Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня товаров, экспорт и (или) импорт которых осуществляются на основании разрешительных документов в соответствии с международными договорами и разрешительных документов, которые выдаются государственными органами

Қаулы · № 287 · қабылданған 24.04.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89544/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении перечня товаров, экспорт и (или) импорт которых осуществляются на основании разрешительных документов в соответствии с международными договорами и разрешительных документов, которые выдаются государственными органами Қолданыста Қаулы ·№ 287 ·24.04.2015
05.02.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня товаров, экспорт и (или) импорт которых осуществляются на основании разрешительных документов в соответствии с международными договорами и разрешительных документов, которые выдаются государственными органами

Қолданыста Қаулы ·№ 287 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня товаров, экспорт и (или) импорт которых осуществляются на основании разрешительных документов в соответствии с международными договорами и разрешительных документов, которые выдаются государственными органами
Атауы (қаз.)
Экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың, лицензиарлардың және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
287
Қабылданған күні
24.04.2015
Көрсетілген редакция
05.02.2024 89544_685413.kaz
Соңғы өзгеріс
05.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000287
ЭКБ идентификаторы
89544
Редакция идентификаторы
89544_685413
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:20

0 Экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары және мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына және
37-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары мен мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

1 Экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары мен мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 287 қаулысымен
бекітілген
Экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары
мен мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын
тауарлардың тізбесі
Р/с №
Та­у­ар­лар­дың тіз­бе­сі
Рұқ­сат бе­ру құ­жа­ты­ның ата­уы
Рұқ­сат бе­ру құ­жат­та­рын бе­ру­ді ке­лі­су­ді жү­зе­ге асы­ра­тын мем­ле­кет­тік ор­ган
Рұқ­сат бе­ру құ­жат­та­рын бе­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­тын мем­ле­кет­тік ор­ган
1
2
3
4
5
1.
Озонды бұзатын заттар және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнім
лицензия/ қорытынды/ рұқсат
-
ЭТРМ
2.
Өсім­дік­тер­ді қор­ғау құ­рал­да­ры (пе­сти­цид­тер)
ли­цен­зия/
қо­ры­тын­ды
-
АШМ
3.
Қауіпті қалдықтар
лицензия/ қорытынды
-
ЭТРМ
4.
Ми­не­ра­ло­гия және па­ле­он­то­ло­гия бой­ын­ша кол­лек­ци­я­лар мен кол­лек­ци­я­лау затта­ры, қаз­ба­лы жа­ну­ар­лар­дың сүй­ек­те­рі
ли­цен­зия/
қо­ры­тын­ды
-
ҒЖБМ
5.
1) Жабайы тірі жануарлар (балықтар мен басқа да су жануарларын қоспағанда), жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер және жабайы өсетін дәрілік шикізат
лицензия/ қорытынды
-
ЭТРМ
2) Жабайы тірі жануарлар (балықтар мен басқа да су жануарлары)
лицензия/ қорытынды
-
АШМ
3) Ғылыми зерттеулерге арналған жабайы тірі жануарлардың (балықтар мен басқа да су жануарларын қоспағанда) және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктердің үлгілері
қорытынды
-
ЭТРМ
4) Ғылыми зерттеулерге арналған жабайы тірі жануарлардың (балықтар мен басқа су жануарларының) үлгілері
қорытынды
-
АШМ
6.
1) 1973 жылғы 3 наурыздағы Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның (СИТЕС) қолданылу аясына кіретін жабайы фауна (балықтар мен басқа да су жануарларын қоспағанда) мен флора түрлері
рұқсат
-
ЭТРМ
2) 1973 жылғы 3 наурыздағы Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның (СИТЕС) күші қолданылатын жабайы фауна түрлері (балықтар мен басқа да су жануарлары)
рұқсат
-
АШМ
7.
1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қызыл кітаптарына енгізілген жабайы тірі жануарлар (балықтар мен басқа да су жануарларын қоспағанда) мен жабайы өсетін өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері
лицензия/ қорытынды
-
ЭТРМ
2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қызыл кітаптарына енгізілген жабайы жануарлардың (балықтар мен басқа да су жануарларының) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері
лицензия/ қорытынды
-
АШМ
8.
1) Асыл тастар (алмас)
мемлекеттік бақылау актісі/ Кимберлий процесінің сертификаты/ Кимберлий процесінің сертификаты туралы мәліметтер
-
ӨҚМ
2) Өңделмеген немесе өңделген асыл тастар (алмастан басқа), табиғи інжу, бірегей кәріптас түзілімдері, алмас үгінділері мен ұнтағы, өңделген, бірақ ілдірікке қондырылмаған немесе қарабайыр өнеркәсіптік емес алмас (гауһар тастар), өңделмеген немесе жай арамен кесілген, ұсақталған немесе алғашқы өңдеуге ұшырағандарды қоспағанда, өнеркәсіптік алмас, асыл тастар мен табиғи інжуден жасалған бұйымдар
мемлекеттік бақылау актісі
-
ӨҚМ
9.
1) Бағалы металдар және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары
лицензия/ қорытынды/ мемлекеттік бақылау актісі
-
ӨҚМ
2) Құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендері, концентраттары, түсті металдар өндірісінің құрамында бағалы металдар бар жартылай өнімдері
лицензия/ қорытынды
-
ӨҚМ
3) Өнімдер мен бұйымдар түріндегі бағалы металдар, монеталар
мемлекеттік бақылау актісі
-
ӨҚМ
10.
Минералды шикізат түрлері
лицензия/ қорытынды
-
ӨҚМ
11.
Есірт­кі, пси­хо­троп­тық заттар
және олар­дың пре­кур­сор­ла­ры
ли­цен­зия/
рұқ­сат
-
ІІМ
12.
Есірткі мен психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттар
лицензия/ қорытынды
-
ӨҚМ
13.
1) Тір­кел­ген дә­рі­лік заттар
