О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 312
- Қабылданған күні
- 25.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2023 89568_646348.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000312
- ЭКБ идентификаторы
- 89568
- Редакция идентификаторы
- 89568_646348
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:19
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер
енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 312 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1
2. «Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 523-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі қызметін үйлестіруді және өзара іс-қимылын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы, кәмелетке толғандарға қатысты – халықты әлеуметтік қорғаудың уәкілетті органдары жүзеге асырады.».
3
1 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 312 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 384 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 525-құжат).
2. «Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 385 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 526-құжат).
3. «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 386 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 527-құжат).
4. «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 387 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 528-құжат).
5. «Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 388 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 529-құжат).
6. «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 мамырдағы № 578 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 48, 648-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 және «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 386 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 маусымдағы № 584 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 36, 539-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1115 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметтінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 827-құжат).
9. «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 172 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 14, 119-құжат).