Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания паллиативной помощи и сестринского ухода

Бұйрық · № 168 · қабылданған 27.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89491/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания паллиативной помощи и сестринского ухода Күшін жойған Бұйрық ·№ 168 ·27.03.2015
23.11.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания паллиативной помощи и сестринского ухода

Күшін жойған Бұйрық ·№ 168 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания паллиативной помощи и сестринского ухода
Атауы (қаз.)
Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
168
Қабылданған күні
27.03.2015
Көрсетілген редакция
23.11.2020 89491_497822.kaz
Соңғы өзгеріс
23.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010803
ЭКБ идентификаторы
89491
Редакция идентификаторы
89491_497822
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:51

0 Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету

қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 53-бабының 3-тармағының, 7-бабының 1-тармағының 99-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 168 бұйрығымен
бекітілген
Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету
қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 53-бабының 3-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген және медициналық ұйымдардың паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) білікті медициналық көмек – диагностика, емдеу және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалануды талап етпейтін ауруларда жоғары медициналық білімі бар медициналық қызметкермен көрсетілетін медициналық көмек;

2 2) дәрігерге дейінгі көмек – аурулардың алдын алу мақсатында, сондай-ақ дәрігердің қатысуымен диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістерін пайдалануды талап етпейтін, орта медициналық білімі бар медициналық қызметкермен көрсетілетін медициналық көмек;

3 3) денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

4 4) мамандандырылған медициналық көмек – диагностика, емдеу және медициналық оңалтуда, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалану арқылы арнайы әдістерді талап ететін ауруларда бейінді мамандармен көрсетілетін медициналық көмек;

5 5) медициналық қызметтер – денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар іс-қимыл;

6 6) медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

7 7) мейіргер күтімі – дәрігер байқауы талап етілмейтін жағдайларда ауыр аурулары бар күтімге мұқтаж адамдарға орта медицина қызметкерлері көрсететін медициналық қызметтер кешені;

8 8) паллиативтік көмек – терминалдық (соңғы) сатыдағы емделмейтін аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;

9 9) стационарды алмастыратын көмек – білікті, мамандандырылған, оның ішінде медициналық байқаумен, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдану арқылы дәрігерге дейінгі медициналық көмек ұсыну нысаны;

10 10) стационарлық көмек – білікті, мамандандырылған, оның ішінде тәулік бойы медициналық байқаумен, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдану арқылы дәрігерге дейінгі медициналық көмек ұсыну нысаны.

3

3. Паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім «Халықтың паллиативтік көмек және мейірбике күтімі көрсетілуі тиіс санаттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 96 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10576 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес халықтың санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, сондай-ақ ақылы негізде көрсетіледі.

4 4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі (Бұдан әрі – ТМККК) паллиативтік көмек осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбеге сәйкес аурулар мен жағдайларда көрсетіледі.

ТМККК шеңберіндегі мейіргерлік күтім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеге сәйкес аурулар мен жағдайларда көрсетіледі.
Емдеу бекітілген негізгі аурулары бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбеге сәйкес паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім қызметтерін ұсыну арқылы жүргізіледі.

5 5. Паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім көрсету бойынша қызметтер Кодекстің 35-бабына сәйкес ақылы түрде ұсынылады.

6

6. Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтімді қажет ететін пациенттердің тізімдері медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар қалыптастырады және есеп берудің бірыңғай нүктесі «Емхана» автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізіледі, осының негізінде паллиативтік көмек және мейіргерлік күтімді алатын пациенттердің тізбесі қалыптасады.

2 2-тарау. Паллиативтік көмек көрсету тәртібі

7 7. Паллиативтік көмек дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған медициналық көмекті қамтиды және амбулаториялық-емханалық стационарды алмастыратын мен стационарлық көмек нысанында көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты және байқау үздіксіздігі қағидаттарын сақтай отыра көрсетіледі.

8

8. Амбулаториялық-емханалық деңгейдегі паллиативтік көмекті «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығындағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 шілдеде жарияланған) аумақтық қағидат бойынша алғашқы медициналық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.

