Об утверждении Правил определения целевых показателей качества окружающей среды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил определения целевых показателей качества окружающей среды
- Атауы (қаз.)
- Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 145
- Қабылданған күні
- 26.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 19.07.2021 89714_532328.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010869
- ЭКБ идентификаторы
- 89714
- Редакция идентификаторы
- 89714_532328
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:25
0 Қоршаған орта сапасының нысаналы
көрсеткіштерін айқындау қағидаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың
мемлекеттік тіркелуін;
2 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің
ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерды ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_____________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы «____»______________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы «____»______________
9 Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 145 бұйрығымен
бекітілген
Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленген және қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау тәртібін белгілейді.
2 2. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері жекелеген аумақтар үшiн белгiленеді және қоршаған орта сапасын бiрте-бiрте жақсарту қажеттiгi ескерiле отырып, қоршаған ортаның нормаланатын параметрлерiнiң белгiлi бiр уақыт кезеңiне арналған шектi деңгейiн реттейдi.
3 3. Мыналар қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу үшін негіз болып табылады:
1 1) өңірдегі экологиялық ахуалды талдау;
2 2) өндірістік күштерді едәуір өзгерту перспективалары;
3 3) қоршаған ортаның сапасына қойылатын қосымша талаптары бар рекреациялық аймақтарды, ауыл шаруашылығы объектілерін қалыптастыру жөніндегі жоспарлар;
4 4) қоршаған орта объектілеріндегі аялық шоғырланулардың қоршаған орта сапасының қабылданған нормативтерінен асып түсуі туралы ақпарат.
4 4. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде әзірлейді.
2 2-тарау. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау тәpтiбi
5 5. Қоршаған орта сапасының әртүрлi нысаналы көрсеткiштерi:
1 1) қоныстану аумағы;
2 2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
3 3) рекреациялық аймақтар;
4 4) шөл және шөлейт аудандар;
5 5) су объектiлерi үшiн белгiленуi мүмкiн.
6 6. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу мынадай кезеңдерді қамтиды:
1 1) экологиялық ахуалды талдау;
2 2) қоршаған орта сапасының нормативтеріне қол жеткізу жөніндегі экономикалық мүмкіндіктерді зерделеу;
3 3) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілеу өлшемдерін анықтау:
қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілеуге арналған негіздерді айқындау;
адам денсаулығы мен құнды экологиялық жүйелер үшін қауіп-қатерді бағалау;
қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілеу қажеттілігін айқындау;