Құжат мәтініне өту

Об установлении размера арендной платы в государственных арендных домах Шалкарского района

Қаулы · № 99 · қабылданған 01.04.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89741/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении размера арендной платы в государственных арендных домах Шалкарского района Күшін жойған Қаулы ·№ 99 ·01.04.2015
15.05.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении размера арендной платы в государственных арендных домах Шалкарского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 99 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении размера арендной платы в государственных арендных домах Шалкарского района
Атауы (қаз.)
Шалқар ауданының мемлекеттік жалдау үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
99
Қабылданған күні
01.04.2015
Көрсетілген редакция
15.05.2017 89741_191071.kaz
Соңғы өзгеріс
15.05.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15CM004326
ЭКБ идентификаторы
89741
Редакция идентификаторы
89741_191071
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:39

0 Шалқар ауданының мемлекеттік жалдау үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шалқар ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін үйлерінде үй-жайды пайдаланғаны үшін ай сайынғы жалдау ақы мөлшері 1 шаршы метрге жалдау ақысының есебінен шығып, қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Шотановқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Аудан әкімдігінің 2015 жылғы

1 сәуірдегі № 99 қаулысына
қосымша
Шалқар ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілген үйдегі үй жайды пайдаланғаны үшін белгіленген ай сайынғы жалдау ақы мөлшері.
Мемлекеттік жалдау үйлерінде тұрғаны үшін алынатын жалдау ақы есебінде келесі көрсеткіштер қолданылады:
2014 жылы салынған 1 пәтердің сметалық құны - 5600000 тг.
Ц-2014 жылы салынған тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны - 80000 тг.
Е-2014 жылы салынған тұрғын үйдің жалпы аумағы -70,0 ш.м.
Т-2014 жылы салынған тұрғын үйдің есептік пайдалану мерзімі - 100 жыл
Г - 2014 жылы салынған тұрғын үйдің 1 шаршы метрін пайдаланудың, күрделі және ағымдағы жөндеудің, бір жылғы шығын сомасы - 0 тг.
Р - тұрғын үйді күтіп ұстауға қажетті төлемдер сомасы (айына 1 шаршы метр үшін, теңге)
А-тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақы мөлшері (1 айға 1 шаршы метр үшін, теңге);
Есептеу формуласы:
2014 жылы салынған жалға берілетін үйлер үшін:
Р=Г:12:Е
Р=0:12:70=0 тг
А=Ц:Т:12+Р
А=80000:100:12+0=66,6 тг
1 айға 1 шаршы метрінің жалдау ақысының мөлшері – 66,6 теңге.

Қолданыстағы