9

9. Стационарды алмастыратын нысандағы паллиативтік көмек құрамында паллиативтік көмек бөлімшелері (төсектер) бар амбулаториялық-емханалық ұйымдарының, ауруханалық ұйымдардың күндізгі стационарларында, дербес мамандандырылған медициналық ұйымдарда (хоспистер) «Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығына (бұдан әрі – № 669 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

10

10. Стационарлық көмек нысанындағы паллиативтік көмек мамандандырылған төсектерде, мамандандырылған палаталарда және стационарлық көмек көрсететін және мамандандырылған медициналық/медициналық әлеуметтік ұйымдарда (хоспистерде) «Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығына (бұдан әрі – № 761 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

11 11. Паллиативтік көмек көрсететін ұйымдарға емдеуге жатқызу үшін мыналар көрсетілімдер болып табылады:

1 1) науқасты кейіннен амбулаториялық жағдайда емдеуге ауыстыру үшін қолдаушы, ауырсындырмау терапиясын таңдау қажеттілігі;

2 2) тәуліктік бақылау жағдайында ауырсындырмау терапиясын түзеу;

3 3) тәуліктік бақылау жағдайында симптоматикалық емдеу қажеттігі;

4 4) әлеуметтік-психологиялық айғақтардың болуы (депрессия жағдайы, реактивті жағдай немесе отбасындағы дау-жанжал жағдайы, науқастың күтімі үшін тұрмыс жағдайларының болмауы).

12 12. Пациентті стационарға жоспарлы және шұғыл түрде емдеуге жатқызу № 761 бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.

3 3-тарау. Мейіргерлік күтім көрсету тәртібі

13 13. Мейіргерлік күтім стационарды алмастыратын және стационарлық көмек түрінде ұсынылады.

14 14. Стационарды алмастыратын көмек түріндегі мейіргерлік күтім № 669 бұйрыққа сәйкес бекітілген жері бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін үйдегі стационар нысанында ұсынылады.

Мейіргерлік күтімді қажет ететін науқастарға зертханалық зерттеулер жүргізу үшін материалдар жинау үйде жүзеге асырылады. Аспаптық зерттеу әдістері тұрақты жері бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымда көрсетілімдері бойынша жүргізіледі.

15 15. Стационарлық көмек түріндегі мейіргерлік күтім арнайы құрылымдық бөлімшелерде, денсаулық сақтау ұйымдарының (бөлімшелерде, палаталарда, төсектерде), № 761 бұйрыққа сәйкес арнайы медициналық ұйымдарда (мейіргерлік күтім ауруханаларында) ұсынылады.

16 16. Мейіргерлік күтімді қажет ететін науқастарды емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер:

1 1) тәулік бойы байқау жағдайларында күтім мен симптоматикалық терапияның қажеттілігі;

2 2) әлеуметтік-психологиялық көрсетілімдерінің болуы (депрессиялық жағдай, реактивтік жағдай, отбасындағы дау-жанжал жағдайы, науқасты күту үшін тұрмыстық жағдайлардың болмауы) болып табылады.

Білікті медициналық көмекті және тұрақты дәрігерлік байқауды талап ететін пациенттер мейіргерлік күтім ауруханасына, бөлімшесіне (палатасына) емдеуге жатқызуға жатпайды.

17 17. Мейіргерлік күтім көрсететін медициналық ұйымға пациентті емделуге жатқызу жоспарлы және (немесе) № 761 бұйрыққа сәйкес шұғыл тәртіпте жүзеге асырылады.

1 Паллиативтік көмек көрсетілетін аурулардың тізбесі

Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету қағидаларына
1-қосымша
Паллиативтік көмек көрсетілетін аурулардың
тізбесі
Ересектер

