Об утверждении Правил оценки эффективности управления государственным имуществом Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекiту туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 202-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі ______________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 10 наурыз
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыз 193 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 202-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау (бұдан әрі – бағалау) – тиісті саланың уәкілетті органы мен жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті, оның ішінде мемлекетке тиесілі акциялар мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін айқындау құралы.
Тармақ 3
3. Бағалау мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті және мемлекетке тиесілі акциялар мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін басқару тиімділігін айқындау мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Бағалау:
Тармақша 1
1) есепті кезеңде тұтас және түрлері бойынша: республикалық және коммуналдық мемлекеттік мүліктің жай-күйі туралы талдамалық ақпаратты;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалауды, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларды және мемлекетке тиесілі акциялар мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін басқару жөніндегі қызметтерінің тиімділігіне қарай тиісті салалардың уәкілетті органдарын және жергілікті атқарушы органдарды не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарын бағалауды;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеуді қамтиды.
Тармақ 5
5. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) даму жоспары – мемлекеттік кәсіпорынның, акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамның және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бес жылдық кезеңге арналған қызметінің негізгі бағыттары мен қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған, ұйымдастыру және мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер жүктелген заңды тұлға;
Тармақша 4
4) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын және Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мүлікке қатысты құқықтарды өзге мемлекеттік органдарға берген жағдайларда, осы Заңның тиісті саланың уәкілетті органы туралы қағидалары осындай мемлекеттік органға қолданылады;
Тармақша 5
5) ұйымдар – мемлекеттік заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар) және мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (бұдан әрі – мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС);
Тармақша 6
6) іс-шаралар жоспары – ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің және ұлттық компанияның бес жылдық кезеңге арналған қызметінің негізгі бағыттары мен қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат.
Тармақ 6
6. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының тиісті салаларының уәкілетті органдарына және жергілікті атқарушы органдарына не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарына қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Бағалауды жүзеге асыру тәртібі
2-тарау. Бағалауды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 7
7. Бағалауды ұйымдардың, тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік мүлік пен ұйымдарды басқару жөніндегі қызметінің 2013 жылғы нәтижелері бойынша 2014 жылдан бастап жыл сайын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Тармақ 8
8. Бағалау екі кезеңмен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) бірінші кезең – тиісті салалардың уәкілетті органдарынан және жергілікті атқарушы органдардан не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарынан бағалау жүргізуге қажетті ақпарат жинау;
Тармақша 2
2) екінші кезең – тиісті салалардың уәкілетті органдарының және жергілікті атқарушы органдардың не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметін балдық жүйе бойынша бағалау (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әрбір көрсеткіш бойынша 2 балдан артық емес).
Тармақ 9
9. Бағалау мынадай ақпараттың:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппаратының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы есеп (бұдан әрі – есеп) негізінде жүзеге асырылады. Есепте бағалау өлшемшарттары бойынша көрсеткіштерді толтыру кезінде есепті жылы акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік акциялар пакетін (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығы мен мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органы не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараты ауысқан ұйымдар, сондай-ақ жаңадан құрылған ұйымдар ескерілмейді. Есепті жасауға арналған ақпарат көзі мыналар: ұйымдардың жылдық қаржылық есептілігі; мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ-ның (ЖШС-ның) бекітілген, түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы жөніндегі есептері; бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде ұйымдардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексеру нәтижелері; мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында бекітілген мүлікке жүргізілген түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері;
Тармақша 2
2) есепке қоса берілетін талдамалық жазба еркін нысанда жасалады және мынадай мәліметтерді қамтиды: жағымды тұстары мен кемшіліктері көрсетілген есеп көрсеткіштерін талдау; есепті жылы акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік акциялар пакетін (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығы мен мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органы не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараты ауысқан ұйымдардың атаулы тізбесі; төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындарды және мемлекет бақылайтын АҚ-ны (ЖШС-ні) қаржылық-экономикалық сауықтыру жөніндегі ұсыныстар; ұйымдарды басқару кезінде анықталған жүйелік кемшіліктер мен проблемалар; ұйымдарды басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар;
Тармақша 3
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде ұйымдардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексеру нәтижелері;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мүлік тізілімінің деректері;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекет қатысатын мемлекеттік кәсіпорындарды және заңды тұлғаларды басқару тиімділігі мониторингінің нәтижелері.
