Об утверждении перечня,наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования областного значения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня,наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования областного значения
- Атауы (қаз.)
- Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 88
- Қабылданған күні
- 02.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 07.10.2020 89582_484982.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15M0002714
- ЭКБ идентификаторы
- 89582
- Редакция идентификаторы
- 89582_484982
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:39
0 Жалпыға ортақ пайдаланылатын
облыстық маңызы бар автомобиль
жолдарының тізбесі, атаулары мен
индекстерін бекіту туралы
«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 7-тармағына және 6-бабының 2 тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1.Қоса беріліп отырған жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері бекітілсін.
2 2.«Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ө.С. Бисақаев) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3
3. «Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2369 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 наурызда «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланған) Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 21 қаулысының) күші жойылды деп танылсын.
4 4.Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.
5 5.Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігі
Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы
М.Пішембаев
02 сәуір 2015 жыл
«Маңғыстау облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Ө.С.Бисақаев
02 сәуір 2015 жыл
6 Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 02 сәуірдегі
қаулысымен бекітілген
Жалпыға ортақ
пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі,
атаулары мен индекстері
№
Автомобиль жолының индексі
Автомобиль жолының атауы
Жалпы ұзындығы, шақырым
1
КR-1
"Ақтау - Форт-Шевченко"
122
2
КR-2
"Ақтау - Форт-Шевченко автожолының 43 шм - Қаламқас кен орыны"
231
3
КR-3
"Ақтау - Әуежай»
24
4
KR-4
"С.Шапағатов - Әуежай"
4
5
КR-5
"Ақтау - Құйылыс"
44
6
КR-6
"Құйылыс - Шетпе"
45
7
КR-7
"Тасболат - Карамандыбас"
11
8
КR-8
"Жетібай - Қарамандыбас - Жаңаөзен"
80
9
КR-9
"Сайөтес - Қарақұдық - Қызылсай"
108
10
КR-10
"Форт-Шевченко - Таушық - Шетпе"
161
11
КR-11
"Кендірлі" демалыс орнына кіреберіс"
5
12
КR-12
"Ата жолы"
97
Жиыны:
932