Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест

Қаулы · № 103 · қабылданған 15.04.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89651/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест Күшін жойған 18.05.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест

Күшін жойған Қаулы № 103 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест
Атауы (қаз.)
Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
103
Қабылданған күні
15.04.2015
Көрсетілген редакция
18.05.2016 89651_83930.kaz
Соңғы өзгеріс
18.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15UC003178
ЭКБ идентификаторы
89651
Редакция идентификаторы
89651_83930
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:28
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Жұмыс орындарының жалпы

санының үш проценті мөлшерінде
мүгедектер үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны Кентау қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2) осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің орынбасары Е.Бектаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.