Тармақ 9-1
Тармақ 10
Тармақ 10-1
10-1. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың бірінші басшылары, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің атқарушы органдары даму жоспарының жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. Тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші қарашасына дейін мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мынадай ақпаратты:
Тармақша 1
1) осы есепке талдамалық жазбаның электрондық (сканерленген) көшірмесімен қоса осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұйымдарды бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нәтижелері туралы мәліметтерді орналастырады.
Тармақ 12
12. Тиісті салалардың уәкілетті органдары және жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бағалау жүргізу үшін ұсынылатын ақпараттың дұрыстығын және толықтығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 12-1
12-1. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор есеп орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті саланың уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органның және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының электрондық мекенжайына есепті мемлекеттік мүлік тізілімінде жариялау не есепті жариялаудан бас тарту туралы хабарламаны жолдайды. Есепті жариялаудан бас тарту үшін:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 11-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың болмауы;
Тармақша 2
2) тиісті саланың уәкілетті органына, жергілікті атқарушы органына және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына тиесiлi емес электрондық цифрлық қолтаңбамен есепке қол қою негіз болып табылады. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор есепті жариялаудан бас тартқан жағдайда, тиісті саланың уәкілетті органы, жергілікті атқарушы орган және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты ескертулерді жояды және есепті туралы жариялаудан бас тарту туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде есепті мемлекетті мүлік тізіліміне қайта ұсынады.
Тармақ 13
13. Бағалау мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) «Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту» критерийі қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың болуын/болмауын немесе санының өзгеруін көрсетеді. Нөлдік қаржылық нәтиже оң нәтиже ретінде айқындалады;
Тармақша 2
2) «Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінің және мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) акцияларының мемлекеттік пакетіне (жарғылық капиталына қатысу үлестеріне) дивидендтердің (табыстардың) бюджетке түсуін қамтамасыз ету» критерийі мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінің және мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтердің (мемлекеттік қатысу үлесіне таза табыс бөлігінің) бюджетке түсуінің уақтылылығы мен толықтығын көрсетеді. Осы критерий бойынша есепті кезеңде оң қаржылық нәтижеге ие және акциялардың мемлекеттік пакетіне (мемлекеттік қатысу үлесіне) таза табысының бір бөлігі мен дивидендтерді (таза табысының бір бөлігін) бюджетке аударудан босатылмаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаралады.
Тармақша 3
3) «Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау» критерийі бойынша мыналар айқындалады: Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормаларының бұзылуы белгіленген мемлекеттік мекемелер саны; Мемлекеттік органдарға көліктік қызмет көрсету үшін қызметтік автомобильдердің тиістілігі нормативтерінің бұзылуы белгіленген ұйымдар саны; Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиістілік табелінің бұзылуы белгіленген мемлекеттік мекемелер саны; Әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар нормаларының бұзылуы белгіленген мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны; Көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiнің бұзылуы белгіленген мемлекеттік кәсіпорындар саны;
Тармақша 4
4) «Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу» критерийі бойынша балансында паспорттауды жүргізуді талап ететін объектілері бар мемлекеттік заңды тұлғалардың болмауын/болуын көрсетеді;
Тармақша 5
5) «Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы бойынша мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) есептерін беру» критерийі бойынша мыналар айқындалады: мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны; мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны;
Тармақша 6
6) «Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы» критерийі бойынша бекітілген (түзетілген) даму жоспарында сандық бағалауға жатқызылатын, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын орындау бойынша ұйымның қызметін сипаттайтын шешуші көрсеткіштері айқындалмаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны айқындалады.
