Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил формирования и ведения единых республиканских реестров в сфере государственных закупок

Бұйрық · № 237 · қабылданған 31.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89715/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил формирования и ведения единых республиканских реестров в сфере государственных закупок Күшін жойған Бұйрық ·№ 237 ·31.03.2015
28.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил формирования и ведения единых республиканских реестров в сфере государственных закупок

Күшін жойған Бұйрық ·№ 237 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил формирования и ведения единых республиканских реестров в сфере государственных закупок
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
237
Қабылданған күні
31.03.2015
Көрсетілген редакция
28.12.2015 89715_42140.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010820
ЭКБ идентификаторы
89715
Редакция идентификаторы
89715_42140
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:42

0 Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 14-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгiленген тәртiпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

0 Қазақстан Республикасы

Қаржы Министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 237 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың
және оны жүргізудің қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің тәртібін айқындайды.

2

2. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және жүргізеді әрі олар Заңның 11-бабының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

3 3. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тізілімдерде қамтылған мәліметтер веб-порталда орналастырылады және олар төлем алынбастан танысу үшін мүдделі тұлғаларға қол жетімді болуы тиіс.

2 2. Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдердің түрлері

4 4. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер мынадай түрлерге бөлінеді:

1 1) тапсырыс берушілердің тізілімі;

2 2) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі;

3 3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі.

3 3. Тапсырыс берушілердің тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі

5 5. Тапсырыс берушілердің тізілімі тапсырыс беруші туралы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

1 1) Тапсырыс берушілердің тізілімі тапсырыс беруші туралы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

2 2) тапсырыс берушінің атауы;

3 3) тапсырыс берушінің орналасқан орны – мекен-жайы, почталық индексі;

4 4) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);

5 5) тапсырыс берушінің әділет органдарында мемлекеттік тіркелгені туралы құжаттың нөмірі және күні.

6 6. Тапсырыс берушілер тізілімін жүргізу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы жүзеге асырылады.

7

7. Тапсырыс берушілердің тізілімін қалыптастыру веб-портал арқылы, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тапсырыс берушінің веб-порталдағы тіркеу деректері негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл ретте тапсырыс беруші веб-порталда әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеледі. Тапсырыс беруші қайта ұйымдастырылған (таратылған) не әділет органындағы тіркеу деректері өзгерген жағдайда, тапсырыс беруші осындай жағдайлар әділет органдарында тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тапсырыс берушінің веб-порталдағы тіркеу деректеріне өзгертілген мәліметтерді енгізеді.

8 8. Тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізілген тапсырыс беруші туралы мәліметтер заңнамада белгіленген тәртіппен электрондық түрде сақталады.

4 4. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі

9 9. Шарттардың тізілімінде шарт (оның өзгеруі) туралы мынадай мәліметтер қамтылуы тиіс:

1 1) тапсырыс берушінің атауы;

2 2) қаржыландыру көзі – республикалық бюджет, жергілікті бюджет, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен қаражаты, мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен қаражат (бұдан әрі – бюджеттен тыс қаражат), меншікті қаражат;

3 3) мемлекеттік сатып алуды Заңға сәйкес жүзеге асырудың, сондай-ақ Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды реттейтін нормаларын қолданбастан жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу тәсілі;

4 4) конкурс қорытындылары, аукцион қорытындылары, бір көзден сатып алуды өткізу қорытындылары, баға ұсыныстарын сұратуды жүргізу қорытындылары шығарылған күн, сондай-ақ шарттың жасалу негізін растайтын құжаттың деректемелері;

5 5) шартты жасасқан күн – шарттың жасалған жылы, күні, айы;

6 6) аумақтық қазынашылық бөлімшелерде мемлекеттік мекемелердің шартты тіркегені туралы мәліметтер – өтінім нөмірі мен тіркеу күнін қоса алғанда, тіркеу туралы хабарламалардың деректемелері;

7 7) шарттың мәні, бағасы және оның орындалу мерзімі – тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық атауы, олардың құны, сондай-ақ шарттың орындалатын айы және жылы;

8 8) заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) және өнім беруші (орындаушы, мердігер) болып табылатын жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);

9 9) шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер – тауарларды беруге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарттың орындалуы туралы не оның бұзылуына байланысты немесе өзге де себептер бойынша шарттың қолданылуын тоқтату туралы ақпарат.

Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жеке тізіліміне енгізіледі, оны жүргізудің тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді. Мұндай мәліметтерге қол жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заннамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) және 23) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізілуге жатпайды.

