Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов по городу Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов по городу Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2/260
- Қабылданған күні
- 23.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 29.07.2022 89643_586056.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.07.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15R0001163
- ЭКБ идентификаторы
- 89643
- Редакция идентификаторы
- 89643_586056
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:22
Алматы қаласы бойынша
түзілу және жинақталу нормаларын
есептеудің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі 20 бабының 17-3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары бекітілсін.
2. Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және интернет - ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы «23» ___04___
№ 2/260 қаулысымен бекітілген
Алматы қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің
қағидалары
1. Жалпы ережелер
2. Коммуналдық қалдықтарға тұрмыстық қатты қалдықтар және елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары жатады.
2. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібі
3. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.
4. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы Қағидалардың 1қосымшасына сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.
5. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады.
6. Заттай өлшеу жүргізу үшін жайлылық деңгейі әртүрлі екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:
1) су құбыры, кәріз, газбен жабдықтау, орталықтан жылыту, қоқыс құбыры бар жайлы тұрғын үй;
2) пешпен жылытылатын, су құбыры мен кәрізі жоқ жайлы емес тұрғын үй.
9. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.
10. Өлшеуді бастамас бұрын контейнердегі қалдықтар тегістеледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтың көлемі анықталады.
11. Жинақталған қалдықтардың массасы толған контейнерлерді өлшеу жолымен және кейін бос контейнердің массасын алып тастау арқылы анықталады.
13. Түзілген және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректер осы Қағидалардың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне жазылады.
15. Маусымдық өлшеу жүргізілгеннен кейін деректер (масса, көлем) осы Қағидалардың 5 қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосіне енгізіледі.
16. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге.
Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын барлық контейнерлер толық тазартылуға тиіс.
18. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу өлшеу жүргізген күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей жүргізіледі.
19. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу осы Қағидалардың 6 қосымшасына сәйкес жүргізіледі.
Тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
Алматы қаласы бойынша
коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормаларын
есептеудің қағидаларына
1 қосымша
Тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер |
6 | Емханалар | 1 адам |
7 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 орын |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 орын |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м ² |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м ² |
14 | Азық-түлік дүкендері | Сауда алаңы 1 м ² |
15 | Машиналардан сату | Сауда орны 1 м ² |
16 | Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м ² |
17 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м ² |
18 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м ² |
19 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м ² |
20 | Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м ² |
21 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м ² |
22 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м ² |
23 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м ² |
24 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, жанармай құю стансалары, гараждар | 1 машина-орын |
25 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы |
26 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға |
27 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны |
28 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м ² |
29 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м ² |
30 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны |
31 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м ² |
32 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы |
33 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске |
Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты
Алматы қаласы бойынша
коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормаларын
есептеудің қағидаларына
2 қосымша
Нысан
Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты
Қала________________________________________________________________
1. Мекенжайы________________________________________________________
2. Қабаттылығы______________________________________________________
3. Үйдің нөмірі_____________________________________________________
4. Тұрып жатқан адамдардың саны, адам_______________________________
5. Жайлылық деңгейі: _______________________________________________
а) су құбырының, газдың, кәріздің болуы_____________________________
б) жылу беру түрі (орталықтан, пешпен, жергілікті) _________________
в) отынның түрі - көмір (тас көмір, қоңыр темір), ағаш отын, газ____
г) қоқыс құбырының болуы____________________________________________
д) аула аумағының алаңы, м ²________________________________________
оның ішінде
жасыл екпелер бар___________________________________________________
жабыны қатты _______________________________________________________
оның ішінде жаяусоқпақтар __________________________________________
6. Контейнерлердің типтері, олардың саны және сыйымдылығы___________
7. Қоқысты шығару кезеңділігі_______________________________________
8. Қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша)
____________________________________________________________________
Қолдары:
Т.А.Ә., лауазымы
Нысан
Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты
Қала_____________________________________________________________
1. Объектінің атауы _____________________________________________
2. Мекенжайы ____________________________________________________
3. Жапсарлас салынған немесе жеке тұрған
(соңғысының қабатын көрсету қажет) ___________________________