Тармақша 7
7) «Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі» өлшемшарты бойынша мыналар: мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қызметінің түйінді көрсеткіштерге қол жеткізуін бағалау; мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау айқындалады.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жай-күйінің тұрақтылығы ағымдағы өтімділік коэффициенті мен меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті бойынша айқындалады. Ағымдық өтімділік коэффициенті бойынша шаруашылық қызмет жүргізу және ұйымның жедел міндеттемелерін уақтылы өтеу үшін ұйымның меншікті айналым қаражатымен жалпы қамтамасыз етілуі айқындалады. Ағымдық өтімділік коэффициенті ағымдық (айналым) активтерінің ұйымның ағымдық (қысқа мерзімді) міндеттемелеріне қатынасы ретінде есептеледі. Меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті бойынша ұйымның қаржылық тұрақтылығына қажетті меншікті айналым қаражатының болуы айқындалады. Меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті меншікті айналым қаражатының ұйымның айналым активтері шамасына қатынасы ретінде есептеледі. Меншікті айналым қаражатының мөлшері меншікті қаражат пен оның айналымнан тыс активтері арасындағы айырма ретінде есептеледі. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) мына шарттардың бірі болған кезде:
Тармақша 1
1) ағымдық өтімділік коэффиценті есепті кезеңнің соңында 1,5-тен кем мәнге ие болса;
Тармақша 2
2) меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффиценті есепті кезеңнің соңында 0,1-ден кем мәнге ие болса төлемге қабілетсіз болып саналады.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бойынша олар ұсынған деректерді іріктеп қайта тексереді;
Тармақша 2
2) балдық жүйе бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдардың не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қызметіне бағалау жүргізеді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағын тізілімнің веб-порталында қалыптастырады;
Тармақша 3
3) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті саланың уәкілетті органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы жиынтық есепті мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қалыптастырады.
Тармақ 16
16. Бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдарын не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарын мынадай тәртіппен топтауды жүргізеді:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекемелерді басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары: тиімділігі жоғары (10-8 балл) тиімділігі орташа (7-4 балл); тиімділігі төмен (3-0 балл);
Тармақша 2
2) мемлекеттік кәсіпорындарды басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары: тиімділігі жоғары (20-18 балл); тиімділігі орташа (17-8 балл); тиімділігі төмен (7-0 балл); мемлекеттік кәсіпорындарды басқару қызметін жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары: тиімділігі жоғары (18-16 балл); тиімділігі орташа (15-8 балл) тиімділігі төмен (7-0 балл);
Тармақша 3
3) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар: тиімділігі жоғары (16-14 балл); тиімділігі орташа (13-6 балл); тиімділігі төмен (5-0 балл);
Тармақша 4
4) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекет қатысатын үлестерін басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар: тиімділігі жоғары (16-14 балл); тиімділігі орташа (13-6 балл); тиімділігі төмен (5-0 балл).
Тармақ 17
17. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей өзінің ресми интернет-ресурсында мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау жөніндегі жылдық есепті орналастырады.
Басқа 1. Өлшемшарттар мен көрсеткіштердің балдары
Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларына 1-қосымша Өлшемшарттар мен көрсеткіштердің балдары Р/с № Өлшемшар/көрсеткіш атауы Балл 1 2 3 1 Теріс қаржылық нәтижесі бар ұйымдар санының азаюы Теріс қаржылық нәтижесі бар ұйымдардың болмауы 2 Болуы 0 Есепті жылдағы өзгерістер: азаю жағына қарай 1 ұлғаю жағына қарай немесе өзгеріссіз 0 2 Мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) акцияларының (қатысу үлесінің) мемлекеттік пакетіне мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің бюджетке түсімдерін және дивидендтерді (кірістерді) қамтамасыз ету Таза табыстың тиісті бөлігін және мемлекеттік меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне (қатысу үлестеріне) дивидендтерді бюджетке уақтылы немесе толық аудармаған ұйымдардың болмауы 2 Болуы 0 3 Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау 3.1 Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 69-бабының 2-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларының бұзылуы айқындалған мемлекеттік мекемелер саны. Есепті кезеңде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тексерулерде бұзушылықтардың болмауы 2 Есепті