О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 312
- Қабылданған күні
- 25.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2023 89568_646348.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000312
- ЭКБ идентификаторы
- 89568
- Редакция идентификаторы
- 89568_646348
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:19
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер
енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 312 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1
2 2. «Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 523-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі қызметін үйлестіруді және өзара іс-қимылын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы, кәмелетке толғандарға қатысты – халықты әлеуметтік қорғаудың уәкілетті органдары жүзеге асырады.».
3
1 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 312 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1 1. «Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 384 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 525-құжат).
2 2. «Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 385 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 526-құжат).
3 3. «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 386 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 527-құжат).
4
4. «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 387 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 528-құжат).
5
5. «Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 388 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 529-құжат).
6 6. «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 мамырдағы № 578 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 48, 648-құжат).
7
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 және «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 386 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 маусымдағы № 584 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 36, 539-құжат).
8
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1115 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметтінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 827-құжат).
9
9. «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 172 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 14, 119-құжат).