Об изменений границ населенных пунктов Сайрамского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменений границ населенных пунктов Сайрамского района
- Атауы (қаз.)
- Сайрам ауданы бойынша елді мекендердің шегін өзгерту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 42-281/V
- Қабылданған күні
- 26.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 04.07.2018 89722_341561.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.07.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15UJ003173
- ЭКБ идентификаторы
- 89722
- Редакция идентификаторы
- 89722_341561
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:52
0 Сайрам ауданы бойынша
елді мекендердің шегін
өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастар бөлімі мен сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес:
1 1) Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 580,6 гектар жер учаскесі қосылып, Ақбұлақ ауылының шегі өзгертілсін;
2 2) Ақсукент ауылдық округі ауылдарының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 2783,5 гектар, оның ішінде: Ақсу ауылына 2672,9 гектар, Манкент ауылына 21,3 гектар, Чапаев ауылына 89,3 гектар жер учаскелері қосылып, Ақсу, Манкент және Чапаев ауылдарының шегі өзгертілсін;
3 3) Арыс ауылдық округі ауылдарының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 1041,2 гектар, оның ішінде: Қожақорған ауылына 786,1 гектар, Нұржанқорған ауылына 255,1 гектар жер учаскелері қосылып, Қожақорған және Нұржанқорған ауылдарының шегі өзгертілсін;
4 4) Қарабұлақ ауылының шегінен 724,34 гектар суармалы егістік жер учаскесі шығарылып, Қарабұлақ ауыл округінің аумағындағы 724,34 гектар суарылмайтын егістік жер учаскесі Қарабұлақ ауылының шегіне қосылып шегі өзгертілсін;
5 5) Қарамұрт ауылдық округі ауылдарының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 1708,1 гектар, оның ішінде: Қарамұрт ауылына 1112,5 гектар, Низамабад ауылына 595,6 гектар жер учаскелері қосылып, Қарамұрт және Низамабад ауылдарының шегі өзгертілсін;
6
6) Қарасу ауылдық округі ауылдарының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 1941,5 гектар, оның ішінде: Ақбай ауылына 425,2 гектар, Қарасу ауылына 969,6 гектар, Әйтеке би ауылына 155,9 гектар, Ақбастау ауылына 134,8 гектар, Бескепе ауылына 55,9 гектар, Жаңатұрмыс ауылына 63,4 гектар, Береке ауылына 7,0 гектар, Ынтымақ ауылына 129,7 гектар жер учаскелері қосылып, Ақбай, Қарасу, Әйтеке би, Ақбастау, Бескепе, Жаңатұрмыс, Береке және Ынтымақ ауылдарының шегі өзгертілсін;
7
7) Қайнарбұлақ ауылдық округі ауылдарының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 1593,1 гектар, оның ішінде: Асыларық ауылына 220,5 гектар, Қасымбек Датқа ауылына 584,7 гектар, Құрлық ауылына 160,0 гектар, Ошақты ауылына 72,6 гектар, Сарыарық ауылына 81,0 гектар, Таскешу ауылына 187,2 гектар, Тоған ауылына 29,2 гектар, Шіркін ауылына 257,9 гектар жер учаскелері қосылып, Асыларық, Қасымбек Датқа, Құрлық, Ошақты, Сарыарық, Таскешу, Тоған және Шіркін ауылдарының шегі өзгертілсін;
8 8) Көлкент ауылдық округі Қосбұлақ ауылының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 111,28 гектар, М.Оразалиев ауылының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 24,6 гектар жер учаскесі қосылып, Қосбұлақ, М.Оразалиев ауылдарының шегі өзгертілсін;
9
9) Құтарыс ауылдық округі ауылдарының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 633,6 гектар, оның ішінде: Ақарыс ауылына 182,4 гектар, Құтарыс ауылына 284,1 гектар, Қызылжар ауылына 48,3 гектар, Оймауыт ауылына 118,8 гектар жер учаскелері қосылып, Ақарыс, Құтарыс, Қызылжар және Оймауыт ауылдарының шегі өзгертілсін;