кезеңде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тексерулерде бұзушылықтардың болуы 0 3.2 Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларының бұзылуы анықталған ұйымдар саны. Есепті кезеңде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тексерулерде бұзушылықтардың болмауы 2 Есепті кезеңде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тексерулерде бұзушылықтардың болуы 0 3.3 Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік органдарды телефон байланысымен және офистік жиһазбен қамтамасыз етудің заттай нормаларының бұзылуы анықталған мемлекеттік мекемелер саны. Есепті кезеңде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тексерулерде бұзушылықтардың болмауы 2 Есепті кезеңде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тексерулерде бұзушылықтардың болуы 0 3.4 «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысының (бұдан әрі – № 145 қаулы) 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген әкімшілік аппараттарды орналастыру алаңдары нормаларының бұзылуы анықталған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) саны Есепті кезеңде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тексерулерде бұзушылықтардың болмауы 2 Есепті кезеңде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тексеруде бұзушылықтардың болуы 0 3.5 № 145 қаулының 1-4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бекітілген арнаулы көлік құралдарының тиесілілік нормативтерінен асып кетуі анықталған мемлекеттік кәсіпорындардың саны Есепті кезеңде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тексерулерде бұзушылықтардың болмауы 2 Есепті кезеңде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тексерулерде бұзушылықтардың болуы 4 Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында бекітілген мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізу Балансында паспорттау жүргізу талап етілетін объектілері бар мемлекеттік заңды тұлғалардың болмауы 2 Болуы 0 5 Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы бойынша есептерді мемлекеттік мүлік тізіліміне ұсыну 5.1 Бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын мемлекеттік мүлік тізіліміне ұсынбаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) саны Бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын мемлекеттік мүлік тізіліміне ұсынбаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) болмауы 1 Болуы 0 5.2 Даму жоспарларының орындалуы бойынша бекітілген есептерді мемлекеттік мүлік тізіліміне ұсынбаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) саны Даму жоспарларының орындалуы бойынша бекітілген есептерді мемлекеттік мүлік тізіліміне ұсынбаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) болмауы 1 Болуы 0 6 Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы Барлық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) бекітілген даму жоспарларында ұйымның стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын орындау жөніндегі қызметін сипаттайтын, сандық бағалауға жататын түйінді көрсеткіштер айқындалған 2 Бекітілген даму жоспарларында ұйымның стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын орындау жөніндегі қызметін сипаттайтын, сандық бағалауға жататын түйінді көрсеткіштері айқындалмаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) болуы 0 7 Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС)-ның мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі 7.1 Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) қызметінің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау Барлық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) даму жоспарында көрсетілген негізгі көрсеткіштерді орындады 2 Даму жоспарында көрсетілген негізгі көрсеткіштерді орындамаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) болуы 0 7.2 Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау Төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) болмауы 2 Төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындар мен АҚ (ЖШС) мемлекет бақылауындағы кәсіпорындардың болуы 0
Басқа 2. Тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы есеп
Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларына 2-қосымша Нысан Тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы есеп __________________________________________________________________________ (тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы) ______________ (есепті кезең) Р/с № Көр­сет­кіш­тер өл­шем бір­лі­гі Бар­лы­ғы оның ішін­де: мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стіктер 1 2 3 4 5 6 7 8 1 Ұй­ым­дар са­ны бір­лік Есеп­ті ке­зең ба­сын­да бір­лік Есеп­ті ке­зең со­ңын­да бір­лік Ауыт­қу (есеп­ті ке­зең­нің со­ңы ми­нус есеп­ті ке­зең­нің ба­сы) бір­лік 2 «Қар­жы­лық нәти­же­сі те­ріс ұй­ым­дар­дың са­нын азай­ту» өл­шем­шар­ты* қар­жы­лық нәти­же­сі те­ріс ұй­ым­дар са­ны: Есеп­ті