Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 184
- Қабылданған күні
- 10.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 29.02.2016 89663_58012.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SH003250
- ЭКБ идентификаторы
- 89663
- Редакция идентификаторы
- 89663_58012
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:32
0 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238 бабының 3 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің «Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2008 жылғы 18 шілдедегі № 299 (2008 жылғы 26 тамызда № 13-8-90 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, «Маяк» аудандық газетінде 2008 жылғы 29 тамызда, «Қызылжар» аудандық газетінде 2008 жылғы 29 тамызда жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық мәслихаттың хатшысы
__________ А. Молдахметова
2015 жылғы 10 сәуір
5 Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 10 сәуірдегі № 184
қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және елді мекенде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесі
1 1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:
1 1) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
2 2) барлық мамандықтардың орташа медициналық ұжымы, оның ішінде:
медициналық бике;
емдәм бике;
әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
зертханашы;
акушер;
тіс дәрігері;
тіс технигі;
фельдшер;
психолог.