Құжат мәтініне өту

Об утверждении минимального размера основного вознаграждения временного администратора и реабилитационного управляющих, а также размера основного вознаграждения временного и банкротного управляющих и правил их выплаты

Бұйрық · № 183 · қабылданған 18.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89492/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении минимального размера основного вознаграждения временного администратора и реабилитационного управляющих, а также размера основного вознаграждения временного и банкротного управляющих и правил их выплаты Күшін жойған Бұйрық ·№ 183 ·18.03.2015
21.04.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении минимального размера основного вознаграждения временного администратора и реабилитационного управляющих, а также размера основного вознаграждения временного и банкротного управляющих и правил их выплаты

Күшін жойған Бұйрық ·№ 183 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении минимального размера основного вознаграждения временного администратора и реабилитационного управляющих, а также размера основного вознаграждения временного и банкротного управляющих и правил их выплаты
Атауы (қаз.)
Әкімшілерге негізгі сыйақының ең төмен мөлшерлері мен оны төлеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
183
Қабылданған күні
18.03.2015
Көрсетілген редакция
21.04.2017 89492_186821.kaz
Соңғы өзгеріс
21.04.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010808
ЭКБ идентификаторы
89492
Редакция идентификаторы
89492_186821
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:03

0 Уақытша әкімшінің және оңалтуды басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен мөлшері, сондай-ақ уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының мөлшері мен оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңының 13-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес уақытша әкімшіге және оңалтуды басқарушыға негізгі сыйақының ең төмен мөлшерлері;

2 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақының мөлшерлері;

3 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес уақытша әкімшінің және оңалтуды басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен мөлшерін, сондай-ақ уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының мөлшерін төлеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы № 183
бұйрығына 1-қосымша
Уақытша әкімшіге және оңалтуды басқарушыға төленетін негізгі сыйақының ең төмен мөлшерлері
Р/с №
Шарттар
Негізгі сыйақының ең төмен мөлшері
1.
Уақытша әкімші
1)
Борышкер шағын кәсіпкерлік субъектісі
15 АЕК
2)
Борышкер орта кәсіпкерлік субъектісі
20 АЕК
3)
Борышкер ірі кәсіпкерлік субъектісі
25 АЕК
2.
Оңалтуды басқарушы
1)
Борышкер шағын кәсіпкерлік субъектісі
25 АЕК
2)
Борышкер орта кәсіпкерлік субъектісі
30 АЕК
3)
Борышкер ірі кәсіпкерлік субъектісі
35 АЕК
Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
ЕТЖ – тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы.

2 Уақытша және банкроттықты басқарушыларға төленетін негізгі сыйақының мөлшерлері

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 183 бұйрығына
2-қосымша
Уақытша және банкроттықты басқарушыларға төленетін негізгі
сыйақының мөлшерлері
Р/с

Шарттар
Негізгі сыйақының мөлшері
1.
Уақытша басқарушы
1)
Банкроттық туралы іс қозғалған күні активтері жоқ борышкер
1 ЕТЖ
2)
Борышкер шағын кәсіпкерлік субъектісі
15 АЕК
3)
Борышкер орта кәсіпкерлік субъектісі
20 АЕК
4)
Борышкер ірі кәсіпкерлік субъектісі
25 АЕК
2.
Банкроттықты басқарушы
1)
Банкрот деп танылған күні активтері жоқ борышкер
1 ЕТЖ
2)
Борышкер шағын кәсіпкерлік субъектісі
25 АЕК
3)
Борышкер орта кәсіпкерлік субъектісі
30 АЕК
4)
Борышкер ірі кәсіпкерлік субъектісі
35 АЕК
Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
ЕТЖ – тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы.

3 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы № 183
бұйрығына 3-қосымша
Уақытша әкімшінің және оңалтуды басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен мөлшерін, сондай-ақ уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының мөлшерін төлеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Әкімшілерге негізгі сыйақы төлеу қағидалары «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңының 13-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленген және әкімшілерге негізгі сыйақы төлеу тәртібін белгілейді.

2 2. Әкімші деп сотта істерді қарау және оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде белгіленген тәртіппен тағайындалатын уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар түсініледі.

Уақытша әкімші мен оңалтуды басқарушы үшін негізгі сыйақы кредиторлар жиналысында белгіленген өкілеттігін жүргізу кезінде оның ұзақтығына қарамай бүкіл кезең үшін ай сайынғы тіркелмеген сыйақылар болып табылады.
Уақытша және банкроттықты басқарушылар үшін уәкілетті органда белгіленген өкілеттігін жүргізу кезінде оның ұзақтығына қарамай бүкіл кезең үшін ай сайынғы тіркелген сыйақы болып табылады.

