Об утверждении Правил о минимальных резервных требованиях, включая структуру обязательств банков, принимаемых для расчета, условия выполнения минимальных резервных требований, порядок резервирования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил о минимальных резервных требованиях, включая структуру обязательств банков, принимаемых для расчета, условия выполнения минимальных резервных требований, порядок резервирования
- Атауы (қаз.)
- Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 38
- Қабылданған күні
- 20.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.01.2020 89620_441134.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010776
- ЭКБ идентификаторы
- 89620
- Редакция идентификаторы
- 89620_441134
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:00
0
Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қоса беріліп отырған Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидалар, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі бекітілсін.
2 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Зерттеулер және стратегиялық талдау департаменті (Бөбеев М.С.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6 6. Осы қаулы 2015 жылғы 12 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитетінің Төрағасы
Ә. Смайылов _____________________
2015 жылғы 13 сәуір
10 Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 38 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» 2006 жылғы 27 мамырдағы № 38 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4268 тіркелген).
2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» 2006 жылғы 27 мамырдағы № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 27 тамыздағы № 101 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4944 тіркелген).
3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» 2006 жылғы 27 мамырдағы № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі № 83 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7194 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2011 жылғы 13 қазанда № 149 (1965) жарияланған).
4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» 2006 жылғы 27 мамырдағы № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 290 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8036 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 7 қарашада № 729-734 (27806) жарияланған).
15 Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 38 қаулысымен
бекітілген
Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидалар, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі
Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидалар, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылдайтын міндеттемелерінің құрылымын, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптарды айқындайды.
1 1. Ең төменгі резервтік талаптар. Банктің ең төменгі резервтік талаптарды есеп айырысу үшін қабылдайтын міндеттемелерінің құрылымы
1
1. Ең төменгі резервтік талаптар – екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банк) өз кассасындағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттардағы ақша (резервтік активтер) түрінде қолдайтын міндеттемелері сомасының міндетті үлесі.
2 2. Ең төменгі резервтік талаптарды айқындау үшін әрбір банк үшін ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері қолданылады.
3 3. Міндеттемелер бойынша ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері – бұл тізбесі Қағидаларда белгіленген міндеттемелердің сомасынан пайызбен көрсетілген үлес.
4
4. Банктің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қолданатын міндеттемелерінің құрылымын (резервтік міндеттемелер) банктің баланстық шоттарда көрсетілген ұлттық және шетел валютасындағы 1 (бір) жылға дейінгі (қысқа мерзімді міндеттемелер) және 1 (бір) жылдан астам (ұзақ мерзімді міндеттемелер) міндеттемелері құрайды.
Банктің ұлттық және шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі Қағидаларға 1-қосымшада айқындалған.
Банктің шетел валютасындағы жекелеген қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі Қағидаларға 2-қосымшада айқындалған.
Банктің ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің тізбесі Қағидаларға 3-қосымшада айқындалған.
5
6
7
8
9
10
11
12
13 13. Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін Ұлттық Банк Басқармасы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген ең төменгі резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелердің құрылымына сәйкес резервтік міндеттемелердің әрбір түрі бойынша бөлек белгілейді.
14 14. Банк төмен резервтік талаптарды:
1 1) ұлттық валютадағы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар нормативінің мәндерін банктің белгілі бір күнгі ұлттық валютадағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін ұлттық валютадағы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша;
2 2) ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар нормативінің мәндерін банктің белгілі бір күнгі ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша;
3 3) шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар нормативінің мәндерін банктің белгілі бір күнгі шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша;
4
4) шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар нормативінің мәндерін банктің белгілі бір күнгі шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптар сомасы ретінде есептейді.
15 15. Банк резервтік талаптарды есептеген кезде негізгі борыш, сыйақы және олар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша (бар болса) міндеттемелердің сомасы есепке алынады.
16 16. Ең төмен резервтік талаптар Ұлттық Банкке Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17274 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы
29 маусымдағы № 139 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұсынылған күн сайынғы мәліметтер негізінде есептеледі.
2 2. Банктің ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау талаптары және оларды резервке алу тәртібі
17 17. Банк ең төменгі резервтік талаптарды орындау үшін ақшаны резервтік активтерге орналастырады. Резервтік активтердің орташа мөлшерлемесі оларды қалыптастыру кезеңінде ең төменгі резервтік талаптарды айқындау кезеңіндегі ең төменгі резервтік талаптардың кемінде орташа мөлшерін құрайды.