Аурулар класы
Нозологиялық нысандары
ХАЖ 10 коды
Нақтылау коды
1.
Инфекциялық ауру
АИТВ инфекция
В20-В24
Z51.5 – Паллиативтік көмек
Туберкулез
А15-A19
Z51.5 – Паллиативтік көмек
2.
Ісіктер
Қатерлі ісіктер
С00-С97
Z51.5 – Паллиативтік көмек
3.
Эндокринді жүйе ауруы, тамақ бұзушылығы және зат алмасуының бұзылуы
1-типті инсулинге тәуелді қан диабеті
Е10
Z51.5 – Паллиативтік көмек
2-типті инсулинге тәуелсіз қан диабеті
Е11
4.
Жүйке жүйесі аурулары
Паркинсон ауруы
G20
Z51.5 – Паллиативтік көмек
Альцгеймер ауруы
G30
Нерв жүйесінің басқа айдарларда жіктелмеген
дегенерациялық басқа аурулары
G31
Паралитикалық синдромы
G81-83
Басқа жүйесінің зақымдануы (энцефалопатия)
G92-G93
5.
Қан айналымы жүйесінің аурулары
Өкпе-жүрек функциялары жеткіліксіздігінің басқа түрлері
I27
Z51.5 – Паллиативтік көмек
Жүрек функциясының жеткіліксіздігі
I50
Ми-тамыр ауруларының салдарлары
I69
6.
Тыныс алу ағзаларының аурулары
Өкпенің созылмалы басқа обструкциялық ауруы
J44
Z51.5 – Паллиативтік көмек
Өкпеқаптың басқа айдарларда жіктелмеген жалқығы
J90
Өкпеқаптың басқа айдарларда жіктелген жағдайлар
J91
Тыныс алу функциясының басқа айдарларда жіктелмеген
жеткіліксіздігі
J96
7.
Ас қорыту ағзаларының аурулары
Бауырдың уыттық зақымдануы
К71.7
Z51.5 – Паллиативтік көмек
Бауыр қызметінің басқа айдарларда жіктелмеген
жеткіліксіздігі
К72
Бауыр фиброзы және циррозы
К74
8.
Несеп жүйесі аурулары
Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі
N18
Z51.5 – Паллиативтік көмек
Бүйрек қызметінің анықталмаған жеткіліксіздігі
N19
9.
Жарақаттар
Бастың жарақаты
S00-S79
Z51.5 – Паллиативтік көмек
Балалар

Аурулар класы
Нозологиялық нысандары
ХАЖ 10 коды
Нақтылау коды
1.
Инфекциялық ауру
АИТВ инфекция
В20-В24
Z51.5 – Паллиативтік көмек
Туберкулез
А15-А19
Z51.5 – Паллиативтік көмек
2.
Ісіктер
Қатерлі ісіктер
С00-С97
3.
Эндокринді жүйе ауруы, тағам бұзушылығы және зат алмасуының бұзылуы
1-типті инсулинге тәуелді қан диабеті
E10
Z51.5 - Паллиативтік көмек
2-типті инсулинге тәуелсіз қан диабеті
E11
Галактоза алмасуының бұзылуы
E74.2
Басқа сфинголипидоздар
E75.2
Мукополисахаридоз
Е76.0
Е76.1 Е76.2
Жылауықты фиброз
Е84.0
Е84.1
Е84.8
Е84.9
Класикалық фенилкетонурия
Е70.0
Гипофиз гиперфункциясы
Е22
Гипофиз гиперфункциясы мен басқа бұзылулар
Е23
4.
Жүйке жүйесі аурулары
Бактериялық анықталмаған менингит
G00-G09
Z51.5 – Паллиативтік көмек
Орталық нерв жүйесін басымырақ зақымдайтын жүйелік
атрофиялар
G10-G14
Нерв жүйесінің басқа дегенерациялық аурулары
G30-G32
Орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші аурулары
G35-G37
Бұлшық еттердің алғашқы зақымданулары
G71
Церебралды паралич
G80
5.
Қан айналымы жүйесінің аурулары
Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы
I05-I09
Z51.5 – Паллиативтік көмек
Жүрек функциясының жеткіліксіздігі
I50
Кардиомиопатия
I42
Мидың торлы қабығы астына қан құйылу
I60
Мидың ішіне қан құйылуы
I61
Бас сүйек ішіне жарақаттық емес басқаша қан
I62
Ми инфаргі
I63
Қан құйылу немесе инфаркт ретінде анықталмаған миға қан құйылу
I64
Қақпалық венаның тромбозы
I81
Тыныс алу ағзаларының аурулары
Тыныс алу функциясының басқа айдарларда жіктелмеген
жеткіліксіздігі
J96
Z51.5 – Паллиативтік көмек
Ас қорыту ағзаларының аурулары
Жұқпалы емес энтерит пен колит
K50-52
Z51.5 – Паллиативтік көмек
Бауыр қызметінің басқа айдарларда жіктелмеген
жеткіліксіздігі
К72
Бауыр фиброзы және циррозы
К74
Сүйек-бұлшық ет жүйесі және дәнекерлік тіндер аурулары
Дəнекер тіннің жүйелік зақымданулары
M30-M36
Z51.5 – Паллиативтік көмек
Несеп жүйесі аурулары
Бүйрек жеткіліздігі
N18-N19
Z51.5 – Паллиативтік көмек
Перинаталдық кезеңде туындаған жекелеген жағдай
Нəрестенің туғандағы салмағының өте аздығы
P07
Z51.5 – Паллиативтік көмек
Туа біткен ауытқулар,
деформациялар мен хромосомалық
бұзылулар
Жүйке жүйесі дамуындағы туа біткен ақаулар
Q00-Q07
Z51.5 – Паллиативтік көмек
Қан айналым жүйесінің туа біткен ауытқулары
Q20-Q28
Туа біткен ихтиоз
Q80
Нейрофиброматоз
Q85.0

