Об утверждении норм возмещения затрат за проезд на транспорте
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм возмещения затрат за проезд на транспорте
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелеріне мүлікті тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормаларын бекiту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11
- Қабылданған күні
- 12.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 29.07.2022 89589_597367.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.07.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010930
- ЭКБ идентификаторы
- 89589
- Редакция идентификаторы
- 89589_597367
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:09
0 Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 5-тармағына, 77-бабының 4-тармағына және 78-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Экономика және қаржы департаментi Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бқйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде, мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында жариялауды.
3 3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері таныстырылсын.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
____________________Б. Сұлтанов
2015 жылғы « » наурыз
1 Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2015 жылғы 12 наурыздағы
№ 11 бұйрығымен
бекітілген
Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу
нормалары
1 1. Осы Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары:
1
1) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 73-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне (әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларынан басқа);
2 2) Заңның 77-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына;
3 3) Заңның 78-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің (әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларынан басқа) отбасы мүшелеріне қолданылады.
2 2. Көлікпен жол жүру шығындары жол жүру құжаттарының негізінде:
1 1) теміржол көлігімен жол жүру кезінде:
купе вагонының тарифі бойынша (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, жатын вагонның қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орынды купелері бар вагондарды қоспағанда);
жұмсақ дивандары төменде орналасқан, жатын вагонның қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орынды купелері бар вагондардың тарифі бойынша медициналық көрсеткіштері бойынша əскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерге стационарлық емделуге барғанда әскери-дәрігерлік комиссияның жолдамасы негізінде және қызметкердің ауысуы жедел болған жағдайда:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде (бұдан әрі – ҰҚК) – уәкілетті басшының;
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік ведомстволарында, аумақтық және өзге де органдарында – бірінші басшының жазбаша растауының негізінде;
2 2) су және автомобиль көлігімен жол жүру кезінде – сол жергілікті жердегі қолданылып жүрген жол жүру құны бойынша;
3 3) егер елді мекеннен тыс жерде орналасса, теміржол станциясына, айлаққа, әуежайға автокөлікпен (таксиден басқа) жол жүру бойынша;
4 4) жол жүру билеттерін броньдау құны, сондай-ақ төсек керек-жарақтарын пайдалану құны;
5 5) әуе көлігімен жол жүру кезінде – медициналық көрсеткіштері бойынша əскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерге стационарлық емделуге барғанда әскери-дәрігерлік комиссияның жолдамасы негізінде және қызметкердің ауысуы жедел болған жағдайда:
ҰҚК-де – ҰҚК Төрағасының немесе оның бірінші орынбасарының не қаржы-шаруашылық қызметін бағыттаушы ҰҚК Төрағасы орынбасарының;
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік ведомстволарында, аумақтық және өзге де органдарында – бірінші басшының жазбаша растауының негізінде өтеледі.
3 3. Жол жүру құжаттары (билеттер) болмаған кезде шығыстар осы Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген көлікпен (әуе көлігін қоспағанда) жол жүрудің ең төменгі құны бойынша:
ҰҚК-де – қаржы-шаруашылық қызметін бағыттаушы ҰҚК Төрағасының орынбасарымен;
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік ведомстволарында, аумақтық және өзге де органдарында – бірінші басшымен келісілген қызметкердің баянаты және теміржол көлігінің плацкарт вагоны тарифі бойынша ең төменгі құны туралы анықтама (еркін түрде) негізінде өтеледі.