Об утверждении норматива субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норматива субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции
- Атауы (қаз.)
- Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің субсидиялар нормативін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 20/01
- Қабылданған күні
- 05.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2017 89503_193404.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15K0003189
- ЭКБ идентификаторы
- 89503
- Редакция идентификаторы
- 89503_193404
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:10
0 Сатып алынатын
ауылшаруашылық өнімдерінің
субсидиялар нормативін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 13 мамырдағы «Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы» № 486 қаулысына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»№ 3-2/615 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің субсидиялар нормативі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы «05» мамырдағы
№ 20/01 қаулысына
қосымша
Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің
субсидиялар нормативі
р/с
№
Ауылшаруашылық өнім атауы
Тереңдете өңделген өнімдердің атауы
Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері,
теңге/литр
(теңге/килограмм)
1
сүт
сары май
17,13