18 18. Банк 2015 жылғы 12 мамырдан бастап 2015 жылғы 22 маусым аралығында ең төменгі резервтік талаптарды орындау үшін резервтік активтерді кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақшаның сомасы мен банктің Ұлттық Банктегі ұлттық валютамен корреспонденттік шоттарындағы қалдықтар сомасы ретінде есептейді.
19
19. Банк 2015 жылғы 23 маусымнан бастап 2016 жылғы 4 қаңтар аралығында ең төменгі резервтік талаптарды орындау үшін резервтік активтерді ең төменгі резервтік талаптарды айқындау кезеңіндегі ең төменгі резервтік талаптардың орташа мөлшерінің 70 (жетпіс) пайызынан аспайтын көлемдегі кассадағы ұлттық валютамен қолма-қол ақша сомасы мен банктің Ұлттық Банктегі ұлттық валютамен корреспонденттік шоттарындағы қалдықтар сомасы ретінде есептейді.
20 20. 2016 жылғы 5 қаңтардан бастап ең төмен резервтік талаптарды орындау үшін резервтік активтерді банк кассадағы ұлттық валютамен қолма-қол ақша мен банктің Ұлттық Банктегі ұлттық валютамен корреспонденттік шоттарындағы қалдықтар сомасы ретінде есептейді.
21 21. 2015 жылғы 12 мамырдан бастап 2015 жылғы 22 маусым аралығында ең төменгі резервтік талаптарды айқындау кезеңі күнтізбелік он төрт күнді құрайды, ең төменгі резервтік талаптарды айқындау аптасының бірінші сейсенбісінен басталады және он төрт күндік кезеңінің соңғы дүйсенбісімен аяқталады.
22 22. 2015 жылғы 23 маусымнан бастап ең төменгі резервтік талаптарды айқындау кезеңі күнтізбелік жиырма сегіз күнді құрайды және ең төменгі резервтік талаптарды айқындау аптасының бірінші сейсенбісінен басталады және жиырма сегіз күндік кезеңінің соңғы дүйсенбісімен аяқталады.
23
23. 2015 жылғы 12 мамырдан бастап 2015 жылғы 22 маусым аралығында ең төменгі резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі күнтізбелік он төрт күнді құрайды, ең төменгі резервтік талаптарды айқындау кезеңі басталатын аптаның бірінші бейсенбісінен басталады және ең төменгі резервтік талаптарды айқындау кезеңі аяқталатын аптаның сәрсенбісінде аяқталады.
24
24. 2015 жылғы 23 маусымнан бастап ең төменгі резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі күнтізбелік жиырма сегіз күнді құрайды, ең төменгі резервтік талаптарды айқындау кезеңі аяқталғаннан кейінгі аптаның бірінші сейсенбісінен басталады және резервтік активтерді қалыптастырудың жиырма сегіз күндік кезеңінің соңғы дүйсенбісімен аяқталады.
25 25. Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі үшін 2015 жылғы
23 маусымнан бастап 2015 жылғы 20 шілде аралығында ең төменгі резервтік талаптарды айқындау кезеңі 2015 жылғы 26 мамырдан бастап 2015 жылғы 22 маусым аралығында күнтізбелік жиырма сегіз күнді құрайды.
25-1
25-1. Банк 2019 жылғы 13 тамыздан бастап ең төмен резервтік талаптарды орындау үшін резервтік активтерді ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңіндегі ең төмен резервтік талаптардың орташа мөлшерінің 50 (елу) пайызынан аспайтын көлемдегі кассадағы ұлттық валютамен қолма-қол ақша сомасы мен банктің Ұлттық Банктегі ұлттық валютамен корреспонденттік шоттарындағы қалдықтар сомасы ретінде есептейді.
26 26. Банк Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес электрондық форматта ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау туралы ақпаратты Ұлттық Банкке ұсынады.
27 27. Қағаз тасымалдағыштағы ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау туралы ақпаратқа бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген адамдар және орындаушы қол қояды және банкте сақталады.