ті­зі­лім­ге ен­гі­зу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер/ қо­ры­тын­ды
-
ДСМ
2) Тір­кел­ме­ген дә­рі­лік заттар
қо­ры­тын­ды
-
ДСМ
14.
Ра­дио­элек­трон­дық құ­рал­дар және аза­мат­тық мақ­сат­та­ғы жо­ға­ры жи­і­лік­ті, оның ішін­де бас­қа та­у­ар­лар­дың құ­ра­мы­на қо­сы­л­ған не кі­ре­тін құ­ры­л­ғы­лар
ли­цен­зия
ҰҚК
ЦДИА­ӨМ
қо­ры­тын­ды неме­се бі­рың­ғай ті­зі­лім­ге ен­гі­зу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
-
ЦДИА­ӨМ
15.
Ақпаратты жария етпей алуға арналған арнайы техникалық құралдар
лицензия
ҰҚК
ӨҚМ
қорытынды
-
ҰҚК
16.
Шифрлау (криптографиялық) құралдары
лицензия
ҰҚК
ӨҚМ
қорытынды немесе бірыңғай тізілімге енгізілуі туралы мәліметтер
-
ҰҚК
17
1) Мәдени құндылықтар, ұлттық архив қорларының құжаттары, архив құжаттарының түпнұсқалары
лицензия/
қорытынды
-
МАМ
2) Мәдени құндылығы бар және антиквариатқа жатқызылмаған қару
қорытынды
-
МАМ
18.
Адам­ның ағ­за­ла­ры мен тін­де­рі, қан және оның ком­по­нент­те­рі, адам­ның био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­да­ры­ның үл­гі­ле­рі
ли­цен­зия/
қо­ры­тын­ды
-
ДСМ
19.
Аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру, оның негіз­гі (құ­рам­дас) бө­лік­те­рі мен оның па­трон­да­ры
қо­ры­тын­ды
-
ІІМ
20.
Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпарат
лицензия
-
ӨҚМ
21.
Та­риф­тік кво­та­лар шең­бе­рін­де өт­кі­зі­ле­тін та­у­ар­лар­дың же­ке­ле­ген түр­ле­рі*
ли­цен­зия
ти­іс­ті уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­дар қа­жет болған жағ­дай­да
СИМ
22.
Олар­ға қа­ты­сты ав­то­мат­ты ли­цен­зи­я­лау бел­гі­лен­ген та­у­ар­лар­дың же­ке­ле­ген түр­ле­рі**
рұқ­сат
-
СИМ
23.
Олар­ға қа­ты­сты ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­дар рұқ­сат бе­ру тәр­ті­бін ен­гі­зу ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ған та­у­ар­лар­дың же­ке­ле­ген түр­ле­рі***
ли­цен­зия/
рұқ­сат
-
ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­дар
24.
Зертханалық ауқымдағы зерттеулерде, сондай-ақ эталондық стандарт ретінде пайдаланылатын өсімдіктерді қорғау құралдары және басқа да органикалық орнықты ластағыш заттар
1) зертханалық ауқымдағы зерттеулерде, сондай-ақ эталондық стандарт ретінде пайдаланылатын өсімдіктерді қорғау құралдары
лицензия/
қорытынды
-
АШМ
2) зертханалық ауқымдағы зерттеулерде, сондай-ақ эталондық стандарт ретінде пайдаланылатын өсімдіктерді қорғау құралдары және басқа да органикалық орнықты ластағыш заттар
лицензия/
қорытынды
-
ЭТРМ
25.
Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензия
1) сандық шектеулер (квоталар) белгіленген жекелеген тауарлар түрлері ****
бір мәртелік лицензия
-
орталық мемлекеттік органдар
2) айрықша құқық белгіленген жекелеген тауарлар түрлері *****
айрықша лицензия
-
орталық мемлекеттік органдар
3) бас лицензия берілетін жекелеген тауарлар түрлері ******
бас лицензия
-
орталық мемлекеттік органдар
Ескертпелер:
Экспорты және (немесе) импорты рұқсат беру құжаттарының негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесіне енгізілген тауарлардың атаулары, кодтары және орталық мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттарының түрлері «Тарифтік емес реттеу шаралары туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
* Тарифтік квоталар белгіленген тауарлардың атаулары мен кодтары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың актілерімен немесе сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
** Автоматты лицензиялау белгіленген тауарлардың атаулары мен кодтары Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдерімен және (немесе) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
*** Рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлардың атаулары мен кодтары орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерімен және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдерімен айқындалады.
**** Сандық шектеулер (квоталар) белгіленген тауарлардың атаулары мен кодтары орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерімен және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдерімен айқындалады.
***** Айрықша құқық берілген тауарлардың атаулары мен кодтарын, сондай-ақ айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағына және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссияның шешіміне сәйкес тиісті орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде бекітеді.
****** Орталық мемлекеттік органдар бас лицензия беретін тауарлардың атаулары мен кодтары орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерімен және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен айқындалады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;
ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі;
ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

20 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2015 жылғы
24 сәуірдегі
№ 287 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр
шешiмдерiнiң тiзбесi

1 1. «Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы

12 маусымдағы № 578 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 300-құжат);

2 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы

№ 578 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 1919 қаулысының
1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 56, 474-құжат).

3 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» 2008 жылғы 5 ақпандағы

№ 104 және «Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесін, лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін бекіту туралы» 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қазандағы № 1320 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшаның он үшінші абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1094-құжат);

4

4. «Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 38-39, 370-құжат).

Қолданыстағы