаларын бекiту туралы
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 59) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса берiлiп отырған Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидалары бекiтiлсiн.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгiленген тәртiппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 226 бұйрығымен
бекітілген
Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының
сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидалары
1 1. Осы Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидалары авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу тәртібін айқындайды.
2 2. Мерзімді аттестаттау барысында сыныптылық берілген, сондай-ақ мерзімді, кезектен тыс және қайтадан аттестаттау мен қайта аттестаттау кезінде авариялық–құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларына Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес үстемеақы төленеді.
3
3. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығы үшін үстемеақылар төлеу авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары басшысының не азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы басшысының сыныптық беру (растау) туралы бұйрығының негізінде, мерзімді аттестаттау қорытындысы бойынша жүргізіледі.
4
4. Мерзімді және кезектен тыс аттестаттау өтпеген авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларына авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары басшысының не азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы басшысының сәйкес бұйрығының негізінде сыныптылығы үшін үстемеақылар төлеу тоқтатылады.
5
5. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларына сыныптылығы үшін үстемеақылар төлеу олар қайта аттестаттаудан өткен соң авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары басшысының не азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы басшысының сыныптылығын растау туралы бұйрығының негізінде қайта жалғастырылады.
6
6. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларына сыныптылығы үшін үстемеақылар төлеу қайта аттестаттау кезінде құтқарушы сыныптылығын жоғалтқан (растамаған) жағдайда авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары басшысының не азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы басшысының сәйкес бұйрығының негізінде тоқтатылады.