1
Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларға, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібіне
1-қосымша
Баланстық шоттың аты
2012
Шетелдік орталық банктердің корреспонденттік шоттары
2013
Басқа банктердің корреспонденттік шоттары
2014
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары
2022
Шетелдік орталық банктердің талап ету бойынша салымдары
2023
Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары
2024
Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2034
Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан алынған қысқа мерзімді қарыздар
2038
Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек
2044
Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қысқа мерзімді қарыздар
2048
Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек
2054
Басқа банктерден алынған қысқа мерзімді қарыздар
2058
Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек
2064
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді қарыздар
2068
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек
2112
Шетелдік орталық банктерден алынған овернайт қарыздары
2113
Басқа банктерден алынған овернайт қарыздары
2122
Шетелдік орталық банктердің мерзімді салымдары
2123
Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір айға дейінгі) салымдары
2124
Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) салымдары
2125
Басқа банктерден бір түнге тартылған салымдар
2130
Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым
2131
Басқа банктердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты
2133
Басқа банктердің шартты салымдары
2135
Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2138
Басқа банктердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2201
Мемлекеттік бюджеттің ақшасы
2202
Кастодиан банктердің ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға ашқан ағымдағы шоттарындағы инвестицияланбаған қалдықтары
2203
Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары
2204
Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары
2205
Жеке тұлғалардың талап ету бойынша салымдары
2206
Жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары
2208
Жеке тұлғалардың шартты салымдары
2210
Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері
2211
Заңды тұлғалардың талап ету бойынша салымдары
2213
Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым
2215
Заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары
2219
Заңды тұлғалардың шартты салымдары
2222
Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары
2223
Заңды тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым
2224
Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2225
Клиенттермен өзге операциялар бойынша мерзімі өткен берешек
2226
Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2228
Мерзімінде орындалмаған нұсқаулар
2231
Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2232
Клиенттердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2237
Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жөнелтушінің нұсқауларын сақтау шоты
2240
Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты
2245
Инвестициялық депозиттер
2551
Басқа банктермен есеп айырысулар
2552
Клиенттермен есеп айырысулар
2701
Корреспонденттік шоттар бойынша есептелген шығыстар
2702
Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары бойынша есептелген шығыстар
2703
Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған қарыздар бойынша есептелген шығыстар
2704
Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша есептелген шығыстар
2705
Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар
2706
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар
2707
Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепiлақы) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты есептелген шығыстар
2711
Басқа банктердің овернайт қарыздары бойынша есептелген шығыстар
2712
Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар
2713
Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар
2714
Басқа банктердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар
2718
Клиенттердің ағымдағы шоттары бойынша есептелген шығыстар
2719
Клиенттердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар
2720
Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша есептелген шығыстар
2721
Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар
2722
Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша есептелген шығыстар
2723
Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар
2727
Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстар
2730
Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар
2731
Басқа операциялар бойынша есептелген шығыстар
2741
Алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы
2742
Талап ету бойынша салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы
2743
Мерзімді салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы
2744
Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы
2746
Шартты салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы
2747
Басқа банктердің және клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзімі өткен сыйақы
2748
Ағымдағы шоттар бойынша мерзімі өткен сыйақы
2749
Басқа да мерзімі өткен сыйақы
2755
Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері бойынша есептелген шығыстар
2855
Құжаттамамен есеп айырысулар бойынша кредиторлар
2865
Шығарылған электрондық ақша бойынша міндеттемелер
2891
Фьючерс операциялары бойынша міндеттемелер
2892
Форвард операциялары бойынша міндеттемелер
2893
Опцион операциялары бойынша міндеттемелер
2894
Спот операциялары бойынша міндеттемелер
2895
Своп операциялары бойынша міндеттемелер
2899
Басқа туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер
Ескертпе: 2013, 2023, 2024, 2054, 2058, 2113, 2123, 2124, 2125, 2130, 2131, 2133, 2135, 2138, 2203, 2210, 2222, 2225, 2237, 2240, 2551, 2701, 2702, 2705, 2707, 2712, 2713, 2714, 2722, 2727, 2730, 2731, 2741, 2742, 2743, 2744, 2746, 2747, 2749, 2755, 2855, 2865, 2891, 2892, 2893, 2894, 2895 және 2899 баланстық шоттарында көрсетілген резервтелетін міндеттемелер құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Ұлттық Банк алдындағы міндеттемелер алып тасталады.
2
Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларға, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібіне
2-қосымша
Баланстық шоттың аты
2016
Басқа банктердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары
2052
Шетелдiк орталық банктерден алынған қарыздар
2126
Басқа банктердiң тазартылған бағалы металдардағы мерзiмдi салымдары
2212
Клиенттердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары
2216
Клиенттердiң тазартылған бағалы металдардағы мерзiмдi салымдары
2708
Басқа банктердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар
2717
Клиенттердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар
Ескертпе: 2126 және 2708 баланстық шоттарда көрсетілген резервтелетін міндеттемелердің құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Ұлттық Банк алдындағы міндеттемелер алып тасталады.
