Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования денег от физических и юридических лиц, в том числе пенсионных выплат и государственных социальных пособий, зачисляемых на контрольный счет наличности государственного психиатрического учреждения специализированного типа с интенсивным наблюдением, для использования психически больными, находящимися на принудительном лечении в учреждении

Бұйрық · № 182 · қабылданған 31.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89591/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования денег от физических и юридических лиц, в том числе пенсионных выплат и государственных социальных пособий, зачисляемых на контрольный счет наличности государственного психиатрического учреждения специализированного типа с интенсивным наблюдением, для использования психически больными, находящимися на принудительном лечении в учреждении Күшін жойған Бұйрық ·№ 182 ·31.03.2015
06.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил использования денег от физических и юридических лиц, в том числе пенсионных выплат и государственных социальных пособий, зачисляемых на контрольный счет наличности государственного психиатрического учреждения специализированного типа с интенсивным наблюдением, для использования психически больными, находящимися на принудительном лечении в учреждении

Күшін жойған Бұйрық ·№ 182 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования денег от физических и юридических лиц, в том числе пенсионных выплат и государственных социальных пособий, зачисляемых на контрольный счет наличности государственного психиатрического учреждения специализированного типа с интенсивным наблюдением, для использования психически больными, находящимися на принудительном лечении в учреждении
Атауы (қаз.)
Мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың пайдалануы үшін жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшаны, оның ішінде жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотына есепке алынатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
182
Қабылданған күні
31.03.2015
Көрсетілген редакция
06.10.2020 89591_485075.kaz
Соңғы өзгеріс
06.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010965
ЭКБ идентификаторы
89591
Редакция идентификаторы
89591_485075
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:44

0 Мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан

психикалық науқастың пайдалануы үшін
жеке және заңды тұлғалардан түсетін
ақшаны, оның ішінде жіті байқау
жасалатын мамандандырылған үлгідегі
мемлекеттік психиатриялық мекеменің
қолма-қол ақшасын бақылау шотына
есепке алынатын зейнетақы төлемдері
мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды
пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 121-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қоса беріліп отырған Мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың пайдалануы үшін жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшаны, оның ішінде жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотына есепке алынатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қаржы департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау және әлеуметтік
даму министрінің 2015 жылғы
31 наурыздағы № 182
бұйрығымен бекітілген
Мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастыңпайдалануы үшін жеке және заңды тұлғалардан түсетінақшаны, оның ішінде жіті байқау жасалатынмамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялықмекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотына есепкеалынатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтікжәрдемақыларды пайдалану қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың пайдалануы үшін жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшаны, оның ішінде жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотына есепке алынатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 121-бабына сәйкес әзірленген және мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшаны, оның ішінде жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотына есепке алынатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеме (бұдан – мекеме) – психикасының ауытқуынан (ауруынан) зардап шегетін, психикалық жағдайына және жасаған қоғамға қауіпті әрекеттерінің сипатына қарай өзіне немесе басқа адамдарға айрықша қауіп төндіретін, тұрақты және жіті байқауды талап ететін адамдарға қатысты сот шешімінің негізінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары жүзеге асырылатын психиатриялық стационар;

2 2) мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі – ҚАБШ) – жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақша, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мекеменің жұмсау құқығынсыз уақытша орналастырылатын қолма-қол ақшаны бақылау шоты.

2 2. Мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалықнауқастың пайдалануы үшін жеке және заңды тұлғалардантүсетін ақшаны, оның ішінде жіті байқау жасалатынмамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялықмекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотына есепкеалынатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтікжәрдемақыларды пайдалану тәртібі

3 3. Мекеме мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастардың ҚАБШ-ға есепке алынатын ақшасын басқарады. ҚАБШ қаражатының пайдаланылуы бойынша есепке алу және есептілік, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4 4. ҚАБШ-ға есепке алынатын ақшаны есепке алуды бухгалтерлік есепке және есептілікке жауапты мекеменің құрылымдық бөлімшесі қамтамасыз етеді, ол осы мақсатта:

1 1) ақша түскен кезде әрбір психикалық науқасқа ақшаның кірісі мен шығысы бойынша үнемі өзгерістер енгізіліп отыратын арнайы жеке шот ашады;

2 2) осы Ереженің 5-тармағының 12) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, психикалық науқастардың құрылымдық емдеу бөлімшесінің басшысы растаған және мекеме басшысы бекіткен жеке өтініштерінің негізінде арнайы жеке шоттардағы ақшасын жұмсау жөніндегі операцияларды жүргізеді;

3 3) психикалық науқастар өтініш білдірген тауарлар мен қызметтерге жалпы қажеттілікті қалыптастырады;

4 4) психикалық науқастар өтініш білдірген тауарлар мен қызметтерге жалпы қажеттілікті қамтамасыз ету үшін өнім берушілермен шарт жасасады;

5

5) мекеменің кассасына жеке және заңды тұлғалардан түсетін қолма-қол ақшаны, сондай-ақ психикалық науқас мекемеге түскен кезде алынған ақшаны заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдайды. Мекеме кассасына қабылданған қолма-қол ақша ҚАБШ-ға психикалық науқастардың жеке шоттары бойынша екінші деңгейдегі банк арқылы есепке алынады;

6 6) ҚАБШ-ға есепке алынатын ақшаны есепке алу, қайтару, аудару жөніндегі банктік қызметтерге ақы төлеуді жүргізеді;

7 7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚАБШ ақшасын пайдалану бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізеді.

5 5. Мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастар өздерінің арнайы жеке шоттарына есепке алынатын ақшаны мынадай мақсаттарға пайдаланады:

1 1) ең қажетті заттар, жеке гигиеналық заттар, киім, аяқ киім, жұмсақ инвентарь сатып алу;

2 2) қосымша тамақ өнімдерін сатып алу;

3 3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген келемінен тыс медициналық қызметтер алу;

4 4) жөнелтілімдер мен бандерольдарды жіберу;

5 5) ақшалай, почта жөнелтілімдерін жіберу;

6 6) байланыс қызметін пайдалану, оның ішінде хат алмасуды жүргізу;

7 7) мерзімді баспасөз басылымдарына жазылу;

8 8) қалааралық телефон байланысын пайдалану;

9 9) заңгерлік қызметтерді пайдалану;

10 10) жоғалған құжаттарды қалпына келтіру немесе жаңа жеке құжаттар алу жөніндегі қызметтерге ақы төлеу;

11 11) одан әрі емделу орнына жол жүру құнын төлеу;

12 12) атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамада белгіленген тәртіппен алименттерді және басқа алымдарды аудару.

6 6. Мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқасты шығару кезінде оның арнайы дербес шотындағы ақшаның қалдығы психикалық науқас мекемеден шығарылған күнінен бастап бір ай ішінде, оның банк шотына аудару арқылы қайтарылуға тиіс.

Мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқас қайтыс болған жағдайда оның арнайы дербес шотындағы ақшаның қалдығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес пайдаланылады.

Қолданыстағы