Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил размещения на интернет-ресурсе местных исполнительных органов (акиматов) областей, городов республиканского значения, столицы перечня заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса

Бұйрық · № 17-1/207 · қабылданған 12.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89571/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил размещения на интернет-ресурсе местных исполнительных органов (акиматов) областей, городов республиканского значения, столицы перечня заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса Күшін жойған Бұйрық ·№ 17-1/207 ·12.03.2015
15.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил размещения на интернет-ресурсе местных исполнительных органов (акиматов) областей, городов республиканского значения, столицы перечня заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса

Күшін жойған Бұйрық ·№ 17-1/207 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил размещения на интернет-ресурсе местных исполнительных органов (акиматов) областей, городов республиканского значения, столицы перечня заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса
Атауы (қаз.)
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына орналастырудың қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17-1/207
Қабылданған күні
12.03.2015
Көрсетілген редакция
15.03.2021 89571_517091.kaz
Соңғы өзгеріс
15.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010924
ЭКБ идентификаторы
89571
Редакция идентификаторы
89571_517091
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:10

0 Агроөнеркәсіптік кешен

саласындағы дайындаушы
ұйымдар тізбесін облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың жергілікті атқарушы
органдарының (әкімдіктердің)
интернет-ресурсына орналастырудың
қағидаларын бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына орналастырудың қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технология департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықты

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында
жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш

ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________Ә. Исекешев
2015 жылғы «____» __________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________Б. Султанов
2015 жылғы «____» __________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________Е. Досаев
2015 жылғы «____» __________

1 Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру қағидалары

Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 12 наурыздағы
№ 17-1/207 бұйрығымен
бекітілген
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы
8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы
1-тармағының 41-4) тармақшасына сәйкес әзірленген және агроөнеркәсіптік кешен саласындығы дайындаушы ұйымдар тізбесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) (бұдан әрі – ЖАО) интернет-ресурсына орналастыру тәртібі мен мерзімдерін анықтайды.

2 2-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру тәртібі мен мерзімдері

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/278 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11065 тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттелген дайындаушы ұйымдар агроөнеркәсіптік кешен саласындығы дайындаушы ұйымдар тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) қосылуы тиіс.
Аккредиттелген дайындаушы ұйым аккредителген сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде Тізбеге қосылады.

3 3. Тізбе ЖАО-ның интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады.

4 4. ЖАО интернет-ресурсында жаңартылған Тізбені ораналастыру күні мен уақыты туралы мәліметтер қамтылады. Бұл ретте, бұрын орналастырылған Тізбе бес жыл бойы сақталады.

5 5. ЖАО «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес интернет-ресурста орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық (техникалық-бағдарламалық) шараларын қабылдайды.

6

6. Тізбені ЖАО-ның интернет-ресурстарында орналастыру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қантардағы № 116 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13262 тіркелген) бекітілген Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларына және олардың мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес жүргізіледі.

7

7. ЖАО-ның құрылымдық бөлімшесі ЖАО-ның интернет-ресурсын техникалық сүйемелдеуді, интернет-ресурстың үздіксіз жұмыс істеуін және пайдаланушылардың интернет желісіндегі ЖАО-ның интернет-ресурсында орналасқан ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуін, ресми интернет-ресурстың жұмысында ақаулар және істен шығулар туындаған жағдайда оны жою шараларын қабылдауды қамтамасыз етеді.

Қолданыстағы