ке­зең­нің ал­дын­да­ғы жыл­дың со­ңын­да бір­лік Есеп­ті ке­зең со­ңын­да бір­лік Ауыт­қу (есеп­ті ке­зең­нің со­ңы ми­нус есеп­ті ке­зең­нің ал­дын­да­ғы жыл­дың со­ңы) бір­лік 3 «Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар­дың та­за та­бысы­ның бір бө­лі­гі­нің және мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) ак­ци­я­ла­ры­ның мем­ле­кет­тік па­ке­тіне (жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на қа­ты­су үле­сте­ріне) ди­ви­денд­тер­дің (та­быст­ар­дың) бюд­жет­ке тү­су­ін қам­та­ма­сыз ету» өл­шем­шар­ты* Оң қар­жы­лық нәти­же­ге ие және ак­ци­я­лар­дың мем­ле­кет­тік па­ке­тіне (мем­ле­кет­тік қа­ты­су үле­сіне) та­за та­бысы­ның бір бө­лі­гі мен ди­ви­денд­тер­ді (та­за та­бысы­ның бө­лі­гін) бюд­жет­ке ауда­ру­дан боса­тыл­ма­ған ұй­ым­дар са­ны бір­лік Х Та­за та­быст­ың ти­іс­ті бө­лі­гін және мем­ле­кет мен­ші­гін­де­гі мем­ле­кет­тік ак­ци­я­лар па­ке­тіне ди­ви­денд­тер­ді бюд­жет­ке уақ­ты­лы және то­лық аудар­ма­ған ұй­ым­дар са­ны бір­лік Х 4 «Бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­тер мен заттай нор­ма­лар­ды сақ­тау» өл­шем­шар­ты* Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ап­па­ра­тын ор­на­ла­сты­ру үшін алаң­дар­мен қам­та­ма­сыз ету­дің заттай нор­ма­ла­ры­ның  бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер са­ны бір­лік Х Х Х Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ды қыз­мет­тік және ке­зек­ші ав­то­мо­биль­дер­мен қам­та­ма­сыз ету­дің заттай нор­ма­ла­ры­ның ар­туы анық­тал­ған ұй­ым­дар са­ны бір­лік Х Х Х Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ды те­ле­фон бай­ла­ны­сы­мен, кең­се жи­һазы­мен қам­та­ма­сыз ету­дің заттай нор­ма­ла­ры­ның бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер са­ны бір­лік Х Х Х Әкім­ші­лік ап­па­рат­тар­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған алаң­дар нор­ма­ла­ры­ның бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны бір­лік Х Ти­іс­ті са­ла­ның уәкі­лет­ті ор­ган­да­ры бе­кіт­кен ар­найы кө­лік құ­рал­да­ры­ның тиiстiлiк нор­ма­тив­терi­нің бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар са­ны бір­лік Х Х Х 5 «Мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар ба­лан­сын­да бе­кі­ті­л­ген мү­лік­ке тү­ген­де­уді, пас­порт­та­уды және қай­та ба­ға­ла­уды жүр­гі­зу» өл­шем­шар­ты* Ба­лан­сын­да пас­порт­та­уды жүр­гі­зу­ді та­лап ете­тін объ­ек­ті­лер бар мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар са­ны бір­лік Х Х 6 «Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­ры мен олар­дың орын­да­луы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) есеп­те­рін бе­ру» өл­шем­шар­ты* 6.1 Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын ұсын­ба­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны бір­лік Х 6.2 Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын орын­дау бой­ын­ша есеп­тер­ді ұсын­ба­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны бір­лік Х 7 «Да­му жос­па­ры­ның көр­сет­кіш­те­рін жос­пар­лау са­па­сы» өл­шем­шар­ты* Бе­кі­ті­л­ген да­му жос­па­рын­да сан­дық ба­ға­ла­у­ға жат­қы­зы­ла­тын, мем­ле­кет­тік ор­ган­ның стра­те­ги­я­лық жос­па­рын­да (аумақ­тар­ды да­мы­ту жос­па­рын­да) көр­се­ті­л­ген стра­те­ги­я­лық ба­ғыт­та­ры мен мақ­сат­та­рын орын­дау бой­ын­ша ұй­ым­ның қыз­ме­тін си­паттай­тын ше­шу­ші көр­сет­кіш­те­рі ай­қын­дал­ма­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны бір­лік Х 8 «Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ-ның (ЖШС-нің) мем­ле­кет қа­ра­жа­ты мен ак­тив­те­рін пай­да­ла­ну ти­ім­ді­лі­гі» өл­шем­шар­ты* 8.1 Да­му жос­па­рын­да көр­се­ті­л­ген түй­ін­ді көр­сет­кіш­тер­ді орын­да­ма­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ-ның (ЖШС-нің) са­ны бір­лік Х 8.2 Тө­лем­ге қа­бі­лет­сіз мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны бір­лік Х Ескертпе: «Х» белгіленген жолдар толтырылмайды; * есепте бағалау өлшемшарттары бойынша көрсеткіштерді толтыру кезінде есепті жылы акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік акциялар пакетін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын және мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның ауысуы болған ұйымдар, сондай-ақ жаңадан құрылған ұйымдар ескерілмейді. Тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің басшысы ________ __________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Басқа 3
Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларына 3-қосымша Нысан ______________________________________________________________ (тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы) Р/с № Тек­се­рі­л­ген ұй­ым­ның ата­уы Тек­се­ру жүр­гіз­ген мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­га­ны­ның ата­уы Тек­се­ру нәти­же­ле­рі Бұ­зу­шы­лық­тар анық­тал­ған жоқ Анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар: Ти­іс­ті­лік нор­ма­ти­ві­нің (нор­ма­ла­ры­ның) ар­туы Мем­ле­кет­тік тір­ке­удің бол­мауы үй-жай­лар (бір­лік/ ш.м) кө­лік құ­рал­да­ры (бір­лік) жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­ле­рі (бір­лік) кө­лік құ­рал­да­ры (бір­лік) 1 2 3 4 5 6 7 8 Тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысы __________ ______________________________ (қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы)
Басқа 4. Бағалау парағы
Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларына 4-қосымша Нысан Бағалау парағы _____________________________________________________________________ (тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы) ______________ (есепті кезең) Мемлекеттік мекемелерді басқару Р/с № Өлшемшарттың/көрсеткіштің атауы Балл 1 2 3 1 Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту 2 Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау 2.1 Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын сақтау. 2.2 Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларын сақтау. 2.3 Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік органдарды телефон байланысымен және офистік жиһазбен қамтамасыз етудің заттай нормаларын сақтау. 3 Мемлекеттік заңды тұлғалар балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу Жиыны: Мемлекеттік кәсіпорындарды басқару Р/с № Өлшемшарт/көрсеткіш атауы Балл 1 2 3 1 Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту 2 Мемлекеттік кәсіпорындар таза кірісінің бір бөлігінің бюджетке түсуін қамтамасыз ету 3 Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау 3.1 «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысы (бұдан әрі – № 145 қаулы) 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар нормаларын сақтау 3.2 № 145 қаулының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативтерін сақтау 3.3 № 145 қаулының 1-4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiн сақтау 4 Мемлекеттік заңды тұлғалар балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу 5 Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы жөніндегі есептерді ұсыну 5.1 Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсыну 5.2 Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларының орындалуы жөніндегіесептерді ұсыну 6 Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы 7 Мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі 7.1 Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау 7.2 Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау Жиыны: Акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқару Р/с № Өлшемшарттың/көрсеткіштің атауы Балл 1 2 3 1 Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту 2 Акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне дивидендтердің бюджетке түсуін қамтамасыз ету 3 Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау 3.1 № 145 қаулының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар нормаларын сақтау 3.2 № 145 қаулының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативтерін сақтау 4 Мемлекеттік мүлік тізіліміне мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы жөніндегі есептерін ұсыну 4.1 Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсыну 4.2 Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді ұсыну 5 Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы 6 Мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі 6.1 Мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) қызметінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау 6.2 Мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау Жиыны: Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік қатысу үлестерін басқару Р/с № Өлшемшарттың/көрсеткіштің атауы Балл 1 2 3 1 Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту 2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте мемлекеттік қатысу үлесіне таза кірістің бір бөлігінің бюджетке түсуін қамтамасыз ету 3 Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау 3.1 № 145 қаулының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар нормаларын сақтау 3.2 № 145 қаулының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативтерін сақтау 4 Мемлекеттік мүлік тізіліміне мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы жөніндегіесептерін ұсыну 4.1 Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсыну 4.2 Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді ұсыну 5 Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы 6 Мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі 6.1 Мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) қызметінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау 6.2 Мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау Жиыны:
Басқа 5. Тиісті саланың уәкілетті органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы жиынтық есеп
Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларына 5-қосымша Нысан Тиісті саланың уәкілетті органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы жиынтық есеп Ти­іс­ті са­ла­ның уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның, жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның және аудан­дық ма­ңы­зы бар қа­ла, ауыл, кент, ауыл­дық округ әкі­мі ап­па­ра­ты­ның ата­уы Көр­сет­кіш­тер Өл­шем бір­лі­гі Бар­лы­ғы оның ішін­де: Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар Мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар Мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стіктер 1 2 3 4 5 6 7 8 Ұй­ым­дар са­ны бір­лік Есеп­ті ке­зең ба­сын­да бір­лік Есеп­ті ке­зең со­ңын­да бір­лік Ауыт­қу (есеп­ті ке­зең­нің со­ңы ми­нус есеп­ті ке­зең­нің ба­сы) бір­лік «Қар­жы­лық нәти­же­сі те­ріс ұй­ым­дар­дың са­нын азай­ту» өл­шем­шар­ты қар­жы­лық нәти­же­сі те­ріс ұй­ым­дар са­ны: Есеп­ті ке­зең­нің ал­дын­да­ғы жыл­дың со­ңын­да бір­лік Есеп­ті ке­зең со­ңын­да бір­лік Ауыт­қу (есеп­ті ке­зең­нің со­ңы ми­нус есеп­ті ке­зең­нің ал­дын­да­ғы жыл­дың со­ңы) бір­лік «Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар­дың та­за та­бысы­ның бір бө­лі­гі­нің және мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) ак­ци­я­ла­ры­ның мем­ле­кет­тік па­ке­тіне (жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на қа­ты­су үле­сте­ріне) ди­ви­денд­тер­дің (та­быст­ар­дың) бюд­жет­ке тү­су­ін қам­та­ма­сыз ету» өл­шем­шар­ты Оң қар­жы­лық нәти­же­ге ие және ак­ци­я­лар­дың мем­ле­кет­тік па­ке­тіне (мем­ле­кет­тік қа­ты­су үле­сіне) та­за та­бысы­ның бір бө­лі­гі мен ди­ви­денд­тер­ді (та­за та­бысы­ның бө­лі­гін) бюд­жет­ке ауда­ру­дан боса­тыл­ма­ған ұй­ым­дар са­ны бір­лік Х Та­за та­быст­ың ти­іс­ті бө­лі­гін және мем­ле­кет мен­ші­гін­де­гі мем­ле­кет­тік ак­ци­я­лар па­ке­тіне ди­ви­денд­тер­ді бюд­жет­ке уақ­ты­лы және то­лық аудар­ма­ған ұй­ым­дар са­ны бір­лік Х «Бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­тер мен заттай нор­ма­лар­ды сақ­тау» өл­шем­шар­ты Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ап­па­ра­тын ор­на­ла­сты­ру үшін алаң­дар­мен қам­та­ма­сыз ету­дің заттай нор­ма­ла­ры­ның бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер са­ны бір­лік Х Х Х Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ды қыз­мет­тік және ке­зек­ші ав­то­мо­биль­дер­мен қам­та­ма­сыз ету­дің заттай нор­ма­ла­ры­ның ар­туы анық­тал­ған ұй­ым­дар са­ны бір­лік Х Х Х Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ды те­ле­фон бай­ла­ны­сы­мен, кең­се жи­һазы­мен қам­та­ма­сыз ету­дің заттай нор­ма­ла­ры­ның бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер са­ны бір­лік Х Х Х Әкім­ші­лік ап­па­рат­тар­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған алаң­дар нор­ма­ла­ры­ның бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны бір­лік Х Ти­іс­ті са­ла­ның уәкі­лет­ті ор­ган­да­ры бе­кіт­кен ар­найы кө­лік құ­рал­да­ры­ның тиiстiлiк нор­ма­тив­терi­нің бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар са­ны бір­лік Х Х Х «Мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар ба­лан­сын­да бе­кі­ті­л­ген мү­лік­ке тү­ген­де­уді, пас­порт­та­уды және қай­та ба­ға­ла­уды жүр­гі­зу» өл­шем­шар­ты Ба­лан­сын­да пас­порт­та­уды жүр­гі­зу­ді та­лап ете­тін объ­ек­ті­лер бар мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар са­ны бір­лік Х Х «Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­ры мен олар­дың орын­да­луы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) есеп­те­рін бе­ру» өл­шем­шар­ты Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын ұсын­ба­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны бір­лік Х Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын орын­дау бой­ын­ша есеп­тер­ді ұсын­ба­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны бір­лік Х «Да­му жос­па­ры­ның көр­сет­кіш­те­рін жос­пар­лау са­па­сы» өл­шем­шар­ты Бе­кі­ті­л­ген да­му жос­па­рын­да сан­дық ба­ға­ла­у­ға жат­қы­зы­ла­тын, мем­ле­кет­тік ор­ган­ның стра­те­ги­я­лық жос­па­рын­да (аумақ­тар­ды да­мы­ту жос­па­рын­да) көр­се­ті­л­ген стра­те­ги­я­лық ба­ғыт­та­ры мен мақ­сат­та­рын орын­дау бой­ын­ша ұй­ым­ның қыз­ме­тін си­паттай­тын ше­шу­ші көр­сет­кіш­те­рі ай­қын­дал­ма­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны бір­лік Х «Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ-ның (ЖШС-нің) мем­ле­кет қа­ра­жа­ты мен ак­тив­те­рін пай­да­ла­ну ти­ім­ді­лі­гі» өл­шем­шар­ты Да­му жос­па­рын­да көр­се­ті­л­ген түй­ін­ді көр­сет­кіш­тер­ді орын­да­ма­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ-ның (ЖШС-нің) са­ны бір­лік Х Тө­лем­ге қа­бі­лет­сіз мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны бір­лік Х Ескертпе: «Х» белгіленген жолдар толтырылмайды.