Об утверждении форм и сроков предоставления страхователем, страховщиком, агентом и обществом информации и документов, необходимых для осуществления им контрольных функций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении форм и сроков предоставления страхователем, страховщиком, агентом и обществом информации и документов, необходимых для осуществления им контрольных функций
- Атауы (қаз.)
- Өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысандары мен мерзiмдерiн бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 89
- Қабылданған күні
- 03.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 06.12.2018 89563_379005.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15M0002713
- ЭКБ идентификаторы
- 89563
- Редакция идентификаторы
- 89563_379005
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:38
0 Өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушының,
сақтандырушының, агенттің және
қоғамның ұсыну нысандары мен
мерзiмдерiн бекіту туралы
«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысандары осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2 2. Ақпарат пен құжатты:
сақтанушымен – дереу, бірақ сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соғуы мүмкін қолайсыз табиғат құбылысының болу фактісі туралы өзіне белгілі болғаннан бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей, сақтандырушыға бұл туралы қолжетімді тәсілмен (ауызша, жазбаша) хабарланады;
сақтанушымен – осы қаулының 1-қосымшасы бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдік атына сақтандырушымен немесе өзара сақтандыру қоғамымен міндетті сақтандыру шартын жасасқаннан кейін бір айдың ішінде;
сақтандырушымен және өзара сақтандыру қоғамымен – осы қаулының 2, 5, 6 - қосымшалары бойынша агентке және 3, 5, 6 - қосымшалары бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдікке апта сайын;
агентпен – осы қаулының 4, 5, 6 - қосымшалары бойынша апта сайын аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдіктерге беріледі деп белгіленсін.
3 3. «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б.Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р. М. Әміржановқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекесінің басшысы
Б. Ерсайынұлы
03 сәуір 2015 жыл
1 Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 03 сәуір
№ 89 қаулысына
1-қосымша
__________________ ауданының
(облыстық маңызы бар қаланың) әкімі
аз.__________________________
Өсімдік шаруашылындағы міндетті сактандыру шартын жасасу туралы ақпарат 20__ жылғы "___" _________
2 Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 03 сәуір
№ 89 қаулысына
2-қосымша
Қалалар, аудандар, сақтанушылар кесіндісінде күшіне енген өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарттар туралы ақпарат (20__ жылғы "___" _____ жағдай бойынша)
3 Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 03 сәуір
№ 89 қаулысына
3-қосымша
Қалалар, аудандар, сақтанушылар кесіндісінде күшіне енген өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарттар туралы ақпарат (20__ жылғы "___" _____ жағдай бойынша)
4 Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 03 сәуір
№ 89 қаулысына
4-қосымша
Қалалар, аудандар, кесіндісінде өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтанудыру шарттарынның күшіне енгендігі туралы ақпарат
(20__ жылдың "___" _____ жағдайы бойынша)
5 Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 03 сәуір
№ 89 қаулысына
5-қосымша
Қалалар, аудандар, кесіндісінде сақтандыру жағдайлары мен сақтандырушылар жөнінде 20__ жылдың "___" _____ жағдайы бойынша ақпарат
6 Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 03 сәуір
№ 89 қаулысына
6-қосымша
Қалалар, аудандар, кесіндісінде бойынша 20__ жылы өсімдік шаруашылығындағын міндетті сақтандыру шарттар бойынша сақтандыру жағдайлары жөніндегі анықтама (20__ "___" _____ жағдайы бойынша)