10 10. Тапсырыс беруші шартты жасасқан (оны өзгерткен) күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес шарттар тізілімінің электрондық нысанын толтыру жолымен шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтерді веб-порталға енгізеді.

11

11. Тапсырыс беруші шарт қолданылуын тоқтатқан (орындалған немесе орындалмаған) күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес шарттар тізілімінің электрондық нысанын толтыру жолымен шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді веб-портал арқылы енгізеді.

12

12. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталына шарттың өзгеруі туралы мәліметтерді немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді ұсынған жағдайда, шарт туралы бастапқы мәліметтер мұрағатын сақтай отырып, тізілімдегі жазбаны автоматты түрде жаңарту жүргізіледі.

13

13. Шарттардың тізіліміне енгізілген шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер және (немесе) шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді оған енгізген күннен бастап үш жыл бойы шарттардың тізілімінде сақталады.

14 14. Көрсетілген мерзім өткен соң шарттардың тізілімінен шығарылған шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер заңнамада белгіленген тәртіппен электрондық түрінде сақталады.

5 5. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі

15 15. Тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мұндай өнім беруші туралы мәліметтерді электрондық және қағаз түрінде уәкілетті органға береді.

Уәкілетті органға мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу үшін толық емес мәліметтер ұсынған жағдайда әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу жүзеге асырылмайды.

16 16. Тізілімді жүргізу осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

17 17. Тізілімге мәліметтерді енгізген кезде:

1 1) жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат:

өнім берушінің атауы;
елі;
Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін);
Ресей Федерациясының резиденттері үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТС) (заңды тұлғалар үшін), дара жеке шоттың сақтандыру нөмірі (ДЖШСН) (жеке тұлғалар үшін);
Беларусь Республикасының резиденттері үшін – төлеушінің есепке алу нөмірі (ТЕН) (заңды тұлғалар үшін), веб-порталда автоматты түрде берілетін реттік нөмір (РН) (жеке тұлғалар үшін);

2 2) өткізілген сатып алу туралы мәліметтер:

сатып алуды жүзеге асыру тәсілі;
сатып алу туралы хабарландырудың нөмірі;
сатып алу туралы хабарландырудың күні;
сатып алу қорытындыларын шығару күні;

3 3) Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізіліміндегі шарттың нөмірі;

4 4) өнім берушіні (әлеуетті) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану негіздемесі;

5 5) сот шешімі туралы мәліметтер:

соттың атауы;
сот шешімінің нөмірі;
сот шешімінің күні;
сот шешімінің заңды күшіне енген күні;

6 6) Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тасталған күн.

18

18. Тізілімдегі мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы туралы мәліметтерді қамтитын жазба Заңда белгіленген мерзім өткен соң тізілімнен автоматты түрде алынып тасталады. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы шешімді жою туралы заңды күшіне енген сот актісі болған жағдайда, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтерді қамтитын тізілімдегі жазба әлеуетті өнім берушінің не өнім берушінің сұрау салуы бойынша уәкілетті орган тиісті сот актісін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде алынып тасталады.

1 Мемлекеттік сатып алу саласында

тізілімдерді қалыптастырудың және оларды
жүргізудің қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Тапсырыс берушілер тізілімі
Р/с№
Тізілімдегі жазба нөмірі
Тапсырыс берушінің атауы
Тіркеу күні
Соңғы жаңарту күні
Қазақ тілінде
Орыс тілінде
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Тапсырыс берушінің аумақтық тиесілігі туралы мәлімтеттер
Есептілік әкімшісінің атауы
КОПФ
КФС
БСН
Резиденттік
КАТО
7
8
9
10
11
12
кестенің жалғасы
Кәсіпорын
ның бірқалыптылығы
Экономика секторының коды
Басшы
БСН
Т.А.Ә.
Лауазымы
Деректер көзі
Электрондық почтасы
Телефоны
Ұялы телефоны
13
14
15
16
17
18
19
20
21

