О внесении изменений в некоторые решения акима Мартукского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения акима Мартукского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Мәртөк ауыл аймағы әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 20.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2015 89695_11612.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CHK04325
- ЭКБ идентификаторы
- 89695
- Редакция идентификаторы
- 89695_11612
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:24
0 Мәртөк ауыл аймағы
әкімінің кейбір шешімдеріне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Мәртөк ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мәртөк ауыл аймағы әкімінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) Мәртөк селолық округі әкімінің 2009 жылғы 24 қазандағы № 4 «Мәртөк селосы көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-100 болып тіркелген, 2009 жылғы 18 қарашадағы «Мәртөк тынысы» аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде, атауында және барлық мәтіні бойынша «селолық», «селосы», «ауыл аймағы», «ауыл аймағының» сөздері «ауылдық», «ауылы», «ауылдық округі», «ауылдық округінің» сөздерімен ауыстырылсын;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспе бөліміндегі «, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» қаулысына» деген сөздер алынып тасталсын;
2 2) Мәртөк ауыл аймағы әкімінің 2011 жылғы 6 қыркүйектегі № 1 «Мәртөк ауыл аймағындағы елді мекендердегі көшелердің атауларын өзгерту және атаулар беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде № 3-8-136 болып тіркелген, 2011 жылғы 27 қазанда «Мәртөк тынысы» аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде, атауында және барлық мәтіні бойынша «ауыл аймағы», «ауыл аймағындағы», «ауыл аймағының», «ауыл аймақ» сөздері «ауылдық округі», «ауылдық округіндегі», «ауылдық округінің» сөздерімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі шешімнің 1 тармағындағы «в улицу» сөздері «на улицу» сөздерімен ауыстырылсын.