Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы предоставления информации о проведенном санитарно-эпидемиологическом аудите

Бұйрық · № 181 · қабылданған 02.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89498/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении формы предоставления информации о проведенном санитарно-эпидемиологическом аудите Күшін жойған Бұйрық ·№ 181 ·02.03.2015
04.11.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы предоставления информации о проведенном санитарно-эпидемиологическом аудите

Күшін жойған Бұйрық ·№ 181 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы предоставления информации о проведенном санитарно-эпидемиологическом аудите
Атауы (қаз.)
Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты беру нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
181
Қабылданған күні
02.03.2015
Көрсетілген редакция
04.11.2020 89498_491712.kaz
Соңғы өзгеріс
04.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010866
ЭКБ идентификаторы
89498
Редакция идентификаторы
89498_491712
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:18

0 Жүргізілген

санитариялық-эпидемиологиялық
аудит туралы ақпаратты беру
нысанын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 62-1-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты беру ету нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_____________Т. Дүйсенова
2015 жылғы 2 сәуір

1 Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 02 наурыздағы
№ 181 бұйрығымен
бекітілген
нысан
Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпарат
20 ___ жылғы_________________үшін
р/с№
Аудит жүргізілетін субъекті туралы жалпы ақпарат (объекті мен субъектінің деректемелері және атауы)
Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық аудит­тi жүр­гi­зу негiз­де­ме­сі (өті­ніш және шарт)
Жиналған ақпарат тiзбесi және оған шолу (мысалы, санитариялық-эпидемиологиялық қарап-тексеру актілері, сырқаттанушылық туралы деректер, сынақтар, өлшеулер хаттамалары және басқалары)
Аудит жүргізілетін субъектiнi тексерудің, арнайы зерттеулердің, оның қызметкерле-рiне сауалнама жүргізудің нәтижелері
Объектінің санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін жақсарту жөніндегі ұсынымдар тізбесі
Аудит жүргізілетін субъектiнiң эпидемиялық маңыздылығы жөніндегі тұжырым, тәуекел тобын айқындау, анықталған бұзушылықтар, құжаттама мен есептілікті жүргiзудiң дұрыстығы туралы мәліметтер
1
2
3
4
5
6
7
___________________________________________________ ____________________
(Басшының тегі, аты, әкесінің (болған жағдайда) аты) (қолы)
______________________________________________ ____________________
(Ақпаратты жасауға жауапты адамның тегі, аты, (қолы)
әкесінің (болған жағдайда) аты) Жасалған күні 20 жылғы « »
📌 Ескертпе. Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпарат рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген аудиторлар жыл сайын есепті жылдың он бесінші қазанына қарай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосына тапсырады.

Қолданыстағы