3 3. Уақытша әкімшінің және оңалтуды басқарушының негізгі сыйақы мөлшері уәкілетті орган белгілеген ең төменгі мөлшерден төмен болмайды және ол уақытша әкімшінің және оңалтуды басқарушының банк шотына аударылады.

4 4. Уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақы мөлшерлері уәкілетті орган белгіленген мөлшерден өзге бола алмайды және уақытша және банкроттықты басқарушылардың банк шотына аударылады.

2 2-тарау. Уақытша әкімшіге негізгі сыйақыны төлеу тәртібі

5 5. Уақытша әкімшіге негізгі сыйақының мөлшері кредиторлардың жиналысында айқындалады. Кредиторлар жиналысының шешімі хаттамамен ресімделеді.

6 6. Уақытша әкімшінің негізгі сыйақысы уақытша әкімшінің өз міндеттерін орындауының бүкіл кезеңі үшін қызметінің нәтижелері бойынша кезектен тыс борышкердің мүлкі есебінен өтеледі.

7 7. Уақытша әкімшіге негізгі сыйақыны оңалтуды басқарушы немесе төлем қабілеті жоқ борышкердің лауазымды адамы, сот оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым шығарғаннан кейін немесе оңалту рәсімі тоқтатылғаннан кейін төлейді.

3 3-тарау. Оңалтуды басқарушыға негізгі сыйақыны төлеу тәртібі

8 8. Оңалтуды басқарушының ай сайынғы негізгі сыйақы мөлшері кредиторлардың жиналысында айқындалады. Кредиторлар жиналысының шешімі хаттамамен ресімделеді.

9 9. Оңалтуды басқарушының негізгі сыйақысы оңалтуды басқарушының өз міндеттерін орындауының бүкіл кезеңі ішінде кезектен тыс борышкердің мүлкі есебінен өтеледі.

10 10. Негізгі сыйақыны төлеу ақшалай қаражатты борышкердің банк шотынан оңалтуды басқарушының банк шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.

11 11. Негізгі сыйақының мөлшері кредиторлар жиналысында қайта қаралуы мүмкін. Жұмыс істеген кезеңі үшін негізгі сыйақының мөлшерін өзгертуге жол берілмейді.

4 4-тарау. Уақытша басқарушыға негізгі сыйақыны төлеу тәртібі

12 12. Уақытша басқарушының негізгі сыйақысы әкімшілік шығыстарға жатады және уақытша басқарушының өз міндеттерін орындауының бүкіл кезеңі үшін оның қызметінің нәтижелері бойынша кезектен тыс борышкердің мүлкі есебінен өтеледі.

13 13. Борышкер банкрот деп танылған жағдайда, уақытша басқарушыға негізгі сыйақыны банкроттықты басқарушы ақшалай қаражатты борышкердің банк шотынан уақытша басқарушының банк шотына аудару арқылы төлейді.

14 14. Негіздердің болмауына байланысты борышкерді банкрот деп танудан бас тартылған жағдайда, борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа жүгінген кредиторлар негізгі сыйақыны уақытша басқарушыға уәкілетті орган белгілеген мөлшер шегінде төлейді.

Негізгі сыйақыны төлеу сот борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім шығарғаннан кейін ақшалай қаражатты кредитордың банк шотынан уақытша басқарушының банк шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.

5 5-тарау. Банкроттықты басқарушыға негізгі сыйақыны төлеу тәртібі

15 15. Банкроттықты басқарушының ай сайынғы негізгі сыйақы мөлшері кредиторлар жиналысында айқындалады. Кредиторлар жиналысының шешімі хаттамамен ресімделеді.

16 16. Банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысы әкімшілік шығыстарға жатады және банкроттықты басқарушының өз міндеттерін орындауының бүкіл кезеңі үшін кезектен тыс банкроттың мүлкі есебінен өтеледі.

17 17. Негізгі сыйақыны төлеу ақшалай қаражатты борышкердің банк шотынан банкроттықты басқарушының банк шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.

6 6-тарау. Қорытынды ережелер

18 18. Уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушы өзіне жүктелген міндеттердi орындаудан босатылған немесе шеттетiлген жағдайда, босатылған немесе шеттетiлген күннен бастап оған сыйақы төленбейді.

19

19. Осы Қағидалар уақытша және банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысын қоса алғанда, банкроттық істі қозғауға және банкроттық рәсімді жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстар сот шешімі бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредитор есебінен өтелген жағдайларға қолданылмайды.

Қолданыстағы