3
Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларға, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібіне
3-қосымша
Баланстық шоттың аты
2036
Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған ұзақ мерзімді қарыздар
2046
Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар
2056
Басқа банктерден алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар
2057
Басқа банктерден алынған қаржы лизингi
2066
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар
2067
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингi
2127
Басқа банктердiң ұзақ мерзiмдi салымдары
2207
Жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары
2217
Заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары
2227
Алынған қаржы лизингi
2230
Алынған қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек
2301
Айналысқа шығарылған облигациялар
2303
Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар
2306
Сатып алынған облигациялар
2745
Алынған қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар
Ескертпе: 2056, 2057, 2127, 2227, 2301, 2303, 2306 және 2745 баланстық шоттарда көрсетілген резервтелетін міндеттемелердің құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Ұлттық Банк алдындағы міндеттемелер алып тасталады.
4 Банктердің ең төмен резервтік талаптарды
есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің
құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар
туралы қағидаларға, ең төмен резервтік талаптарды есептеу,
ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау,
ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және
олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібіне
4-қосымша
Банктің ұлттық валютадағы ұзақмерзімді сыртқы міндеттемелерінің тізбесі
5 Банктердің ең төмен резервтік талаптарды
есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің
құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар
туралы қағидаларға, ең төмен резервтік талаптарды есептеу,
ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау,
ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және
олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібіне
5-қосымша
Банктiң шетел валютасындағы қысқамерзімді iшкi мiндеттемелерiнің тізбесі
6 Банктердің ең төмен резервтік талаптарды
есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің
құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар
туралы қағидаларға, ең төмен резервтік талаптарды есептеу,
ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау,
ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және
олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібіне
6-қосымша
Банктің сыртқы қысқамерзімді шетел валютасындағы міндеттемелерінің тізбесі
7 Банктердің ең төмен резервтік талаптарды
есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің
құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар
туралы қағидаларға, ең төмен резервтік талаптарды есептеу,
ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау,
ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және
олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібіне
7-қосымша
Банктің шетел валютасындағы ұзақмерзімді ішкі міндеттемелерінің тізбесі
8 Банктердің ең төмен резервтік талаптарды
есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің
құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар
туралы қағидаларға, ең төмен резервтік талаптарды есептеу,
ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау,
ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және
олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібіне
8-қосымша
Банктің шетел валютасындағы ұзақмерзімді сыртқы міндеттемелерінің тізбесі
9
Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларға, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібіне
9-қосымша
Индекс: ЕРТ
Кезеңділігі: әрбір 28 (жиырма сегіз) күн
Ұсынады: екінші деңгейдегі банктер
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі: банктің резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінің соңғы күнінен кейінгі оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей
Нысан
Банктің атауы _________________________________________________________
Ең төмен резервтік талаптарды белгілеу кезеңі ______ - _______ аралығында
Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі ______ - _______ аралығында
мың теңгемен
Ең төмен резервтік талаптарды
айқындау кезеңі
Банктің ұлттық валютадағы міндеттемелері
Банктің шетел валютасындағы міндеттемелері
Қысқа мерзімді
Ұзақ мерзімді
Қысқа мерзімді
Ұзақ мерзімді
1
2
3
4
5
кестенің жалғасы:
Ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар
Шетел валютасындағы міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар
Ең төмен резервтік талаптардың жиынтығы
Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі
Резервтік активтер
Қысқа мерзімді
Ұзақ мерзімді
Қысқа мерзімді
Ұзақ мерзімді
(6)+(7)+(8)+(9)
(2)*n1
(3)*n2
(4)*n3
(5)*n4
6
7
8
9
10
11
12
Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
(қолы)
Бас бухгалтер немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
(қолы)
Орындаушы
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), қолы, телефон нөмірі
Есепке қол қойылған күн 20 ___ жылғы «___» _________
Түсіндіру:
n1 - банктің ұлттық валютадағы қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативі
n2 - банктің ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативі
n3 - банктің шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативі
n4 - банктің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативі
9-1 «Ең төмен резервтік талаптарды орындау туралы ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға
қосымша