Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил размещения на интернет-ресурсе уполномоченного органа информации об административно-территориальных единицах Республики Казахстан, на территории которых отсутствуют сети телекоммуникаций общего пользования

Бұйрық · № 264 · қабылданған 08.04.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89505/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил размещения на интернет-ресурсе уполномоченного органа информации об административно-территориальных единицах Республики Казахстан, на территории которых отсутствуют сети телекоммуникаций общего пользования Күшін жойған Бұйрық ·№ 264 ·08.04.2015
13.03.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил размещения на интернет-ресурсе уполномоченного органа информации об административно-территориальных единицах Республики Казахстан, на территории которых отсутствуют сети телекоммуникаций общего пользования

Күшін жойған Бұйрық ·№ 264 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил размещения на интернет-ресурсе уполномоченного органа информации об административно-территориальных единицах Республики Казахстан, на территории которых отсутствуют сети телекоммуникаций общего пользования
Атауы (қаз.)
Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпараттарды уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыру қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
264
Қабылданған күні
08.04.2015
Көрсетілген редакция
13.03.2017 89505_172527.kaz
Соңғы өзгеріс
13.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010923
ЭКБ идентификаторы
89505
Редакция идентификаторы
89505_172527
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:34

0 Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпараттарды уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыру қағидасын бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 645-бабының1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған, Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпараттарды уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыру қағидасы бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінежолдауды;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет – ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
ҚазақстанРеспубликасы
Инвестициялар жәнедаму
министрі
______________ Ә. Исекешов
2015 жылғы 09 сәуір

0 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің
2015 жылғы 08 сәуір
№ 264 бұйрығымен
бекітілген
Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ
Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері
туралы ақпараттарды уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыру қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпараттарды уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыру қағидасы(бұдан әрі - Қағида) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 645-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және интернет-ресурсында ақпараттың орналасу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағиданың мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті;
ақпарат – олардың ұсынылуы салық төлеушілердің бақылау-кассалық машиналарын міндетті түрде қолдана отырып, ақшалай есеп айырысуын жүргізу үшін қажетті аумақтарында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ әкімшілік-аумақтық бірліктер туралы мәліметтердің жиынтығы;
байланыс және ақпарат саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігініңБайланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті;
уәкілетті органның интернет-ресурсы - «www.kgd.gov.kz»мекен-жайы бойынша Интернет желісінде орналасқан электрондық ақпараттық ресурс;
фискалды деректердің операторы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша салық органдарына жедел режимде ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтердің берілуін қамтамасыз ететін заңды тұлға.

2 2. Уәкілетті органның интернет-ресурсына ақпараттарды орналастырутәртібі

3

3. Фискалды деректердің операторы жыл сайын 15 қаңтардан кешіктірмей салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) аумақтарында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) осы Қағидаға қосымшаға сәйкес және электрондық түрде ұсынады.

4 4. Уәкілетті орган байланыс және ақпарат саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен Тізбені келіскен күннен бастап 5 жұмыс күннен кешіктірмей оның интернет-ресурсында орналастыруын жүзеге асырады.

5 5. Тізбеге енгізілген Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылған жағдайда фискалды деректердің операторы мұндай қосылу күнінен бастап 15 жұмыс күннен кешіктірмей ол туралы уәкілетті органға хабардар етеді.

6 6. Уәкілетті орган байланыс және ақпарат саласындағы уәкілетті мемлекеттік органменҚазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігініңортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылуы туралы мәліметті келіскен күннен бастап 5 жұмыс күннен кешіктірмей оларды Тізбеден алып тастайды.

7 7. Тізбедегі ақпарат:

уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады;
орналастыру (жаңару) күні және уақыты туралы мәліметтер бар. Бұл ретте уәкілетті органның интернет-ресурсында жаңартылуға дейін орналастырылған ақпарат сақталады;
уәкілетті органның интернет-ресурсындаExcel форматында және басқа жалпыға ортақ форматтарда орналастырылады.

17 Аумағында ортақ пайдаланылатын

телекоммуникация желісі жоқ
Қазақстан Республикасының әкімшілік-
аумақтық бірліктері туралы ақпараттарды
уәкілетті органның интернет-ресурсына
орналастыру қағидасына қосымша
Аумақтарда ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ
Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің тізбесі
№ р/с
Аумақтарда ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ
Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауы
Тізбеге қосылған күні
Тізбеден алынған күні
1
2
3
4

Қолданыстағы