2 Мемлекеттік сатып алу саласында

тізілімдерді қалыптастырудың және оларды
жүргізудің қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Шарттардың тізілімі
Тізілімдегі жазбаның нөмірі
Жазбаның соңғы өзгерген күні
Тапсырыс беруші
Шартты қаржыландыру көзі
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі
Мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарламаның нөмірі
атауы
БСН
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
Мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын шығару күні
Шартты жасасудың негізін растайтын құжаттың деректемелері
Шарт
Шарттың валюта коды
Шарттың мәртебесі
Шарттың аумақтық қазынашылық органдарында тіркелгені туралы мәліметтер (мемлекеттік мекемелер үшін)
атауы
атауы
Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінде шартты тіркеуге берген өтінім
Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінде шартты тіркеуге берген өтінім
нөмірі
күні
нөмірі
күні
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
кестенің жалғасы
Сатып алу мәнінің түрі
Шарттың мәні
Шарттың мәні
сыныптама бойынша өнімнің коды
тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер атауы
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қосымша сипаттамасы
өлшем, бірлігі
Бір бірлік үшін баға, теңге
саны
сома, теңге (егер өнім беруші ҚҚС төлеушісі болып табылған жағдайда, ҚҚС ескере отырып, соманы көрсету қажет)
18
19
20
21
22
23
24
25
26
кестенің жалғасы
Шарт бойынша өнім берушілер (орындаушылар, мердігерлер) туралы ақпарат
Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
БСН, ЖСН
(РФ – үшін СТС, ДЖШСН,
БР үшін – ТЕН, РН)
Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және олардың өнім берушілерінің дерекқорындағы жазба нөмірі
өнім берушінің елі
Заңды мекенжайы
Іс жүзіндегі мекенжайы
27
28
29
30
31
32
кестенің жалғасы
Шарт бойынша өнім берушілер (орындаушылар, мердігерлер) туралы ақпарат
Шарттың орындалу күні
Шарттың қолданысын тоқтату
электрондық поштаның мекенжайы
мәртебесі
Телефоны (факс)
шарт бойынша
іс жүзінде
Тапсырыс беруші іс жүзінде төледі, теңге (егер өнім беруші ҚҚС төлеушісі болып табылған жағдайда, ҚҚС ескере отырып, соманы көрсету қажет)
күні
Негізі және себебі
33
34
35
36
37
38
39
40

3 Мемлекеттік сатып алу саласында

тізілімдерді қалыптастырудың және оларды
жүргізудің қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтер
Жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат
Заңның 6-бабы 1-тармағының
3), 3-1), 3-2) тармақшаларына сәйкес адамдар туралы мәліметтер
Тапсырыс беруші туралы ақпарат
Өнім берушінің атауы
Өнім берушінің елі
БСН, ЖСН
(РФ үшін – СТС, ДЖШСН, БР үшін – ТЕН, РН)
Т.А.Ә.
РФ үшін – СТС, ДЖШСН,
БР үшін – ТЕН, РН
Тапсырыс берушінің атауы
Тапсырыс берушінің елі
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
Өткізілген сатып алу туралы мәліметтер
БСН, ЖСН
(РФ үшін – СТС, ДЖШСН, БР үшін – ТЕН, РН)
Сатып алу тәсілі
Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарламаның нөмірі
Сатып алуды хабарлау күні
Сатып алу қорытындыларын жасау күні
8
9
10
11
12
кестенің жалғасы
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың тізіліміндегі шарттың нөмірі
(Әлеуетті) өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану негізі
Сот шешімі туралы мәліметтер
Тізілімнен алып тастау күні
Соттың атауы
Сот шешімінің нөмірі
Сот шешімінің күні
Сот шешімінің заңды күшіне енген күні
13
14
15
16
17
18
19

4 Мемлекеттік сатып алу саласында

тізілімдерді қалыптастырудың және оларды
жүргізудің қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі
Жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат
Тапсырыс беруші туралы ақпарат
Өнім берушінің атауы
Өнім берушінің елі
БСН, ЖСН
(РФ үшін – СТС, ДЖШСН,
БР үшін – ТЕН, РН)
Тапсырыс берушінің атауы
Тапсырыс берушінің елі
БСН, ЖСН
(РФ үшін – СТС, ДЖШСН,
БР үшін – ТЕН, РН)
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Өткізілген сатып алу туралы мәліметтер
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың тізіліміндегі шарт нөмірі
(Әлеуетті) өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану негізі
Сатып алу тәсілі
Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарламаның нөмірі
Сатып алуды хабарлау күні
Сатып алу қорытындыларын жасау күні
7
8
9
10
11
12
кестенің жалғасы
Сот шешімі туралы мәліметтер
Тізілімнен алып тастау күні
Соттың атауы
Соттың атауы
Сот шешімінің нөмірі
Соттың атауы
Сот шешімінің нөмірі
13
14
15
16
17

Қолданыстағы