2 Мейіргерлік күтім көрсету үшін аурулар тізбесі

Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету қағидаларына
2-қосымша
Мейіргерлік күтім көрсету үшін аурулар
тізбесі

Аурулар класы
Нозологиялық нысандары
ХАЖ 10 коды
Нақтылау коды
1.
Жүйке жүйесі аурулары
Паркинсон ауруы
G20
Z51.5 – Паллиативтік көмек
Альцгеймер ауруы
G30
Нерв жүйесінің басқа дегенерациялық аурулары
G31
Церебралдық паралич ауруы мен басқа параличтік
синдромдар
G81-83
Нерв жүйесінің басқа бұзылулары (энцефалопатия)
G92-G93
2.
Эндокринді жүйе ауруы, тамақтанудың бұзылулары және зат алмасуының бұзылуы
1- типті инсулинге тәуелді қан диабеті
E10
Z51.5 – Паллиативтік көмек
2- типті инсулинге тәуелсіз қан диабеті
E11
3.
Қан айналымы жүйесінің аурулары
Өкпе-жүрек функциялары жеткіліксіздігінің басқа
пішіндері
I27
Z51.5 – Паллиативтік көмек
Жүрек функциясының жеткіліксіздігі
I50
Ми-тамырлық аурулардың салдарлары
I69
4.
Тыныс алу ағзаларының аурулары
Өкпенің созылмалы басқа обструкциялық ауруы
J44
Z51.5 – Паллиативтік көмек
Өкпеқаптың басқа айдарларда жіктелмеген жалқығы
J90
Өкпеқаптың басқа айдарларда жіктелген жағдайлар
барысындағы жалқығы
J91
Өкпеқаптың басқа айдарларда жіктелген жағдайлар
барысындағы жалқығы
J96
5.
Ас қорыту ағзаларының аурулары
Бауырдың бауыр фиброзы мен беріштенуі қабаттасқан уыттық
зақымдануы
К71.7
Z51.5 – Паллиативтік көмек
Бауыр қызметінің басқа айдарларда жіктелмеген
жеткіліксіздігі
К72
Бауыр фиброзы және циррозы
К74
6.
Несеп жүйесі аурулары
Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі
N18
Z51.5 – Паллиативтік көмек
Бүйрек қызметінің анықталмаған жеткіліксіздігі
N19
7.
Жарақаттар
Бастың жарақаты
S00-S79
Z51.5 – Паллиативтік көмек

