Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера
- Атауы (қаз.)
- Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 27.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 18.04.2016 89553_120880.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15KL003111
- ЭКБ идентификаторы
- 89553
- Редакция идентификаторы
- 89553_120880
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:50
0 Табиғи сипаттағы төтенше
жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» №756 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2015 жылғы 26 наурыздағы №3 хаттамасы негізінде, Жаңаарқа ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Атасу, Қызылжар кенттерінде, Ақтүбек ауылдық округінің Ақтүбек, Өркендеу ауылдарында және Атасу стансасында, Ақтау ауылдық округінің Қылыш ауылында, Бидайық ауылдық округінің Ақтайлақ ауылында, 69 разъезінде, Целинный ауылдық округінің Орынбай, Ақшағат, Бидайық-2 ауылдарында, Байдалыби ауылдық округінің Атасу, Ескене ауылдарында, Түгіскен ауылдық округінің Түгіскен ауылында, 239 казармасында, Ералиев ауылдық округінің 189 разъезінде және Жұмажанов, Ақтасты, Сейфуллин ауылдық округтерінде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.