Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования рыбохозяйственных водоемов и (или) участков для развития аквакультуры

Бұйрық · № 18-05/291 · қабылданған 31.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89583/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования рыбохозяйственных водоемов и (или) участков для развития аквакультуры Күшін жойған Бұйрық ·№ 18-05/291 ·31.03.2015
25.04.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил использования рыбохозяйственных водоемов и (или) участков для развития аквакультуры

Күшін жойған Бұйрық ·№ 18-05/291 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования рыбохозяйственных водоемов и (или) участков для развития аквакультуры
Атауы (қаз.)
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
18-05/291
Қабылданған күні
31.03.2015
Көрсетілген редакция
25.04.2019 89583_403887.kaz
Соңғы өзгеріс
25.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010944
ЭКБ идентификаторы
89583
Редакция идентификаторы
89583_403887
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:43

0 Балық шаруашылығы

су айдындарын және (немесе)
учаскелерiн акваөсіруді
дамыту үшін пайдалану
қағидаларын бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 72) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 18-05/291 бұйрығымен
бекітілген
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидалары

1

1. Осы Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» (бұдан әрі – Заң) 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 1-тармағының 72) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсіруді дамыту үшін пайдалану тәртiбiн белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1

1) көлде тауарлы балық өсiру шаруашылығы (бұдан әрi – КТБӨШ) – су айдындарындағы шаруашылық құны төмен балықтарды аулау есебінен ихтифаунаны толық немесе ішінара алмастыру, оларға балықтың бағалы түрлерiн қоныстандыру, өсiру және кейiннен аулау арқылы оларды балық шаруашылығы мақсатында пайдалануды жақсартумен айналысатын шаруашылық;

2 2) шарбақтық балық өсіру шаруашылығы (бұдан әрі - ШБӨШ) – шарбақтарда тауарлы өнім өсіруге маманданатын шаруашылық.

3 3. Акваөсіруді дамыту мақсатында жергілікті, республикалық және халықаралық маңызға ие балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері пайдаланылады.

4 4. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін акваөсіруді дамыту үшін пайдалану КТБӨШ және ШБӨШ құру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін конкурстық негізде бекітіп беру жолымен жүзеге асырылады.

5

5. КТБӨШ және ШБӨШ құру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурсты өткізу және ұйымдастыру тәртібі Заңның 9-бабының 1-тармағының 65) тармақшасына сәйкес бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу Қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

6

6. КТБӨШ үшін негізгі су айдындарының гидрологиялық режиміне және балық ресурстарының табиғи көбеюіне елеулі түрде әсер етпейін негізінен құндылығы шамалы балық түрлері бар және табиғи балық өнімділігі төмен оқшауланған (бөліп тасталған) су айдындары (су айдындары жүйелері) және (немесе) учаскелері беріледі.

7 7. Негізгі балық шаруашылығы су айдынымен байланысы бар КТБӨШ және ШБӨШ үшін оқшауланған (бөліп тасталған) су айдындары және (немесе) учаскелерін балықтандыру және өсіру аталған және (немесе) негізгі су айдынында табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін балық түрлерімен жүзеге асырылады.

8

8. Оқшауланған (бөліп тасталған) су айдындары және (немесе) оның негізгі балық шаруашылығы су айдынымен байланысы бар жеке бөліктерінде КТБӨШ жүргізу үшін қажетті шарт КТБӨШ үшін бекітіліп берілген су қоймасынан өсірілген балық түрлерінің кетіп қалмауын және су қоймасына бөгде балықтардың (соның ішінде шабақтар) өздігінен кіріп кетуіне бөгет болатын сенімді гидротехникалық құрылғылардың (қондырғылар) бары болып табылады.

9 9. Осы және (немесе) негізгі су қоймада мекендемейтін және бөгде объектілерді (гидробионттарды) тірі азық ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді.

10

10. Пайдаланушыға бұдан бұрын бекітіліп берілген су айдынының және (немесе) учаскесінің акваториясында орналастырылған шарбақтар аймағының шегінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың рұқсат етілген түрлері «Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 болып тіркелген).

11 11. КТБӨШ және ШБӨШ өсірілген балық пайдаланушының меншігі болып табылады.

Қолданыстағы