4. Орын саны (қызметкерлер және т.б.) ___________________________
5. Тәулігіне өткізу қабілеті: ___________________________________
ойын-сауық кәсіпорындары үшін (орын саны) _______________________
қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін (тағам түрі) ______________
6. Қызмет көрсететін персоналдың саны, адам _____________________
7. Үй-жайдың жалпы алаңы, м ²____________________________________
Оның ішінде:
сауда алаңы _____________________________________________________
қоймалық және қосалқы алаң ______________________________________
8. Аула аумағының алаңы, м ²_____________________________________
Оның ішінде:
жасыл екпелер бар ______________________________________________
жабын қатты ____________________________________________________
9. Контейнерлердің типі, олардың саны және сыйымдылығы _________
10. Қалдықтарды шығару мерзімі__________________________________
11. Тамақ қалдықтарын және қайталама шикізатты бөлек жинау
жүргізіле ме? (қандай және қанша)_______________________________
Қолдары:
Т.А.Ә., лауазымы
Бастапқы жазба бланкісі
Алматы қаласы бойынша
коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормаларын
есептеудің қағидаларына
3 қосымша
Формасы
Бастапқы жазба бланкісі
_____________
(күні)
____________________________________________объектісі бойынша
(атауы, мекенжайы)
Контей- нердің р/с № | Жиналған қалдықтар қабатының биіктігі, һ, м | Контейнер негізінің алаңы, S, м ² | Контейнердегі қалдықтардың көлемі, h*S, м³ | Қалдықтар тиелген контейнердің массасы (қоқыс тасығыш), m3, кг | Бос контейнердің массасы (қоқыс тасығыш), mп, кг | Контей нердегі қалдықтар- дың массасы, m3 - mп |
1 | ||||||
2 | ||||||
... | ||||||
Тәулік ішіндегі жиыны | Vтәу | Мтәу |
Коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жиналуының жиынтық маусымдық ведомосі
Алматы қаласы бойынша
коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормаларын
есептеудің қағидаларына
4 қосымша
Нысан
Коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жиналуының
жиынтық маусымдық ведомосі
20__жылғы ___ ___________бастап ____ _______________ дейін
Жайлылық типі ___________________________________________
Аптаның күндері | Объектінің атауы | Объектінің қызмет түрі | Есептік бірліктің саны | Жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі/массасы | Орташа тығыздығы, кг/м³ | Барлығы қайталама шикізат іріктеп алынды (бөлек жинаған кезде) | ||||
жалпы | 1 есептік бірлікке | |||||||||
кг | м³ | кг | м³ | кг | м³ | |||||
Дүйсенбі | ||||||||||
Сейсенбі | ||||||||||
Сәрсенбі | ||||||||||
Бейсенбі | ||||||||||
Жұма | ||||||||||
Сенбі | ||||||||||
Жексенбі | ||||||||||
Тәулігіне орташа | ||||||||||
Қолдары
Т.А.Ә., лауазымы
Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосі
Алматы қаласы бойынша
коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормаларын
есептеудің қағидаларына
5 қосымша
Нысан
Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен
жинақталуының жиынтық жылдық ведомосі
Жайлылық типі________________________________________________
Объект | Ай | Өлшенетін бірліктің саны | Қалдықтардың жиналуы | Біртекті емес коэффициент | Бөлек жинау, кг | |||||||
жалпы | өлшенетін 1 бірлікке | жалпы | өлшенетін 1 бірлікке | |||||||||
м³ | кг | м³ | кг | м³ | кг | м³ | кг | м³ | кг | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Барлығы
Тәулігіне орташа
Қолдары
Т.А.Ә., лауазымы
Алматы қаласы бойынша
коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормаларын
есептеудің қағидаларына
6 қосымша
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын
есептеу
1. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу былайша жүргізіледі:
1) бір тәулікте объектіде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бір контейнерде түзілген және жинақталған қалдықтардың көлемін анықтау (Vконт., м³):
S – контейнер түбінің алаңы, м ²;
2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, м³), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса:
3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mконт., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
mп – қалдықтардан бос контейнердің массасы, кг;
4) объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mтәу., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
5) жинақталу нормалары жылдың маусымдары бойынша анықталады. Өлшеу қызмет көрсету кестесіне сәйкес контейнерлік алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейін тәуліктің бір мезгілінде жеті күн бойы (үзіліссіз) жүргізіледі.
Маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vмаус, м³) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұндағы Vтәу1, Vтәу2 - белгілі бір маусымда әр тәулік ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемі;
6) маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (mмаус, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
7) объектіде коммуналдық қалдықтардың пайда болу көздерінің санынан коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
массасы бойынша (mтм, кг):
мұндағы n – маусымдық кезең ішінде бақылау тәулігінің саны.
a – есептік бірліктің саны;
8) объектіде есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
массасы бойынша (mтом, кг):
мұндағы жоғарғы индекстер «қ», «к», «ж», «кү» – қыста - «қ», көктемде - «к», жазда - «ж», күзде «кү» - есептік бірлікте тиісінше қалдықтар пайда болуының тәуліктік орташа маусымдық нормативтерін білдіреді;
n – қалдықтар пайда болған маусымның саны (n=4).
9) Объектіде есептік бірлікте коммуналдық қалдықтардың пайда болуымен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
массасы бойынша (mж, кг):
мұндағы nк – жылдағы күннің саны.
2. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау, коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының маусымдық және тәуліктік біртекті емес коэффициентін анықтау мақсатында қосымша мынадай есеп жүргізіледі:
1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (gор, кг/м³) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
2) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының маусымдық біртекті емес коэффициентін (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
массасы бойынша:
3) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының тәуліктік маусымдық біртекті емес коэффициентін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұндағы Vmaxтәу. – маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік көлемі, м³.
массасы бойынша:
мұндағы mmaxтәу. – маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік массасы, кг.