Об установлении требований по энергоэффективности транспорта
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении требований по энергоэффективности транспорта
- Атауы (қаз.)
- Көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 389
- Қабылданған күні
- 31.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.12.2022 89598_616575.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010962
- ЭКБ идентификаторы
- 89598
- Редакция идентификаторы
- 89598_616575
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:40
0 Көліктің энергия тиімділігі
бойынша талаптарды белгілеу туралы
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптар белгіленсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
0 Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 389 бұйрығымен
бекітілген
Көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптар
1
1. Көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптар (бұдан әрі – талаптар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленіп, көліктің энергия тиімділігінің нормативтік көрсеткіштерін айқындайды.
2 2. Осы талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) көліктің энергия тиімділігінің көрсеткіші-пайдалы пайдаланылған энергияның қозғалтқыш тұтынатын жалпы энергия мөлшеріне қатынасымен анықталған энергияны түрлендіруге қатысты тиімділіктің сипаттамасы;
2 2) отынның калориялық мәні (жанудың меншікті жылуы) – салмағы 1 кг отын толық жанған кезде бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін шама;
3 3) отынның меншікті шығыны-көлік отынының бірлігінің сағатына қуат бірлігіне шығыны;
4 4) энергетикалық тиімділік (бұдан әрі – энергия тиімділігі) – көрсетілген қызметтер, жұмыстар, шығарылған өнім (тауарлар) немесе өндірілген энергетикалық ресурстар көлемінің осыған жұмсалған бастапқы энергетикалық ресурстарға сандық қатынасы.
3 3. Осы талаптар, осы талаптар қолданысқа енгізілгеннен кейін әкелінген (импортталған) және шығарылған темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе және қалалық электр көліктеріне, оның ішінде метрополитенге таралады.
4 4. Көлікке осы талаптарға қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес энергия тиімділігі көрсеткіштері бойынша талаптар қойылады.
5 5. Көліктің энергия тиімділігінің көрсеткіші былайша айқындалады: ЭТ %-бен = 100 / (кг/кВт*сағ-тағы отынның үлестік шығысы * кВт*сағ/кг-дағы отынның жылу шығару қабілеті (жанудың үлестік жылуы).
1 Көліктің энергия тиімділігі
бойынша талаптарға
қосымша
Көліктің энергия тиімділігінің көрсеткіштері
Р/с №
Көлік түрінің атауы
ЭТ, %-бен
1
2
3
1
Автомобиль:
табиғи газдағы қозғалтқыш
дизельдік қозғалтқыш
бензиндік қозғалтқыш
гибридтік автомобиль (бензин/электр)
электр қозғалтқыш
66
60
60
75,7
52,5
2
Авиациялық қозғалтқыштар
40
3
Теміржол: тепловоз
электровоз
41
82
4
Теңіз көлігі
60
5
Ішкі су
60
6
Қалалық электр көлігі, оның ішінде
метрополитен
75