Құжат мәтініне өту

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов

Өзге акт · № 298 · қабылданған 22.04.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89632/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов Күшін жойған Өзге акт ·№ 298 ·22.04.2015
21.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов

Күшін жойған Өзге акт ·№ 298 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
298
Қабылданған күні
22.04.2015
Көрсетілген редакция
21.12.2015 89632_276197.kaz
Соңғы өзгеріс
21.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15NP005604
ЭКБ идентификаторы
89632
Редакция идентификаторы
89632_276197
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:23

0 Мүгедектер қатарындағы кемтар

балаларды үйде оқытуға жұмсаған
шығындарды өтеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындарды (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу) жеке оқыту жоспары бойынша тоқсанына сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.

2 2. Мыналар:

1 1) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу «Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады;

2 2) оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу кемтар балалардың ата-аналарына және басқа заңды өкілдеріне (бұдан әрі – қызметті алушылар) төленеді;

3 3) оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу үшін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

өтініш;
қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысы;
мүгедектігі туралы анықтама;
банктегі шоттың болуы туралы құжат;
мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы;
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

4 4) оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тиісті оқу жылы ішінде өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді деп белгіленсін.

3 3. Мәслихаттың 2013 жылғы 11 қарашадағы № 159 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы», (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 4326 тіркелген, 2013 жылғы 11 желтоқсанда «Науырзым тынысы» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
«Науырзым ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттiк мекемесінің басшысының м. а
_____________________Г. Асанова
2015 жылғы «22» сәуір

Қолданыстағы