3 Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім қызметтерінің тізбесі

Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету қағидаларына
3-қосымша
Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім қызметтерінің
тізбесі
Қызметтердің коды
Дәрігер көрсететін қызметтер
А.02.001.000
Терапевтің консультациясы (тексеру)
А.02.002.000
Педиатрдың консультациясы (тексеру)
А.02.018.000
Невропатологтың консультациясы (тексеру)
А02.015.000
Кардиологтың консультациясы (тексеру)
А.02.044.000
Фтизиатрдың консультациясы (тексеру)
А.02.013.000
Хирургтің консультациясы (тексеру)
D.54.910.426
Лапароцентез
D.54.910.427
Плевроцентез
D.54.910.428
Трахестомия
D.54.910.429
Назогастральды сүңгіні орнату
D.54.910.430
Несеп катетрін орнату
Қызметтердің коды
Орта медицина қызметкері көрсететін қызметтер
D93.891.019
Науқас балаға күтім жасауды үйрету
D93.891.022
Қатты сырқат пациенттің шашын, тырнақтарын күту, қырындыру
D93.891.023
Қатты сырқат пациенттің ауыз қуысына күтім жасау
D93.891.024
Ауыз-жұтқыншақтан сілемейді сорып алу
D93.891.025
Оростомалар, эзофагостомалар кезіндегі құрал
D93.891.026
Трахеостома кезіндегі құрал
D93.891.027
Назогастральды сүңгіге, мұрын канюлялалары және катетерлеріне күтім жасау
D93.891.028
Жоғары тыныс жолдарынан сілемейлерін сору
D93.891.029
Мұрыннан сілемейлер сору
D93.891.030
Фарингостома кезіндегі құрал
D93.891.031
Интраназальды дәрілік препараттарды енгізу
D93.891.032
Гастростома кезіндегі құрал
D93.891.033
Назогастральды сүңгіге күтім жасау
D93.891.034
Гастростома арқылы қатты сырқат пациентті тамақтандыру
D93.891.035
Илеостома кезіндегі құрал
D93.891.036
Интестинальды сүңгіге күтім жасау
D93.891.037
Интестинальды сүңгі арқылы қатты сырқат пациентті тамақтандыру
D93.891.038
Илеостомаға күтім жасауды үйрету
D93.891.039
Жуан ішек стомалары кезіндегі құрал
D93.891.040
Колостомоға күтім жасауды үйрету
D93.891.041
Қатты сырқат пациентті дефекациялау кезіндегі құрал
D93.891.042
Тазалау клизмасын қою
D93.891.043
Газ шығару түтікшесін қою
D93.891.044
Ккопролитті алып тастау
D93.891.045
Нәжіс ұстамау кезіндегі құрал
D93.891.046
Сифонды клизма қою
D93.891.047
Қынапты ұстап тұратын сақинаны (пессария) енгізу, алу
D93.891.048
Сыртқы есту өтісіне күтім жасау
D93.891.049
Қатты сырқат пациенттің көздеріне күтім жасау
D93.891.050
Конъюнктивтік қуысқа дәрілік заттарды инстилляциялау
D93.891.051
Қатты сырқат пациенттің несеп шығаруы кезіндегі құрал
D93.891.052
Несеп катетріне күтім жасау
D93.891.053
Цистостомоға және уростомоға күтім жасау
D93.891.054
Несеп ұстамау кезіндегі құрал
D93.891.055
Төсектегі қатты сырқат пациентті жатқызу және/немесе орналастыру
D93.891.057
Қатты сырқат пациенттің ауыз және/немесе назогастральды сүңгі арқылы тамақтандыру
D93.891.058
Қатты сырқат пациенттің төсек жаймасын ауыстыруға дайындау
D93.891.059
Қатты сырқат пациенттің киімін және іш кимін ауыстыру бойынша құрал
D93.891.060
Қатты сырқат пациенттің сыртқы жыныс және бұтаралық ағзаларына күтім жасау
D93.891.061
Дренажға күтім жасау
D93.891.062
Дәрілік препараттарды парентеральды енгізу кезіндегі құрал
D93.891.063
Жауыржараның даму қаупінің дәрежесін бағалау
D93.891.064
Жауыржараның ауырлық дәрежесін бағалау
D93.891.065
Ауырсынудың қарқындылығын бағалау
D93.891.066
Пациенттің отбасы мүшелерін төсекке жатқызу және орнын ауыстыру техникасына үйрету
D93.891.067
Пациентті төсекке және/немесе креслоға өз көмегімен орналасуға үйрету
D93.891.068
Пациентті балдақпен жүруге үйрету
D93.891.069
Пациентті қосымша тіректің көмегімен жүруге үйрету
D93.891.021
Тері қабықтарының тұтастығы бұзылғанда таңулар салу
Код
Психологтың қызметтері
А02.005.000
Консультациялық қабылдау: Психолог
(психологиялық мәртебесін бағалау,
психотерапиялық/психологиялық интервенциялар, психологиялық қолдау көрсету)
Код
Әлеуметтік қызметкердің қызметтері
A01.006.000
Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкердің консультациясы (қабылдау)
A01.007.000
Орта білімі бар әлеуметтік қызметкердің консультациясы (қабылдау)
A01.006.001
Медициналық-әлеуметтік зерттеп-қарауды ұйымдастырып, өткізу: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер
A01.007.001
Медициналық-әлеуметтік зерттеп-қарауды ұйымдастыруды өткізу: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер
A01.006.002
Үй жағдайларында жүргізілетін медициналық күтімнің негіздеріне пациенттің отбасы мүшелерін үйрету: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер
A01.007.002
Үй жағдайларында жүргізілетін медициналық күтімнің негіздеріне пациенттің отбасы мүшелерін үйрету: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер
6-тарау
Мобильды бригаданың шығуы
Е01.006.000
Паллиативтік көмек көрсету кезінде мобильды бригаданың шығуы

Қолданыстағы